ҚР Ауыр атлетика федерациясының ұжымы қаза тапқан Владимир Седовтың отбасына 5 миллион теңге берілетінін мәлімдеді

Федерация өз-өзіне қол жұмсап қаза тапқан ауыр атлетикадан әлем чемпионы Владимир Седовтың отбасына 5 миллион теңге берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұйым ұжымы спортшының отбасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтты.

"26 маусымда атақты қазақстандық ауыр атлет Владимир Седов дүниеден өтті. Владимир ел спортының дамуына адал қызмет етті. 2008 жылы Олимпиадада 84 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Владимир Седов төртінші орынды жеңіп алды. Өзінің үздік жетістіктері үшін "Құрмет" орденімен марапатталды. Владимир небәрі 35 жаста еді. ҚР Ауыр атлетика федерациясының ұжымы Владимирдің отбасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Жақынымызбен жолдасымыздан айырылу біз үшін орны толмас қайғы", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ федерация Седовтар отбасына бес миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетуге және ұлының тәрбиесіне қажетті қолдау көрсетуге уәде берді.

"Осы жылдардағы біз шеккен шығын барлық спортшылардың үлкен спортты тастаған кезде кездесетін қиындықтарын айғақтайды.Федерация ауыр атлеттер мен спорт ардагерлерін қолдау бағдарламасын әзірлеп, халыққа ұсынады. Оның аясында мұқтаж жандарға қажетті көмек көрсетіледі. Бұл бағдарлама спортшылар мен жаттықтырушыларға қолдау көрсетеді. Федерация биыл тартылған демеушілік қаражаттан он миллион теңге бөледі. Осы күндері Владимирдің туыстары мен достарына қолдау білдірген баршаға алғысымызды білдіреміз", - деп қосты федерация.

Еске салсақ, белгілі ауыр атлет, Қазақстанның төрт дүркін чемпионы атанған Владимир Седовтың өзіне қол салып, қаза тапқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста