Қолында баласы бар адамды соққыға жыққан боксшы Бейбіт Шүменов болып шықты
Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сұнтаев Астанадағы кафеде ер адаммен төбелескен адам боксшы Бейбіт Шүменов екенін растады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
"Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалды. Қазір осы іспен айналысып жатырмыз. Бәрі сараптама арқылы анықталады. Қылмыстық іс қозғалды. Иә, видеодағы боксшы Бейбіт Шүменов. Әзірге сараптаманы күтейік", - деді Сұнтаев.
Еске салайық, бұған дейін Астанадағы ірі сауда және ойын-сауық орталығының фудкортында төбелес болып, қолында кішкентай баласы бар адамға екінші ер адам шабуыл жасағаны хабарланған еді.
Telegram-арналардың бірінің мәліметінше, төбелеске қатысушылардың бірі - қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу