Шахмат федерациясының басшысы 3 миллиард теңге сұрату үшін бізді президент әкімшілігіне апарды – Бибісара Асаубаева

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Қазақстан шахмат федерациясының президенті Ғалым Құсайынов пен оның орынбасары Дәрмен Сәдуақасовтың ұйымға ақша сұрату үшін спортшыларды Президент Әкімшілігіне алып келгенін айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бибісара Асаубаева 21 маусымда Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаеваның қазақстандық шахматшылармен кездесуі өткізгенін хабарлады. Делегация құрамын Құсайынов пен Сәдуақасов анықтаған. Шахматшының атап өтуінше, делегация құрамына ер азаматтар мен құраманың бас бапкері П.М.Коцур кірмей, тек әйелдер құрамасы кірген. 

Сондай-ақ спортшы кездесу барысында ҚФШ басшысының өзін таныстырып, атын атамағанына реніш білдірді. Алайда, айтуынша ол Аида Балаевамен таныс болған, сондықтан оған ешқандай мән бермеген. 

“Атым аталмады, өзімді сол жерде жоқ адамдай сезіндім. Еленбегенім мейлі, командадағы басқа қыздарға лайықты мінездемелерін берді. Ең соңғы минутқа дейін бізді Олимпиада ойындары үшін министрмен кездесуге алып келе жатқанымызға сенімді болдым. Сөйтсем Дәрмен Сәдуақасов пен оның басшысы Қазақстандық шахмат федерациясының бюрократтары үшін 3 миллиард теңге сұрауға алып келген екен. Осы ұятсыз спектакльдің қатысушысы болғаным үшін ұялып тұрмын. Бүгін басты дайындық болды. ҚШФ басшылығы ертең ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлымен кездесуге премьералық көрсетілімді дайындап жатыр”, – деді ол Instagram парақшасында. 

Ол бұл айтылғандардың Аида Балаеваға қатысты шағым емес екенін атап өтті. Шахматшы президент әкімшілігі басшысының орынбасарына уақыты пен көңілін бөлгені үшін алғысын білдірді. 

“Мен үшін бұл – өте ұят жағдай. Сол үшін кешірім сұраймын. Мен – спортшымын. Спортшы болып қалғым келеді. Мен чемпиондардан "қайыршы" жасауға тырысатын адамдардың әрекетінен ұялудамын. Федерация Президенті мен вице-президентін мойындаудан бас тартамын. Қазақстан құрамасының мүшесі, шахматшы және жедел шахматтан қазіргі әлем чемпионы ретінде федерацияға 3 миллиард теңге қажет емес екенін мәлімдеймін. Ол қаражат Жаңа Қазақстанға керек екеніне сенімдімін", – деп жазды ол.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста