Дзюдо: Ғұсман Қырғызбаев финалда жеңіліп қалды

Дзюдо: Ғұсман Қырғызбаев финалда жеңіліп қалды

Дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Мажарстан астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Жарыстың алғашқы күні 60 кг салмақта қазақтың қос бірдей спортшысы шешуші белдесулерге шықты. Әскерилер арасында әлем чемпионы Ғұсман Қырғызбаев жартылай финалда франциялық Валиде Хиярды қапы қалдырды.

 

Содан кейін финалда ресейлік Яго Абуладземен татамиге шықты.

 

Шешуші белдесуде ресейлік дзюдошы ширақ күресіп, таза жеңіске жетті.

 

Тағы бір қазақстандық, жастар арасында 2015 жылғы әлем чемпионы Мағжан Шәмшәдин жартылай финалға дейін қарсылас шақ келтірмей, онда Я.Абуладзеге есе жіберді.

 

Қола жүлде үшін бәсекеде Мағжан әзірбайжандық Карамат Хусейновпен белдесті. Қосымша уақытта жеңіс К.Хусейновтің еншісінде кетті.

 

М.Шәмшәдин бесінші орынды қанағат тұтты.

 

Әйелдер арасында 48 кг салмақта Отгонцэцэг Галбадрах пен Әбиба Әбужақынова жүлдеден тыс қалды.

 

Рио Олимпиадасының қола жүлдегері О.Галбадрах үшінші айналымда Монғолияда жүргенде, өзінің жолын ылғи бөгеген бұрынғы отандасы Уранцэгэг Мунхбатпен бәсекеде үш шидо алғандықтан ғана есе жіберді.

 

У.Мунхбат бұл біріншілікте қола жүлдеге ілікті.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын дзюдодан әлем чемпионатына баратын Қазақстан құрамасы анықталғанын жазған болатынбыз.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста