Ең мықты спортшылар астматиктердің арасынан шығады...

Ең мықты спортшылар астматиктердің арасынан шығады...

Тарих қойнауына әлдеқашан енген Ванкувердегі XXI қысқы олимпиядалық ойындарда қызық жәйт тіркелді. Норвегиялық шаңғышылар мен биатлонистердің басым бөлігі астмамен ауыратындығы және оларға рұқсат етілмеген дәрі-дәрмектерді пайдаланатындығы көп дау туғызған-тын. Норвегиялық астматиктер әлемдегі ең мықты қарсылас ресейлік спортшылардың алдын орап кеткені жанкүйерлердің ашу ызасын тудырған болатын. Астмаға арналған ингаляторлар мен дәрі дәрмектердің арқасында олар жетістікке жетті деп топшылаушылар көп болды. Қуанышқа әлде өкінішке орай Бүкіләлемдік антидопингтік агенттіктің құжаттарында норвегиялық спортшылапрдың адресіне айтылған уәждердің бос сөз екенін дәлелдеп берді.

Денеге шектен тыс күш түсіру ғалымдардың пайымдауынша спортшылардың астма ауыруына бейімделуіне ыңғай жасайды екен. АҚШ тың Олимпиада комитеті 1984 жылғы Лос Анджелесте өткен олимпиадада 597 спортшының 67- сі астматик екендігі туралы дәйек келтіріпті. 12 жылдан кейінгі Атлантада өткен олимпиадада американдық атлеттердің 20 пайызы астматиктер болған екен. Скандинавия елдерінде соның ішінде Норвегия мен Швецияда соңғы 20 жылдықта спортшылардың арасында астматиктердің неліктен көбейіп кеткені зерттелу нүктесіне айналды. Элиталы-спортшылардың жартысына жуығы демікпе дертінен зардап шегетіні белгілі болып отыр. Норвегияда астмамен ауыратын баланың мықты спортшы болып шығуы қалыпты құбылыс саналады. Мұның бәрі де ауру баладан теріс айналып кетпей жаттықтырған жаттықтырушылардың еңбегі деуге болады. Ал біздің елімізде мұндайды армандауға ғана болады. Өйткені спорт мектептеріне демігіп тұрған баланы алмайды. Ол үшін бұл «өлім жазасымен» бірдей. Сондықтан да спортшыларының жартысына жуығы астматиктер болса да жоғары жетістіктерге жетіп жүрген норвегиялықтардан үлгі алу керек сияқты. Дүниежүзілік антидопингтік агенттікке (ВАДА)-ның астматиктер мәселесін айналып өтпеуге болмайтын-ды. Мұндай аурумен ауыратындар қолданатын дәрілердің құрамында қатаң тиым салынған дәрілер кіреді. Сол себептен де ол дәрілерге рұқсат бермеуге әддісі жоқ. Арнайы зерттеуден кейін ғана рұқсат етіледі. Спортшының бала кезінен бергі барлық құжаттары мұқият тексеруден өтеді. Мұндай өте қатаң тексеруден еліміздің спортшыларының өтуі оңай емес.

Елімізде олимпиадаға баратындардың арасында астматиктер жоқтың қасы. Болса да қатаң тексеруден өте алмайды. Кәнігі мамандардың болмауынан құрама командадағы спортшылар халықаралық антидопингтік қызмет өкілдерімен кәсіби диалогқа бара алмайды. Біздің ел түгілі оған Ресей де қол жеткізе алмай келеді. Тіпті құжатты қалай дайындау қажеттігін білетін мамандар да жоқ. Бұл да басы ашық мәселенің бірі. Әрине олимпиадаға баруды армандамайтын спортшы жоқ. Десе де демікпе дертіне тұсалғандардың тіпті еліміздегі спорт жарыстарына қатысуға кейде мүмкіндігі бола бермейді. Астмамен ауырасың ба демек спорт залдың қасынан аулақ жүргенің жөн. Бұл сауатсыз жаттықтырушылар мен спорт басқармасы маңында жүрген бастықсымақтардың үкімі. Баланың жігерін осылайша құм етеді. Ал қолдан келгенінше қолдау көрсетуге ...жо, жоқ атай көрмеңіз, мойындары жар бермейді. Дайындаған дені сау спортшыларының өзі жоғары нәтижеге қол жеткізе алмай жерге қаратып жатқанда ауру спортшыдан айналып қашатыны анық енді. Бәлкім норвегиялықтар секілді бар ынта ықыласымен астмамен ауыратын балаларды болашақ олимпиадашы ретінде қарап, бала жасынан баптап, қанатын қатайтса бәлкім бес дүркін демей-ақ қояйық, екі дүркін олимпиада чемпионлары шығуы ғажап емес қой...

