Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығы есеп беру жиынын өткізді

Астанада Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығының есеп беру конференциясы өтті. Оған кейбір аймақтардан облыстық спорт және дене шынықтыру басқармаларының өкілдері де келіп қатысты, деп хабарлайды "Алаш айнасы".

Пікір алмасу

Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығы өз Жарғысына сәйкес жыл сайынғы есеп беру жиынын өткізді. Бір күнді толық қамтыған конференция бағдарламасы бойынша түске дейін облыстық спорт және дене шынықтыру басқармаларының және спорт түрлері федерацияларының баспасөз қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Бұл басқосу ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Штаттағы ұлттық командалар және спорттық резерв дирекциясының ғимаратында ұйымдастырылды.

Аталған дөңгелек үстелге Қарағанды, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарының спорт және дене шынықтыру басқармаларының жетекші мамандары келді. Сондай-ақ, бокс, таеквондо және дзюдо федерацияларының баспасөз қызметкерлері қатысты.

Пікір алмасу барысында аймақтардағы өзекті мәселелер ұзақ талқыланды. Аймақтармен тығыз байланыс қалыптастарудың оңтайлы жолдары сараланды. Әрі оларға республикалық беделді басылымдармен ынтымақтастық орнату жолдары жайлы кеңес берілді.

Әр облыс орталығына сыралғы спорт журналистерін жіберіп, жергілікті тілшілермен тәжірибе бөлісу мәселесі көтеріліп, оны жүзеге асыру жолдары таразыға тартылды.

Спорт федерацияларының баспасөз қызметкерлерімен де көптеген өзекті мәселелер қаралды. Халықаралық және республикалық чемпионаттар және турнирлер ұйымдастырылғанда, спорт журналистеріне жағдай жасап, ғаламтор желісіне қосылу мүмкіндіктері ескерілуі қажет екендігі тілге тиек етілді.

Әр федерацияның Астана мен Алматыдан бөлек, еліміздің басқа аймақтарында ұйымдастырған маңызды біріншіліктері мен турнирлерін ұтымды насихаттау жолдары таразыланды.

Есеп беру жиыны
Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығының есеп беру жиыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінде өтті. Онда Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығының президенті Ілияс Омаров өзінің бір жылдық жұмысы жайлы есеп берді. Одан соң Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығының есеп беру жиынына қатысушылар дауыс беріп, Ілияс Омаровтың бір жылдық жұмысы "қанағаттанарлық" деп бағаланды.

Бұдан кейін Қазақстан спорт журналистеріне бөлінетін Рио Олимпиадасының квотасы 12-ге жеткендігі (біреуі атаулы лицензия), әрі сәуір айында тағы да қосымша квоталардың бөлінуі тиіс екендігі ресми түрде мәлімденді. Қазақ спорт журналистикасының көрнекті ардагері Несіп Жүнісбайұлы мұны "ерен жетістік" деп бағалап, Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығының соңғы жылдардағы жұмысын өте жоғары бағалады.

Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығының есеп беру жиынында спорт журналистерінің осы квоталарын ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің басшыларымен бірге саралап, бөлуді өз жоспарларына енгізді. Аталған үш жақты кездесуды ақпан айының ортасында өткізу жобаланды.

Жалпы, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар тізімі түзіліп, жылдық жоспар талқыланды. Содан соң 1-4 наурыз күндері Парижде өтетін Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығының (AIPS) 78-ші Конгресіне қатысатын делегеция құрамы бекітілді.

Атқару комитеті құрамын екшеді

Ең соңында Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығының Атқару комитеті өз жұмысын жалғастырды. Онда Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығының Жарғысына толықтырулар енгізу дауысқа салынды.

Сондай-ақ Атқару комитетінің құрамында өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, қазіргі қауырт жұмыстарына байланысты өз еркімен Атқару комитетінің құрамынан шыққан журналистің орнына ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысы Қайрат Әбілдинов бір ауыздан сайланды (дауыс беру арқылы).

Соңғы бір жылда Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығының жұмысына салғырт қараған екі адамға Атқару комитеті ескерту жариялап, біреуіне соңғы мүмкіндік берілді. Таратып айтқанда, нақты тапсырма беріліп, оны орындауға екі ай мерзім берілді.

Осымен Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығының есеп беру конференциясы өз жұмысын аяқтады.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста