Букмекерлік: бұл не қылған кәсіп?

Букмекерлік: бұл не қылған кәсіп?

Жақсы ма әлде жаман ба, өздері шеше жатар, бірақ ашығын айту керек, бүгінде спортсүйер қауымның көбісі букмекерге айналып барады. Тіпті спортқа икемі барлар да, икемі жоқтар да букмекерлік орталықтарға барып, өзі таңдаған командаға бәс тігеді. Осы орайда, букмекерлердің бір күндік өмірін бақылап қайту үшін Алматыдағы букмекерлік орталықтарды аралап қайтқан едік.

250 мың теңгесінен айырылған студент
Негізі, букмекерлерді екіге бөліп қарастыруға болады. Біріншісі әуесқойлар болса, екіншісі – кәсіпқойлар. Әуесқойлар «ставка» қойғанда, көбіне қайсысы танымал, қайсысы мықты, соған бәс тіге салады. Сондықтан бұлардың «ставкалары» көп жағдайда шыға бермейді. Бұл топтағылар көбінесе студенттер қауымы болып келеді және олар бәске көп ақша тікпей, 500-1000 теңгемен ғана шектеледі. Ал нағыз букмекерлерді әңгімеге тарту қиын. Олар көбіне «сәттілікті шошытып алмайын» деген ырыммен «ставка» тіккен қағаздарын бөтен көзге көрсетпейді. Және де белгілі бір командаға немесе спортшыға бәс тіккенде жан-жақты зерттегеннен кейін ғана шешім қабылдайды.
Әлбетте, түсініп отырған боларсыз, кәсіпқой, әккі букмекермен сөйлесу оңай болған жоқ. Сондықтан олардың бірін әңгімеге тарту үшін алдымен әуесқой букмекерлерден тәжірибе жинақтап алу керек болды.

Букмекерлік кәсіп сонау Рим империясы тұсында пайда болған. Алғашында «ставка» тек ат жарыстарына ғана қабылданатын. Кейін оған қораздар төбелесі қосылды. Ал ХІХ ғасырдан бастап спорттың кез келген түріне бәс тігіле беретін болды.

Сенбі, яғни Еуропада ұлттық біріншіліктер өтіп жатқанға ма, букмекерлік орталықтың іші жастарға толы болды. Көбінің айтатыны: «бүгін «Реал» ұту керек. «Барселонаға» тіксең өкінбейсің. «Руни осы жолы міндетті түрде жеңеміз» деген. «Ливерпульге» сенім жоқ» деген сынды әңгімелер. Ақырындап біреуін әңгімеге тарта бастадым. «Ставка» тігіп жүргеніне көп бола қоймаған студент екен. Ең алғаш 500 теңге тігіп, 7500 теңге ұтып алғанын айтып мақтана бастады. Дегенмен әңгімесінен байқағаным, ұтқанынан ұтылғаны көп сияқты.
– Алғашында тіпті спортқа да қызықпайтынмын. Бір күні досым осы жерге ертіп келді. Оның 200 теңге беріп, 3 мың қылып қайтарып алғанын көріп, қызығып кеттім. Артынан өзім де бәс тіге бастадым. Бірінші күні-ақ 7 500 теңге ұттым. Алайда одан кейін ұта алмай қойдым. Мен тіккен командалардың барлығы ұтылып қала береді. Өткен жолы «Челси» ұтатын шығар деп бүкіл стипендиямды тігіп жібергем. Ұтылып қалдым. Үйден ақша сұратуыма тура келді.

Ислам дінінде өсіммен ақша алу үлкен күнәлардың біріне жататындықтан, ислами мемлекеттерде бұл кәсіпке рұқсат етілмейді.

Алайда оның жарасы келесі кейіпкерімізбен салыстырғанда жеңілдеу екен. Өзін Айдос деп таныстырған әуесқой букмекердің бірі кезінде әке-шешесі «оқуға төле» деп жіберген 250 мың теңгесін «ставкаға» тігіп жіберіпті.

Баласының болашағына алаңдаған букмекер
Егер басқа амалын қарастырмасам, кәсіпқой букмекерлерді сөзге тарта алмасымды түсініп, өзім де «ставка» тігуге бел будым. Сөйтіп, алдына неше түрлі спорттық газет-журналдарды жайып тастап, шұқшиып қарап отырған егде жастағы кісінің жанына жақындадым. Өтірік білмегенсіп, көмек сұрап көрдім. Менің басқа пиғылмен қызығушылық танытып отырғанымды сезбесе керек, әлгі кісі шын көңілмен түсіндіре бастады. Сұрастыра отырып, есімін де, атқаратын қызметін де біліп алдым. Қ. есімді бұл кісі Алматыдағы фирмалардың бірінде шопыр болып жұмыс жасайды екен. Аз-кем әңгімеден кейін өзінің қалайша букмекер болып шыға келгенін айтып берді.
– Біз «ставканы» көбіне досым екеуміз тігеміз. Егер менікі шықпай, оның «ставкасы» шықса, онда ол маған көмектесіп жібереді. Сөйтіп, бір-біріміздің артымызды жауып отырамыз. Және де бәс тіккенде мына жастар секілді көп командаға бір-ақ тікпейміз. Бұлар 10-15 команданы жинақтап алып, 500-ақ теңге тігеді ғой. Ал біз ішінен «ұтады-ау» деген бір-екеуін іріктеп аламыз да, кем дегенде 20 мың теңге қоямыз. Бірақ есімде, ең алғаш «ставка» қойғанда досымнан қалмайын деп 50 мың теңге тіккенмін. Ұтылып қалдым. Ол кезде теңге құнды болатын. Үйде әйеліммен де ұрыстым.

Тұңғыш букмекерлік орталық Ұлыбританияда пайда болған. Ал Қазақстанды бұл кәсіп 90-жылдардың басынан бастап, толық дендей бастады. Бүгінде елімізде 60-тан аса букмекерлік орталықтар бар көрінеді.

Бірақ артынан үйренгеннен кейін қолым жүріп кетті. Мәселен, өткен жылы қыста «ставкам» күнде шығып тұрды. Алматыдағы бүкіл «Олимпті» жылаттым. Соның арқасында ұлыма Lexus RХ 300 көлігін әпердім. Талғар жақтан жер алдым. Үйіме еуроремонт жасаттым. Қазір әйелім керісінше, егер «ставка» тікпесем ұрысатын болды. «Шопыр болып, алатын айлығың 60 мыңнан аспайды. Одан да букмекер болып, пайда тап!», – деп миымды ашытты. Бірақ шыны керек, «менің ауруым балама жұғып кете ме» деп алаңдаймын. Құмарлықтың ең жаманы осы ғой. Сондықтан бәс тігетін командаларымды зерттегенде үйдегі интернетті емес, сырттағы интернет кафелерді пайдаланам, – деп ағамыз ішіндегісін жайып салды. «Ал ең ірі ұтысыңыз қанша болды?», – деген сұрағыма рахаттана жауап берген ол, өткен қыста 500 теңге бәс тігіп, 500 коэффициент жинап, 1 миллин 900 мыңнан аса ақша ұтқанын құлшына айтып берді.
Дегенмен көпшілік букмекерлердің айтуынша, биыл бәс тігуден түсіп жатқан пайда аз көрінеді. Өйткені Еуропа біріншіліктерінің ойындары қандай нәтижемен аяқталатынын тап басып айту мүмкін болмай бара жатқан көрінеді. Әдетте жеңіп жүрген «МЮ», «Челси» сынды командалардың өздері де жарға жығып кетулері мүмкін екен. Сондай-ақ букмекерлік орталықтарда футболдан ел чемпионатында өнер көрсететін футболшылар да жиі бой көрсетіп қалады екен. Тіпті ұлттық құрамамыздың белді ойыншыларының кейбірі букмекерлік орталықтардың «құрметті қонақтарына» айналып үлгеріпті.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста