Спорт пен өнер егіз еді...

Спорт пен өнер егіз еді...

Қазақ халқы бұрын өнерді алаламаған, бөліп-жарып жіктемеген. Бәрін бірдей бағалаған. Спортты да өнердің төресі санап, дәріптеген. Спортты өнерден бөліп тастап отырған – мына заман. Яғни ғарыш пен атом заманы, компьютер дәуірі.

Баяғыда қазекем бір тойласа «отыз күн ойын ойнап, қырық күн тойын» жасайтын. Сонда тек ән айтып, айтысумен шектелмейтін. Мұндай той-томалақта жан-жақтан ағылған ел балуандарын белдестіріп, тұлпарларын бәйгеге салып, көкпар тартып, мәре-сәре болатын. «Қыз қуу», «аударыспақ», «теңге ілу», «жамбы ату» және тағы да басқа ұлттық спорт түрлерінің қызығына батып, той-томалақтарының ажарын аша түсетін. Ал қас қарайып, кеш батса, «алтыбақан» теуіп, «ақсүйек» ойнап, бой сергітетін. Той-томалақ тұрмақ, қазақтың ас беру салты да бәйгесіз өтпейтін. Бұл сөздерімізге көнеден желісі үзілмеген халық ауыз әдебиеті мен оның жазба нұсқалары дәлел бола алады.

Содан соң балуандар тек ортаға шығып күреспей, төрде отырып та күш сынасатын болған. Мысалы, бір жағында отырған балуанды екіншісі орнынан тұрмай-ақ көтеріп алып, екінші жағына отырғыза салатын болған. Қарсыласын орнынан қозғай алмай, қара терге түсетіндері де болған.

Ұлттық спортын жоғары бағалап, дәріптей  білген қазақ сом білекті балуандарын күміс көмей әншілері мен суырып салма ақындарынан титтей де кем санамайтын. Балуандары әйгілі әншілерімен және айтыскер ақындарымен бірге жүретін. Атбегілері мен шабандоздары да көпшілік назарынан тыс қалмайтын. Гастрольге шыққан әртістердей олар да ел аралап, той-томалақтың сәнін келтіріп жүретін. Олар да той-томалақты ұйымдастырушы белсенділердің аузынан түспейтін, көздерінен таса қалмайтын.

img_0121

img_6458

Кейінгі  жылдары спорт саласындағылар да өнер иелерінен қалыспай, шоу- бизнесті дамытуда. Алуан түрлі шоу ұйымдастырып, спорттың да өнер екендігін дәлелдеуде. Мұндай шоулар тіпті теледидарды жаулап алуда. Мысалы, мұз үстіндегі мәнерлеп сырғанаушылар шоуы. Спорттың осы түріндегі небір үздіктер іріктелініп алынады да, олар көрермендер алдында тартымды етіп өнер көрсетуге (сырғанап шығуға) тырысады. Гимнастикалық шоулар да тамырын жайып барады.

Ал Олимпиада ойындарының ашылу және жабылу салтанаттарын әсерлі етіп ұйымдастыру жетілген үстіне жетіле түсуде. Тіпті дәуірлеп бара жатқаны сондай, мұндай үрдіс енді футбол мен басқа да спорт түрлеріне жайылып барады. Әлем чемпионаттарының, тіпті УЕФА-ның Чемпиондар лигасы додасының финалдық ойындары басталмас бұрын театрландырылған қойылымдар қою әдетке айналып кетті.

Спорт өнерден бөлініп қалып еді, енді спорт өнерді өзіне тартып жатқандай. Болашақта өнер атаулысын өзіне тәуелді етіп қойса да, таңданбаңыз...

Бір анық
Қазір спорт өнерден бөлініп қалып, өз бетінше күнелтуде. Спортшылар бұрынғыдай әншілер сияқты халық қошеметіне ие бола алмай келеді. Тек Олимпиада чемпионы немесе әлем чемпионы болып көзге түскендері ғана халқына қалаулы, еліне елеулі тұлға бола алады. Біле білсек, спортта ерен жетістікке жету мүлде оңай емес. Тек нағыз мықты ғана спорттың ең биік шыңдарын бағындыра алады. Мұнда тамыр-таныстықтың өзі ондай биіктерге шығара алмайды. Тек қас шеберлер мен нағыз мықтылар ғана Олимпиада жүлдегері бола алады. Яғни спортта жұлдызды қолдан жасау әсте мүмкін емес.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста