Астанада Қазақстан кикбоксінің 20 жылдығына орайластырылып, шығыс жекпе-жегінің осы түрінен ел кубогы ұйымдастырылған болатын. Оған еліміздің 13 облысы мен
Ел кубогы жолындағы айқастар фулл-контакта 16 салмақ дәрежесінде (оның 11-і – ерлер арасында, ал 5-еуі – әйелдер арасында), лоу-кикте 12 салмақ дәрежесінде өтті.
Әйелдер арасында Қарағанды және Ақмола облыстарының кикбоксшы қыздары айрықша көзге түсті. Ең қызықты жекпе-жек 52 келі салмақ дәрежесінің ақтық айқасы деуге болады. Ақмолалық Маржан Әлімова финалда Тай елінде өткен Азия ойындарының жүлдегері, шығысқазақстандық Жадыра Қуанышеваны жеңіп кетті.
Ерлер арасында 54 келі салмақ дәрежесінде ақтық айқас аса тартысты болды. Финалда 2007 жылғы әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қостанайлық Дидар Күнбатыров 2009 жылғы ел кубогының жеңімпазы, шығыс жекпе-жектері түрлерінен І Азия ойындарының күміс жүлдегері, ақтөбелік Еркебұлан Омаровты бір ұпай айырмасымен ғана ұтты. Сондай-ақ 57 келі салмақта Қазақстан чемпионы, 2009 жылғы Азия ойындарының чемпионы, шығысқазақстандық Әлемжан Құдайбергенов 2007 жылғы әлем чемпионы, солтүстікқазақстандық Әмір Тналиннен басым түсті.
Биылғы ел кубогына қатысушылардың бәрінен алдын ала жарна жиналып, жиналған қаражаттың барлығы (500 000 теңге) Алматы облысының Қызылағаш ауылындағы төтенше жағдайдан зардап шеккендер қорына аударылатын болды.
2010 жылғы Қазақстан кубогының жеңімпаздары:
Фулл-контакт (ерлер):
51 келі: Жақия Қуанов (Атырау обл.)
54 келі: Дидар Күнбатыров (Қостанай обл.)
57 келі: Әлемжан Құдайбергенов (ШҚО)
60 келі: Елдар Бауыржанұлы (ШҚО)
63,5 келі: Бекжан Төлебеков (Жамбыл обл.)
67 келі: Самат Қадырбеков (СҚО)
71 келі: Аврамиди Стельян (Қарағанды обл.)
75 келі: Азамат Нұрпейісов (СҚО)
81 келі: Иван Захаренко (Астана)
86 келі: Айбек Қайсаров (ШҚО)
+91 келі: Евгений Бездащук (Астана)
Фулл-контакт (әйелдер):
48 келі: Сәния Сүлейменова (Ақмола обл.)
52 келі: Маржан Әлімова (Ақмола обл.)
56 келі: Ирина Зенина (Қарағанды обл.)
65 келі: Аялита Сахова (Қарағанды обл.)
+65 келі: Әлия Қамбарова (ОҚО)
Лоу-кик:
51 келі: Нүркен Төлегенов (ОҚО)
54 келі: Ферзаули Ризван (Павлодар обл.)
57 келі: Бауыржан Құдайбергенов (ШҚО)
60 келі: Жомарт Нұрымбетов (Астана)
63,5 келі: Руслан Сексенбаев (ШҚО)
67 келі: Ерсайын Қасамбаев (Павлодар обл.)
71 келі: Саян Жақыпов (Павлодар обл.)
75 келі: Руслан Ганза (ШҚО)
81 келі: Шухрат Құдайбердиев (Алматы)
86 келі: Ернар Омаров (Астана)
91 келі: Самат Өмірзақов (Астана)
+91 келі: Руслан Аушев (Қарағанды обл.)
Командалық есеп: