«Хан дойбысына» қырын қараған қандай кісі?

«Хан дойбысына» қырын қараған қандай кісі?

 Неге екенін қайдам, басқаға еліктеп, жақсылы-жаманды дүниесін тез қағып алуға бейім болғанымызбен, өзіміздің ұлттық бояуы қанық дүниелерімізді дәріптеуге келгенде салақтық танытамыз. Соның ішінде кейінгі кездері ұлттық ойындарымыздың көбісінің дәріптелмек түгіл, ұмытылып бара жатқаны жасырын емес. Осы орайда айта кетер жайт –Олимпиада ойындарының бағдарламасындағы кейбір ойындар жекелеген елдердің ұлттық ойындары. Олар ұлттық ойындарын әлемге паш етіп ұлықтауының арқасында әлемдік дәрежеде ойналатын ойынға айналдырып отыр. Осылайша басқа жұрттар барын бағалап, тіпті ұлттық ойындарының Олимпиада аясында ойналуына мүдделілік танытып, дүбірлі додаларға қатыстыруға тырысса, біз тіпті ұлттық ойындарымызды өз елімізде кеңінен тарата алмай отырмыз.
Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ


Жалпы, қазақтың ұлттық ойындарының негізгілерінің өзі жүзден астам екен. Алайда ұйымдастыру шараларының жоқтығынан бүгінде ұлттық ойындарымыздың кейбірі ұмытылып та кеткен. Солардың бірі – «Хан дойбысы». Негізгі атауы – «Қазақтың дана би дойбысы». Бірақ ойынның аталуы халыққа түсінікті болуы үшін «Хан дойбысы» атауы берілген. Жалпы, аталмыш ойын зияткерлік ойын түріне жатады. Яғни адамның ойлау қабілетін, ой-өрісін дамытуға арналған. Ойынның осындай артықшылығынан болса керек, кезінде бұл ойын мемлекет тізгінін ұстаған хандар мен билердің арасында кеңінен таралған. Көбінесе ел тізгінін ұстағандар ғана ойнаған. Кейінгі кездері бұл ойын жайлы жазбалар Отырар, Жетісу қазбаларынан табылған. Ойынды зерттеушілер оның тас дәуірі кезеңінен бастап ойнатылғанын да дәлелдеген. Ал бүгінгі күні бұл ойынды «Хан дойбысын дамыту» ұйымы қайта жаңғыртып жүр. «Хан дойбысы» ойынының жаңғыртушысы, Әнуар Қабдолдаұлы: «Бұл ойын – демократия ойыны. Ойын шарты бойынша ханның қарашаға кей кездері билік жүргізуге хақы да болмауы мүмкін. Ал шахмат ойынында шахтың билігі бәрінен үстем тұрады. Бұл ойынның шарты бойынша ойға ерік бере отырып, қарашаның үлкен жетістікке жетуіне де мүмкіндігі бар. Ең бастысы – ойыншының зеректік қабілеті, ой еркіндігі», – дейді. Алайда осындай ойналу ережесі ерекше ұлттық ойынның халық арасына кең тарауына кедергілер көп кездесіп жатқан көрінеді.

Әнуар ҚАБДОЛДАҰЛЫ, «Хан дойбысы» ойынының жаңғыртушысы:
– 2005 жылдан бастап «Хан дойбысы» ойынын ұлттық спорт түрлерінің қатарына енгізу үшін жүгірдік. Алайда тиісті орындар тарапынан қолдауға ие бола қоймады. Кейін Қайрат Жақияұлы атты жанашыр азаматты кездестірдік. Ол кішкентай кезінде осы ойын туралы аталарынан естіп өскен екен. Осы құлақта қалған естеліктері себеп болып, ұлттық ойынымызға демеуші болуға келісті. Сол кісілігінің демеушілігі арқасында ойынның авторлық құқын қорғап, ұлттық ойынымыз екенін дәлелдеуге мүмкіндік туды. Осылайша ойынның барлық құқын қорғап келгенмен, ҚР Спорт және туризм министрлігі мойындамай қойды. Сосын Елбасының атына хат жазуға мәжбүр болдық. Көп ұзамай Елбасы тарапынан қолдауға ие болып, 2008 жылдың қаңтар айында ҚР Спорт және туризм министрлігінде қазақтың дәстүрлі ойыны болып танылды. Және осы жылдан бастап қаржыландыруға ие болып, халық арасында кеңінен таратылу жұмыстары жүргізілуі керек еді. Алайда әлі күнге бұйрық бұйрық күйінде ғана қалып келеді. Министрлік «Хан дойбысын» дәстүрлі ойын ретінде мойындағанмен, жанашырлық танытуға құлық танытпай отыр. Осыған қарамастан, әліміз келгенінше өз бетімізше жоғары оқу орындары мен ынталы азаматтар арасында «Хан дойбысы» ойынының сайыстарын өткізіп, ережелерін үйретіп келеміз. Және жарыс жеңімпаздарын құр темір кубокпен емес, қазақи ұлттық бұйымдармен марапаттауды әдетке айналдырған едік. Алайда осының өзі Спорт және туризм министрлігіне ұнамай отыр. Біз домбыра, торсық, қамшы, қобыз, қазақы үйдің мүсіндерін сыйлау арқылы ұлттық идеологияны жарыс жеңімпаздарының бойына сіңіруді мақсат еткен едік. Бүгінде Спорт министрлігі осыны сылтауратып, ұлттық ойынымызды кеңінен таратуға қаржы бөлмей отыр. Яғни «темір-терсек алып тақсаң, дауымыз жоқ, ал ұлттық бұйымдарды сыйлауға қаржы бөлмейміз» дейді. Олардың айтуынша, сайыс жеңімпаздарына сыйланатын сыйлықтар тендер бойынша белгіленіп қойылған. Соларды ғана сыйлауға құқымыз бар көрінеді. Осы секілді кедергілер ұлттық идеологиямыз бен ұлттық ойындарымызды дамытуға кедергі болып отыр. Үндістер шахматымен, орыстар дойбысымен мақтанса, бізге де «Хан дойбысы» ойынымен мақтанатын кез жеткен еді. Әзірге «қолдың қысқалығы» мүмкіндік бермей отыр.

Әнуар ағаның айтуынша, ұлтымыздың төл ойынының бірінің тағдыры осындай екен. Өзіміздікін өзекке теуіп, өзгенікін көкке көтере отырып, ұлттық құндылықтарымызды жоғалтып жатқанымызды қашан түсінер екенбіз?!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста