Бразилияға барады талай қазақ баласы

Бразилияға барады талай қазақ баласы

Қазақстандық жас футболшылардың тағы бір легі Бразилияға аттанды. Бүгін таңғы сағат 06.30-да екі бапкер бастаған 26 жеткіншек даңқты Пеленің Отанына ұшып кетті. Ала доптың қыр-сырына қанығу үшін аттанған жеткіншектерді олардың ата-аналары мен журналистер қауымы шығарып салды.
Балалар Бразилияға кетпей тұрып, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының мәжіліс залында ҚР Спорт және дене тәр­биесі агенттігі баспасөз мәслихатын өткізді. Басқосуға осы агенттік төрағасының орын­басары Елсияр Қанағатов, Ұлттық штаттағы командалар директоры Қайыр­гелді Жан­пейісов және Қазақстан футбол федера­циясының вице-президенті Сейілда Бай­шақов қатысты. Сонымен қатар мәжіліс залынан аспан түстес спорттық жейде ки­ген 26 жеткіншек пен олардың туыстарын да кездестірдік.
Елсияр ағамыз 1997 жылы туған, фут­болға икемі зор жеткіншектерді електен өткізудің оңай болмағанын айтады. Бразилиялық футбол мамандарының бақылауынан өтіп, сынына шыдаған 26 балаға Роналдо, Роналдинью, Ривалдо сынды футбол аңыздарының Отанына апаратын билеттер табысталған. Сайдың тасындай іріктелген 26 жеткіншек енді үш жыл бойы Бразилияда білімін жетілдіреді. Осыған дейін 1995 жылы туған қазақ­стандық жасөспірімдер әйгілі «Оле Бразил Клаб» футбол академиясынан қанаттанған. Ендігі кезек екінші ауысымға да келіп жетті.
«Пеленің елінде болып, бес дүркін әлем чемпиондарының топырағын басуды кез келген футболшы армандайды. Бұл – біздің балаларға берілген үлкен мүмкіндік. Үш жылдан соң олар Қазақстанның жас­өспірімдер құрамасында ойнауға жарап қалады. Тиісінше, Еуропа және әлем чем­пионаттарының іріктеу кезеңдеріне қаты­суға да мүмкіндік туады. Ендеше, сіздерге ақ жол тілеймін» деп тебірене сөй­леді, қазақ футболының даңқты тұлғасы Сейілда Байшақов.
Ал Ұлттық штаттағы командалар дирек­циясының басшысы Қайыргелді Жан­пейісов мемлекет тарапынан көрсетілген көмектің шексіз екенін тағы бір еске түсірді.
«Жеткіншектерге барлық жағдай жасалды. Сан-Паулудағы мектеп бағдар­ламасы португал тілінде жүреді. Футболдан өзге, математика, физика, химия, шетел тілдері сынды пәндерді оқып-үйренуге мүм­кіндік бар. Әрбір оқу семестрінің ұзақ­тығы тоғыз ай, сабақ аяқталған соң олар өздері білім алған мек­тепке оралып, емтихан тапсыра алады. Бапкер­лердің қарым-қатынасы, балалардың тәртібі, оқу үлгерімі, тамақтану режімі – барлығы біз­дің бақы­лауымызда. Жол жүру қара­жатын да мемлекет көте­реді. Балалардың басты міндеті – футбол әліппесін әбден үйреніп, техникалық шеберліктерін арттыру», – дейді Қайыргелді Жан­пейісов.
Сонымен қатар Брази­лиядан түбегейлі елге орал­ған соң да 26 жеткіншек мемлекет назарынан тыс қалмайды. Олардың қан­дай да бір отандық немесе шетелдік клуб­пен Ұлттық штаттағы командалар ди­рек­­циясының рұқ­сатынсыз келісім­шартқа отыруына жол жоқ.
Қазақстандық жеткіншектерді Брази­лияда футболға машықтандыру туралы бастаманы басқа емес, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы көтерген болатын. 2007 жылы Бразилияға жасаған сапары барысында Елбасы сол елдің Президенті Луис Инасио Лула да Силвамен келісімге келген. Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту үшін жасалған бұл қадам өз жемісін беретін күн де алыс емес. Мәселен, ең алғаш болып Бразилия топырағын басқан жеткіншектер бүгінде «Астана-1964», «Ақтөбе», «Ақжайық», «Атырау» клубтарымен келісімшартқа отырып, Қазақстан премьер-лигасы мен бірінші тобында ойнау құқығына ие болды. Шетелде шеберлігін шыңдап келгендер арасында Рауан Сариев пен Берік Шахановтың шоқтығы биік. Олар бүгінде Бразилия жерінде доп тебуге жарап қалған таланттар.
«Ұлтына аяғындағы добындай, добына құшағындағы ұлындай қарайтын» Бра­зилияға кеткен жас жеткіншектердің бірі – шымкенттік Қуаныш Мұханбет. Бізге сұхбат берген жеткіншек Бразилияға босқа барып келмеймін дейді:
– Футболға деген қызығушылығым кішкентай күнімнен басталды. Бразилияға баратын мүмкіндік туды, енді осы сәтті жақсы пайдалансам деген ойым бар. Мен өз елімнің ұлттық құрамасында ойнағым келеді. Туған қаламның командасы «Ордабасының» ойынын сүйіп көремін. Азат Нұрғалиевтің ойынын өзіме үлгі тұтамын. Мүмкін, жергілікті ойыншы болғандықтан шығар. Ал негізгі мақсатым – Қазақстанның футболына кішкентай да болса үлесімді қосу. Өздеріңіз білесіздер, біздің футболдың жағдайы жақсы емес. Сол олқылықтың орнын толтыру үшін тамшыдай болса да үлес қоссам, арманым­ның орындалғаны, – деп ағынан жарылған жас талантқа біз де ақ жол тіледік.
«Оле Бразил Клаб» футбол академиясында 2012 жылдың
1 наурызы және 2014 жылдың
3 желтоқсаны аралығында білім алатын футболшылардың тізімі:
1. Шыңғысқан Ақласов, қақпашы, Талдықорған;
2. Олжас Мұқанов, қақпашы, «Каспий», Ақтау;
3. Бекжан Тоқтарбай, қақпашы, Шымкент;
4. Айсұлтан Сейдахмет, қорғаушы, «Жетісу», Талдықорған;
5. Айдар Хұснадинов, қорғаушы, «Каспий», Ақтау;
6. Руслан Әлімбаев,қорғаушы, «Шах­тер», Қарағанды;
7. Болат Тыныбек, қорғаушы, Шымкент;
8. Сергей Комаров, қорғаушы, «Шах­тер», Қарағанды;
9. Әлібек Батырбеков, қорғаушы, «Же­ті­­су», Талдықорған;
10. Владислав Васильев,қорғаушы, «Шах­тер», Қарағанды;
11. Демият Сламбеков, жартылай қор­ғаушы, «Цесна», Алматы;
12. Рүстем Әбдіразақов,жартылай қор­ғаушы, «Жетісу», Талдықорған;
13. Мақсат Тайкенов, жартылай қор­ғаушы, «Каспий», Ақтау;
14. Абай Сайфуллин, жартылай қор­ғаушы, Тараз;
15. Мағжан Әбдеш, жартылай қор­ғаушы, Тараз;
16. Фарух Мірсәлімбаев, жартылай қор­ғаушы, Тараз;
17. Қуаныш Мұханбет, жартылай қор­ғаушы, Шымкент спорт интернаты;
18. Едіге Оралбай, жартылай қорғаушы, Шымкент;
19. Асхат Садыров, жартылай қор­ғаушы, Тараз;
20. Жасұлан Шұбаев, жартылай қор­ғаушы, «Тобыл», Қостанай;
21. Данияр Даулетбаев, шабуылшы, «Та­раз», Тараз;
22. Айсабек Сәрсенғалиев, ша­буыл­шы, «Каспий», Ақтау;
23. Айболат Макуов, шабуылшы, «Аты­рау», Атырау;
24. Әбілмансұр Рәшетов, шабуылшы, «Атырау», Атырау;
25. Мейіржан Қамбыл, шабуылшы, Шым­кент спорт интернаты;
26. Ерназар Құмар, шабуылшы, «Фран­кфурт», Германия.
Бапкер – Манар Нуфиев.
Аудармашы әрі үйлестіруші – Ерік Жанұзақов.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста