«ОРДАБАСЫНЫҢ» МАҚСАТЫ - ЕУРОПА ЛИГАСЫ...

Футболдан Қазақстан Республикасының ХХІІІ чемпионатының басталуына санаулы күндер қалды. Премьер-лигада өнер көрсететін 12  команда қыс бойы жаңа маусымға дайындалды. Өткен жылы бесінші орынға тұрақтаған Шымкенттің «Ордабасы» командасы да жаңа маусымға тыңғылықты дайындық жүргізді. «Алаш айнасы» сіздерді «Ордабасы» командасының жаңа құрамымен таныстырады.
Шымкент жұртшылығына бірінші рет кубокті және суперкубокті алып берген бапкер биыл да «Ордабасыны» биік белестерге жетелейді. Командамен келісімшартты тағы бір жылға ұзартқан ол қысқы оқу-жаттығу жиындарында жергілікті және шетелдік футболшыларды әбден зерттеп, сынақтан өткізді. Додаға жарамайтындарын бірден шығарып тастады. Жарайтындарын қосымша сынақтан саралаған соң командаға қабылдады. Дегенмен, «Ордабасының» былтырғы құрамының 70-75 пайызы сақталып қалды. Өйткені, жыл сайын топырлатып ойыншы ауыстыра беру команданы күшейтудің орнына төменге тартатыны түсінікті.
Ордабасының Түркиядағы оқу-жаттығуы да сәтті аяқталды. Ондағы төрт кездесуде алдымен Сауд Арабиясының «Аль-Иттихадынан» 1:6 есебімен ұтылса, қытайлық «Шанхай Шэньхуаны» 2:1 ұтты. Ирактық «Нафт Аль-Джанубымен» 1:1, ал Украинаның «Ворскла» клубымен 0:0 есебімен тең түсті. Екінші жиында Пасулько шәкірттері Украинаның «Ильичевец» командасынан 1:2, Чехияның «Млада Болеслав» клубынан 2:4 есебімен жеңіліс тапты. Ал, Германияның «Динамо Дрезден» командасы жастарынан 3:1 есебімен басым түсті. Венгрияның азулы «Уйпештімен» 2:2 болып тең тарқасты. Түрік жерінде өткен үшінші оқу-жаттығу жиынында шымкенттіктер Ресейдің атақты «Динамосынан» 1:3, Украинаның «Сталь» клубынан 1:2 есебімен ұтылды. Ал, Самараның «Крылья Советов» командасынан 0:1 болып жеңілді. Бұл кездесу ауа райының қолайсыздығынан 30 минутта аяқталғанын да айта кеткен жөн. «Ордабасы» аты беймәлім емес, атақты командалармен шеберлік байқасқан. Осы тартысты кездесулерде А.Нұрғалиев, Қ.Әшірбеков, Д.Тәжімбетов, Э.Юнузович мергендігімен көзге түсті. Жас футболшы  Е.Тұңғышбаев пен бас бапкермен тіл табысқан А.Касьянов та шеберлігімен дараланды. Әсіресе, М.Төлебектің қадамы қуантады. Ол бірнеше рет гол салып, негізгі құрамға лайық екендігін дәлелдеді.
Біреулер кетер біреулер келер...
Иә, жеңісі мен жеңілісі көп жасыл шымдықтағы өнер көрсеткен шетелдік ойыншылар да отандық клубтармен  арадағы келісім аяқтағасын өз отандарына қайтып жатыр. Ал, сапқа жаңадан қосылып Ордабасы командасын өрге сүйрейміз деп ниет еткен ойыншылардың да шоғыры мол. Әуелі, биыл командадан М.Гуйе, К.Бабатунде, М.Арури, А.Лопестар хош айтысса,  Р.Пахолюк, М.Мұқашев, А.Карпович, Д.Сыдықбек, Г.Мальцев, Д.Чагелишвили, Д.Белич және С.Жұмахановта өзге клубтарға табан тіреді. Дегенмен, бұл футболшылар «Ордабасының» мықты клубқа айналуына өз үлестерін қосқандығын өткен жылғы Ел лигасындағы ойындардан көріп байқауымызға болады.
Міне, «сен тұр да мен атайын» деген А. Нұрғалиев, Қ. Әшірбеков, М. Мұхтаров, Т. Адырбеков, А. Григоренко, Э. Юнузович, Э. Мвесигва сынды көшбасшылар биыл да «Ордабасыны» тың белеске көтерері анық.
Клуб президенті Берік Омарбеков тек үздік футболшыларды шақыруға құлшынып, қорғаныс шебіне 30 жастағы тәжірибелі серб жігіті М.Лазаревичті алдырды. Ол Сербия, Бельгия және Украина біріншіліктерінде өнер көрсеткен тәжірибелі футболшы. 1988 жылы туылған сенегалдық жартылай қорғаушы А.Диакате де енді «Ордабасының» намысын қорғайды. Былтыр «Тараздың» көшбасшыларының бірі болған Абдулай да ортамызда. Ресейдің бірнеше клубында, сондай-ақ Алматының «Қайратында» ойнаған 33 жастағы Қ.Гетериев те клуб жейдесін киіп үлгерді. Мамандар пікіріне сүйенсек, ол клубтан кеткен  Карповичтің орнын басыуға лайық көрінеді. Кезінде «Ордабасы» сапындағы сұр мерген Д.Тәжімбетов клубқа қайта оралды. Ал, шабуыл шебін чехиялық легионер П.Черны да толықтырды. Былтыр «Ақжайықтың» сапында тер төккен футболшы 89-шы нөмірмен өнер көрсетеді. Командаға жас қақпашы Т.Қаленов пен қорғаушы Е.Тұңғышбаев және «Ертістен» оралған Г.Суюмбаев қосылды.

“Ордабасы» командасының 2014 жылғы ел біріншілігіндегі құрамы:

Қақпашылар: 
№1. Александр Григоренко          06.02.1985    182  75
№35.Талгат Қаленов                      12.02.1991     182   78 
№32.Самат Отарбаев                    18.02.1990     193  81

Қорғаушылар:
№4. Мухтар Мухтаров                       06.01.1986    188  79
№5. Гафуржан Суюмбаев              19.08.1990    172  67
№14.Эндри Мвесигва                      24.04.1984    182  76    Уганда
№21.Еркебұлан Тұнгышбаев        14.01.1995   180  65 
№44.Младен Лазаревич                 16.01.1984    189  82    Сербия
№55.Фархадбек Ирисметов          10.08.1981    183  76
№77. Талғат Адырбеков                  26.01.1989    176  71

Жартылай қорғаушылар:
№6.Піралы Алиев                          13.01.1984     185  75
№7. Азат Нұрғалиев                      30.06.1986     169  64
№8. Бекзат Бейсенов                   18.02.1987     185  74
№10.Кайрат Әшірбеков                21.10.1982    170  61
№12.Артём Касьянов                    20.04.1983    180  69    Украина
№17.Мардан Төлебек                  18.12.1990    174  71
№20. Евгений Лёвин                     12.07.1992     174 70
№25.Абдуллаи Диакате                16.01.1988    181 74     Сенегал
№33.Қазбек Гетериев                   30.06.1985    174 72

Шабуылшылар:
№18.Дәуренбек Тәжімбетов        02.07.1985    187   81
№28.Эдин Юнузович                      28.04.1986    187   85  Хорватия
№39.Максим Фильчаков                28.12.1993    183   77
№89.Павел Черны                          28.01.1985     185  79   Чехия

Бас бапкер — Виктор Пасулько
Бас бапкердің көмекшісі— Қуаныш Қарақұлов
Әрине, Ел лигасынан «ордабасылықтардың» күтері көп. Клуб басшылығы және футболшылар биыл жүлделі орындардың бірін немесе кубокті олжалап, Еуропа лигасына жолдама алуды жоспарлап отыр. Командаға кем дегенде үздік алтылыққа ену міндеті жүктелген. Байқағанымыздай, «Ордабасы» соңғы 4-5 жыл көлемінде күшейіп, негізгі құрамын бекітті. Онда талантты жергілікті жастар жетерлік. Тіпті, бірінші лигадағы «Қыраннан» немесе фарм-клубтан шертіп жүріп қазақтың қарадомалақтарын «Ордабасы» командасына таңдап алуға да мүмкіндік бар.
Виктор Пасулько, Ордабасы футбол командасының бас бапкері:
– Негізі жергілікті футболшыларға үміт артамын. Жастар – болашағымыз. Жергілікті футболшылар мен тәжірибелі легионерлерден жасақталған командадан 15 наурызда Қызылордада «Қайсармен» ойнайды. Ал, 22 наурызда Шымкентте «Астана» командасын қабылдайды.
Айтпақшы, 3-сәуір транферлік терезе жабылғанға дейін командаға тағы жаңа ойыншылар келуі мүмкін. Отандық футбол жанкүйерлерінің назарына жағымды жаңалық ретінде «Ордабасының» www.fcordabasy.kz деп аталатын жаңа сайты ашылғандығын хабардар етеміз. Алдағы уақытта өтер ойындар, жалпы команда туралы  мәліметтерді осы сайттан алуға болады. Алаңдағы 11 ойыншыдан тыс әр жарыста тағы бір ойыншының қызметі зор екендігі тағы бар. Ол—жанкүйерлер. «Ордабасы» десе ішкен асын жерге қоятын Е.Мұқаш, Қ.Шағырай және Ж.Нұрденов бастаған ОРДАфандардың қолдауымен «Техас» фанклубы ресми түрде тіркеліп, өз жұмысын бастады. Жанкүйерлер тек Шымкенттегі ғана емес, «Ордабасының» өзге қалалардағы кездесулеріне баруды да жоспарлауда. Сүйіншілеп айтар болсақ, Қажымұхан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион да жаңартылуда. Бір сөзбен «Ордабасы» футбол командасы бұл маусымда ордабұзар бабында деп айтуға болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста