UFC чемпиондығына үміткер болған италиялық файтер Марвин Веттори жаппай төбелеске қатысты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Милландағы бокс турнирі кезінде болған.
Веттори The Italian Dream шарасына рэпер досы Тони Эффимен бірге келген, Тони залда ION лақап атты хип-хоп орындаушы және кәсіпқой боксшы Нгуале Илунгамен төбелес шығарған.
Төбелестен Веттори де сырт қалмай Илунганы ту сыртынан бірнеше рет ұрады. Алған соққылардан боксшы жерге құлады.