Астма оңай ауру емес. Спортпен айналыспақ түгілі жәй жүргеннің өзінде ентігіп, тұншығып, ауа жұта алмай демігетін астматиктердің ауруы расында да жанға ауыр тиетін өте қиын аурулардың бірі. Осы дертке тұсалғандардың дертін жеңіп қана қоймай спортта биік жетістіктерге жеткендері жетерлік. Астматиктердің арасынан әлемге әйгілі мықты спортшылар шыққан. Мәселен... Жүзуден олимпиада чемпионы Ребекка Адлингтон бұл аурумен бала жасынан ауырады. Жүгіргенде ентігіп, ауа жетпей қысылатын ол өзіне қолай жаттығуларды ғана жасап, суық мезгілдерде мүлде жүгіруден бас тартқанын айтады. Басқа уақыттарда жүзу бассейндерінде болады. Ал тағы бір жүзу спортының шебері, олимпиада чемпионы Джо Джексон: «ауруды жеңілдету үшін маған стероидтар қабылдауға тура келеді. Бұл қатаң тиым салынған допингтердің қатарына жатады. Дәрілерді қабылдау мерзімі бір аптадан аспайды. Командамызда мықты дәрігер бар, ол менің тыныс алуымды бақылайды, үрейленуден қалай сақтануды, ауруға дәрі дәрмектің күшінсіз қарсы тұруға көмектеседі» дейді. Ал ағылшын футболисі Лэмпард өзінің астма ауруына қарамай ерегісіп жүгіретінін еске алады бүгінде. Оның футболға деген сүйіспеншілігі бәрін де жеңуіне көмектесіпті. Спорт ең мықты дәрі деп есептейді ол. Бір қызығы ауа жетіспей демігетін астматиктердің арасынан марафонға қатысушылар да шыққан. Әрі олар әлемдік рекордты жаңартқан. Әрине таңқаларлық жағдай. Әншейінде сәл ғана дене қимылының өзіне демігіп, ауа жетпей тұншығып қалатын астматиктердің жүгіруден жарыста жоғары жетістікке жетуі шынында да таңғажайып құбылыс десе де болады.

Пола Рэдклифф марафондық жүгіруден әлем рекордын жаңартушылардың бірі. Пола ең алғаш спортпен беріле шұғылдана бастағанда осы аурудың жабысқанын еске алады. Оған 14 жасында астма диагнозын қойған. Жаттығу барысында тыныс алу қиындап кететіні белгілі сол шақтарда кеудесі сырылдап, басы айналады екен. Алайда астма ауруын «алдауды» әбден үйреніп алғанға ұқсайды. Кеудесі сырылдай бастағаннан-ақ ауруын бақылауды күшейтіп, дәрі дәрмегін дер кезінде қабылдай қояды. Сол себептен де приступ болмағанын айтады. Ия, әлемдік рекордты жаңартып, олимп шыңын бағындырып жүрген спортшылар бізден де шықса дейсің осындайда. Дертті болса да спортты серік етіп, олимпиадада топ жарса алақайдан басқа айтарымыз жоқ. Алайда еліміздегі дертті балаларға дөрекі көзқараспен қарайтын бюрократтардың барында олардың бағы жануы да екіталай-ау...

Берік Қалымбетұлы, Тараз қаласының тұрғыны:
- Бүгінде балаларға, оның ішінде әлгіндей мүмкіндігі шектеулі балаларға бар жағдайды жасап жатырмыз деп айтқанда даусымыз жер жарады. Алайда дерті дендеген балалардың спортпен айналыспақ түгілі спорт залға тұмсығын тыға алмайтыны анық. Олармен қалай жұмыс істеу керек екенін білетін жаттықтырушы жоқтың қасы. Дәрігерлердің өзі дәл осы диагнозы бар балаға қандай спорт жаттығуларын жасауына болатынын білмейді. Кәсіби деген жаттықтырушының өзі ауру балалармен әсіресе астматиктерді денесіне күш түсірмей қалай жаттықтыру керек екенін біле бермейді. Бұл мәселе мүлдем назардан тыс қалған десе де болады.

Майра Жүнісқалиева, пульмонолог-аллерголог:
- Шынында да дәрігерлер тарапынан балалардың ауруының алдын алу, емдеу мәселесі қойылады да оларды спортпен айналысуы жағынан түсініктеме беру жұмыстары кемшін қалғаны рас. Шетелдегідей шынықтырып, чемпион ғып шығару оңай шаруа емес. Бізде оның методикасы жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста