Қазақтың жас боксшылары әлемде бірінші

Қазақтың жас боксшылары әлемде бірінші

Бокстан Болгарияның бас қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында ерен жетістікке қол жеткізген Қазақстан құрамасы туған елге оралды, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.
Жастар арасындағы әлем чемпионатында еліміздің жас таланттары екі алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды. Жігіттер арасындағы дүниежүзілік біріншілікте еліміздің күрзі жұдырықты талантттары төрт жүлдемен (екі алтын, екі күміс) үздік шықты. АҚШ екінші, ал Ресей үшінші орынды иеленді. Куба қабыландары мен Украина ұландары да Қазақстан қырандарына ілесе алмады. Бесінші жүлдені қыздар арасындағы үш салмақтың бірінен алдық.
2002 жылы Кубада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатынан бері саф алтынға қолымыз жетпей, зарығып жүргенімізді жазғанбыз. Биыл, сол олқылықтың орнын толтырдық.
Осы ретте, жастар арасындағы әлем біріншіліктеріндегі жеткіншектерінің нәтижелеріне көз жүгіртіп өткеніміз артық болмас:
1994 жыл, Түркия – 5 қола медаль; 10-орын командалық есепте;
1996 жыл, Куба – 1 күміс, 1 қола; 5-орын;
1998 жыл, Аргентина – 1 алтын, 2 күміс, 3 қола; 4-орын;
2000 жыл, Венгрия – 1 алтын, 3 қола; 6-орын;
2002 жыл, Куба – 1 алтын, 2 күміс, 1 қола, 3-орын;
2004 жыл, Оңтүстік Корея – 3 қола, 12-орын;
2006 жыл, Марокко – 3 күміс, 1 қола, 7-орын;
2008 жыл, Мексика – 2 күміс, 9-орын;
2010 жыл, Әзірбайжан – жүлдесіз қалғанбыз;
Былтыр Ереванда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында да көңілге қонымды нәтижеге қол жеткізе алмағанбыз. Дәулет Байғабатов 75 келі салмақта үшінші орынға ие болып, бір қоланы қанағат қылғанбыз.
Содан ҚР бокс федерациясының президенті Т.Құлыбаев неліктен жастар арасындағы көрсеткіштеріміздің төмендеп кеткенін саралауды және қорытынды шығаруды тапсырған болатын.
Біздің мамандар төменнен бастады. Өткен жылы қыркүйекте, Киевте өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына ерекше мән беріп, жас өрендеріміз 2 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды. Әрі жалпы командалық есепте үшінші орынға ие болды.
Осыдан кейін жастар арасындағы құраманы дайындауға көңіл бөлінді. Ұлттық құраманың резерві болып табылатын құрамаға тәжірибесі мол Ғалымбек Кенжебеков жауапты болып бекітілді. Білікті маман өз шәкірттерімен әуелі құрлық біріншілігінде көзге түсті. Субик-Бейде (Филиппин) өткен Азия чемпионатында жас боксшыларымыз 4 алтын, 1 күміс медаль еншілеп, командалық есепте топ жарды.
Сол кезде Ғалымбек Қалиұлы «біздің боксшылардың техникалық шеберліктері жоғары екендігін, бірақ дүнижүзілік рингтегі жұдырықтасу өнерінің жабық боксқа айналып, қорғанысқа көп көңіл бөлетіндігін, сол себепті шеберлігі мол боксшылардың өз қабілеттерін толық жүзеге асыра ламй жүргендіктерін» нақтылап берген болатын.
Әрі Қазақстан боксшылары оның да қисынын тауып, жағдайды өзгертетіндігін тілге тиек еткен. Міне, жағдай өзгерді. Жастар арасында да Қазақстан боксшылары үздік шығып, көш бастап отыр. AIBA тіпті «Алматы да өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында қазақ боксшылары үстемдік құрып, теңдессіз танылған, енді міне жастар арасында да топ жарып отыр» деп атап өтті.

Жеңісіміз ұзағынан, баянды болғай!
Жастар арасындағы әлем чемпионаты. 2014 жыл, София (Болгария)
Алтын – Шалқар Айқынбай (49 келі), Абылайхан Жүсіпов (60 келі);
Күміс – Сұлтан Зауырбек (56 келі), Вадим Казаков (81 келі);
Қола – Алуа Балқыбекова (51 келі).

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста