Қапшағайда – «қансыз» төбелес

Қапшағайда – «қансыз» төбелес

Қапшағайда ережесіз жекпе-жектен халықаралық турнир өтті. Ашық аспан астында күш сынасқан батырлар сегіз салмақтың мықтысын анықтады.
Қапшағай жағалауына Қазақстанның жұдырықты жігіттерінен бөлек, Қыр­ғызстан, Өзбекстан, Ресей, Әзірбайжан және Ингушетиядан ережесіз жекпе-жектің шеберлері келіпті. Енді дүбірлі доданың қорытындысына тоқталсақ. Ең жеңіл салмақтағы жерлесіміз Қайрат Ахметов финалдық кездесуде қырғыз Аб­дурашит Жолдошбайұлын қылғындыру әдісімен ұтып, жеңіске жетті. 60 келіде қазақстандық Аслан Тоқтарбаев тағы бір айыр қалпақты ағайынды – Руслан Няз­ахоновты техникалық нокаутпен ұтты. 65 келідегі ақтық сында қос қазақстандық бас жүлдені сарапқа салды. Алматылық Ержан Естанов шым­кент­тік Құдайберген Ордабаевтан басым түсіп, турнир чем­пионы атанды. 70 келі салмақтың мық­тысы өзбекстандық Аюбхан Камалов пен жарыс қожайыны Қуат Хамитов арасында анықталды. Негізгі уақытта бірін-бірі ала алмаған қарсыластар төреші қосқан қосымша уақытта төбелесті. Нәтижесінде 2:1 есебімен өзбек Аюбхан Камалов жеңіске жетті. 77 келіде әзірбай­жандық Махир Мамедовтің бағы жанды. Сосын супер жекпе-жек аталған ауыр салмақтағы спортшылардың бәсекесі өтті. Алдымен қазақстандық Есалы Абдуллаев пен ресейлік Игорь Свирит кездесті. Есалының соққысы жойқын екен, толассыз ұрғылап, қарсыласын есінен тандырып тастады. Өзбек Әзизбек Рахимов пен ресейлік Руслан Авдеев өзара мықтыны анықтап, нәтижесінде орыс жігітінің жолы болды. Ең соңғы болып Төлеген Ақылбеков пен ресейлік Виталий Опарин шеберлік байқасып, ұпай санымен қазақстандық спортшы жеңіске жетті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста