Ескек есу спорты екпін алып келеді

Ескек есу спорты түрлерінен "Қайық" федерациясы БАҚ өкілдеріне арнап, баспасөз мәслихатын өткізіп, онда ескек есу спортының даму барысына тоқталып, өтіп, биылғы маусымды қорытындылайды, деп жазады "Алаш айнасы".
Бұл жиынға "Қайық" федерациясы президентінің кеңесшісі Александр Давыдов, мемлекеттік жатықтырушы Қайсар Нұрмағамбетов және ұлттық команда басшысы Денис Жәрменов қатысады.
Байдарка мен каноэде ескек есу – бүгінгі таңда Қазақстанда қарқынды түрде дамып келе жатқан спорт түрі. Бұған дәлел ретінде таих қойнауына еніп бара жатқан биылғы маусымды көлденең тартуға болады. Ескекшілеріміздің халықаралық аренадағы биылғы көрсеткіштері біршама жоғары болды. Бұл ретте қоңыр күзде Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен ХVІІ жазғы Азия ойындарын атап өтуге болады.
Мысалы, 2010 жылы Гуанчжоуда өткен жазғы Азия ойындарында ескекшілеріміз бірде-бір алтын ала алмаса, 2014 жылғы Азиада додасында бес алтын олжалады. Барлық спорт түрлеріндегі Қазақстан құрамалары ішінде олардың алдын тек алты алған боксшылар ғана орап кетті.
Ескек есу спорты түрлерінен "Қайық" федерациясының 2010 жылы құрылғанын ескерсек, қамшының сабындай аз уақыт ішінде осындай толағай табыстарға қол жеткізу ерен жетістік болып саналады.
Ең бастысы, жас таланттарымыздың ел намысын абыроймен қорғауға жарап қалғандары қуантады. Азия ойындары мен студенттер арасындағы әлем чемпионатына алғаш рет қатысқан 20 жастағы Дәулет Сұлтанбеков, Илья Голендов, Андрей Ергучев және Юрий Березенцев сынды жас тарландарымыз аталған екі дүбірлі додада топ жарып, байдарка-төрттікте жеңімпаз атанды. Осы ретте айта кетуге тиіспіз, бұл – Қазақстанның ескек есу спорты тарихында Азиадада тұңғыш рет 1000 метр қашықтықта һәм байдарка-төрттікте алғаш рет жүлдеге ілігуіміз.
Әлем кубогының кезеңдік жарыстарында байдаркада ескек есуші Инна Клинова күміс және қола жүлде еншіледі. Ал, ұлттық құраманың өзге спортшылары тұрақты түрде финалдық бәйгелерде бақ сынап, үнемі үздік ондыққа ілігіп жүрді.
Енді бір жағымды жаңалық, Оңтүстік Қазақстан облысында ескек есу спортына арналған жаңа базаның құрылысы қызып, аяқталуға айналып келеді. Ендеше, Рио-де-Жанейро Олимпиадасында Қазақстан ескекшілері жүлдеге ілігіп, елімізді қуантады деп үміттенуге негіз бар сияқты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста