Қызықтың көкесі енді басталмақ

Қызықтың көкесі енді басталмақ

Бокстан Астанада өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында жартылай финалға жолдама алған боксшылардың есімдері белгілі болады. Кеше газетіміздің осы саны қатталып жатқанда барлық салмақ дәрежелеріндегі ширек финалдық жекпе-жектер аяқталды. Ал біз әзірше 48, 54, 60, 69, 81 келі салмақтар мен аса ауыр салмақта жартылай финалға жолдама алған боксшыларға тоқталып өтпекпіз.

48 келідегі ширек финалда осы салмақтың маңдайалды үздігі болып саналатын оңтүстікқазақстандық Біржан Жақыпов пен астаналық Ермек Абдрахишев арасында өте шиеленісті жекпе-жек өтті. Азулы қарсыластан тайсалмаған елордалық былғары қолғап шебері екі раунд бойы терезесі тең деңгейде айқасты. Тек шешуші кезеңде тәжірибесі мол Жақыпов екі ұпай айырмашылығымен жеңіске жетті.

Сол секілді 54 келі салмақ дәрежесінде де көрермен көңілінен шыққан жекпе-жек өтті. Шығысқазақстандық Міржан Рақымжанов пен алматылық Берік Әлімбеков арасында да тартысты жекпе-жек өтті. Мұнда да екі ұпай айырмасымен бір жылдай бокстан қол үзіп кеткен тәжірибесі мол боксшымыз, яғни Рахымжанов жеңіске жетті. Оның жартылай финалдағы ендігі қарсыласы – Арман Жақыпов. Ол да оңай шағылар «жаңғақ» емес көрінеді. Өйткені Жақыпов ширек финалда ұлттық құраманың белді боксшыларының бірі саналатын астаналық Қанат Әбутәліповті қапы қалдырып кетті. Есеп – 13:7.

60 келі салмақта тараздық Ғани Жайлауов қарсылас шақ келтірер емес. Ол Алматыдан келген Руслан Рустамовты айқын басымдылықпен ұтты. Ал бүгін осы чемпионатта барша жанкүйер мен мамандар асыға күткен жекпе-жек өтеді. 69 келі салмақтағы жартылай финалда еліміздің бетке ұстар боксшыларының бірі Серік Сәпиев пен жас талант Рустам Сыбаев ақтық айқас жолдамасын сарапқа салатын болады. Ширек финалда Серік астаналық Нұрбек Мустафинді 8:2 есебімен ұтса, Сыбаев алматылық Аслан Үгірчиевтен мықты екендігін дәлелдеді.

81 келі салмақта ауыз толтырып айтарлықтай қызықты жекпе-жектер өткен жоқ. Тек қарағандылық Асқар Серімов қарсыласын айқын басымдылықпен ұтып, жанкүйер біткеннің қошеметіне бөленді.

Аса ауыр салмақта ақтық сын жолдамасын Иван Дычко мен Рустам Іргебаев сарапқа салатын болды. Кейінгі үш жылда шаршы алаңға шықпай кеткен Рустам – қазір де ұлттық құрама сапынан үмітті. Ол ширек финалда қарағандылық Василий Бондоренконы жеңді. Василий жас боксшы болғанымен, тәжірибе жинақтап қалған әккі жігіт еді. Астана – Гавана жолдастық кездесуіне қатысып, Қарағандыда өткен Ғалым Жарылғапов турнирінің финалына дейін жеткен болатын. Сол секілді Руслан Мырсатаев та бас жүлдеден дәмелі. Ол да жартылай финалға жолдама алды. Ширек финалдық жекпе-жекте қарсыласын өзінің пәрменді соққысымен сұлатып салды.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста