Мессиге 1,2 миллиард еуро жалақы ұсынылды
Бұл маусымда Месси ПСЖ сапында 40 матч өткізіп, 21 гол салған.
Франциялық "Пари Сен-Жермен" командасының шабуылшысы Лионель Мессиге Сауд Арабиясындағы "Аль-Хилял" командасы екі жылға 1,2 миллиард еуро жалақы ұсынған. Бұл туралы Sn.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Footmercato мәліметінше Мессидің жылдық жалақысы 600 миллион еуро болады. Осылайша ол әлемдегі ең көп жалақы алатын спортшы атанбақ.
Футболшының әкесі Хорхе Месси "Аль-Хилял" командасының ұсынысын құптайтынын айтқан. Тек Месси келіссе, алдағы уақытта "Аль-Насрда" ойнайтын Криштиану Роналдуға қарсы ойын өткізуі мүмкін.
Бұл маусымда Месси ПСЖ сапында 40 матч өткізіп, 21 гол салған. Ал командамен арадағы келісімшарттың мерзімі маусым айында аяқталады.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу