Қазақстандық ауыр атлет Олимпиаданың ақшалай жүлдесі төленбегені үшін министрлікті сотқа берді

Қазақстандық ауыр атлет Олимпиаданың ақшалай жүлдесі төленбегені үшін министрлікті сотқа берді

Қазақстандық ауыр атлет Денис Уланов Олимпиада ойындарындағы нәтижесі үшін төленетін қаражатты толығымен бермегені үшін Мәдениет және спорт министрлігін сотқа берген еді. Сот үкімі спортшының тарабына шешілді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында Уланов 85 келіге дейінгі салмақта төртінші орын алды. Бұл үшін оған 30 мың доллар сыйақы төленген. 

Бірақ 2016 жылдың желтоқсанында румын Габриэль Синкреян допинг қолданғаны үшін жарыстан шеттетіліп, қола жүлде ресми түрде Улановқа өткен еді. 2018 жылдың қараша айында Ашхабадта өткен әлем чемпионатында IWF президенті Тамас Ажан қазақстандыққа көптен күткен жүлдені табыс етті.

Қола жүлдеге байланысты 2021 жылдың 9 тамызында Ұланов Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне ақшалай төлемдердің көлемін қарауға өтініш білдірді. Себебі үшінші орын үшін 75 мың доллар берілуі тиіс еді. Алайда спортшыға белгіленген сома төленбеген. Кейін спортшы сотқа жүгінген. Ол бірінші отырыста жеңіске жеткенімен, қарсы тарап шешімге шағымданған.

"Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 10 наурыздағы қаулысы, Нұр-Сұлтан қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 31 мамырдағы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын", – деді Жоғарғы Соттың әкiмшiлiк iстер жөнiндегi сот алқасы.

Мәдениет және спорт министрлігі ауыр атлетке 45 мың доллар төлеуі керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста