Балуандарымыз бәсекеге шыдас бере ала ма?

Балуандарымыз бәсекеге шыдас бере ала ма?

Семейде алдағы демалыс күндері ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Болат Тұрлыхановты еске түсіруге арналған грек-рим күресінен дәстүрлі Қазақстан кубогы сарапқа салынады. Жыл сайын еліміздің беткеұстар балуандары Семей боз кілеміндегі белдесулерді асыға күтеді. Өйткені мұнда жас балуандар үшін үлкен мүмкіндіктің барлығы жасалған. Шеберліктерімен дараланып көзге түскендер ұлттық құрама сапына алынатындықтан, белдесулер өте тартысты болады. Аталмыш сынның сонау 1994 жылдан бері қарай басы-қасында жүрген білікті маман, ҚР күрес федерациясының вице-президенті Әсемхан Досқожынов мырзамен алдағы ел кубогы турасында аз-кем сұхбаттасқан едік.

– Әсемхан аға, ҚР күрес федерация­сы­ның вице-президенті ретінде алда­ғы ел кубогының мақсаты мен мәні жа­йына тоқтала кетсеңіз...
– Әрине, мен ҚР күрес федерациясының грек-рим күресі бойынша вице-президенті болғандықтан, аталмыш сынның ұйымдас­ты­рылуы мен өтуіне толыққанды жауап бере­мін. Оның бер жағында күрес жана­шыры ретінде еліміздің грек-рим күресінің балуандары елішілік додалар болсын, әлемдік аренада болсын ойдағыдай өнер көрсетуіне өзімнің қол ұшымды беріп келемін. Бұл ел кубогы жолындағы Болат ағамыздың турнирі – Семей қаласындағы өте ірі және дәстүрлі түрде өтетін бәсеке­лердің бірі. Жергілікті халық тағатсыз­дана тосатын турнир. 17 жылдық бай тари­хы бар сында елімізге танымал қаншама бал­уан белдесті. Тіпті Олимпиада чемпио­ны Юрий Мельниченконың өзі осы Семей боз кілемінде бақ сынаған. Одан қала бер­ді әлем чемпиондары Бақтияр Байсейітов бауы­рымыз бен Мкхитар Манукияндар, Әсет Мәмбетов, Нұрбақыт Теңізбаев пен Нұрмахан Тінәлиевтер, өзіміздің Алмат Кебіспаев пен Дархан Баяхметовымыз – осы Семей боз кілемінен дараланған балуан­дар. Сондықтан жастарға тәрбиелік мәнісі бар сынның еліміздің грек-рим күресіне бер­генінен берері әлі де мол.
– Осы ел кубогын халықаралық турнир ретінде өткізуді жоспарлаған едіңіздер, ол жағы қалай болып жа­тыр?
– Шыны керек, халықаралық деңгейде өткізуге біздің шамамыз жетеді. Ұйым­дас­тырушылық қабілетіміз де бар. Ондаған жыл­дан бері қарай өзіндік тәжірибе қа­лып­тастырдық. Күні биылға дейін спорт кешені қолбайлау болып тұр. Семей қала­сында әлемдік талаптарды қанағаттанды­ратын спорт кешені жоқ. Биыл ғана жаңа кешен пайдалануға берілді. Бірақ көрер­мен аз сияды. Одан кейін айтарымыз, грек-рим күресінде Қазақстанда төл чемпио­натымыздан басқа дода жоқ. Сол себептен де жастардың томағасын сыпы­рып, бола­шаққа бағдар беретін – осы ел ку­богы жо­лындағы бәсеке. Сол себептен де халық­аралық бәсеке туралы әңгімені қоя тұра­йық. Өткен жылдары Болат ағамыздың атындағы ел кубогы бәсекесін командалық есепте де өткізіп көрдік. Бұл қай аймақта, қай салмақ дәрежесінде балуандар тапшы екенін анықтап берді. Жастардың өз шеберліктерін паш етуіне мүмкіндік жа­сай­тын осы турнирді қолы­мыз­дан келгенше жыл сайын өткізіп тұрсақ, бұдан біздің грек-рим күресі пайда көр­месе, зиян шекпейді. Ізбасарлар ісі жақ­сы жолға қойы­лады. Ұлттық құрама са­пын­да бәсеке­лестік пайда болады.
– Әсемхан аға, бәскелестік деп айтып қалдыңыз. Біздің елде грек-рим күресінде қай салмақта бәсекелестік күшті?
– Ауыр салмақтарда ғана бір-екі балуаннан ғана бар. Ал қалған салмақтарда деңгейлері мен шеберліктері бірдей бір­неше балуаннан барын мақтанышпен айта аламын. Арыға бармай-ақ, Алмат Кебіс­паев­тың шығуы – осы салмақтағы мықты бә­секелестіктің нәтижесі. Нұрбақыт Теңіз­ба­ев, Ербол Қоңыратов, Елдар Қайратов сын­ды білікті балуандар – бір-біріне ла­йықты қарсыластар. Сол себептен де нәти­же пай­да болды. Қазір 55 келі салмақ дә­ре­жесі кемшін тартып тұрғандай. Жастар арасында әлем чемпионы атанған Артур Үмбетқалиев әзірге ересектер додасына толыққанды араласа алмай жүр. 66 келіде Дархан Баяхметовке, Айбек Еңсеханов, Шыңғыс Қайырмағанбетов секілді қарсы­лас­тар бар. 74 келіде Лондон Олимпиада­сы­ның ли­цензиясына иелік еткен Асхат Ділмұха­мед­ов те бірнеше жыл ұлттық құрама са­пында жүрді. Тіпті ел чемпионы бола тұра, бірнеше жарысқа бармай қалды. Ал биыл бабы келісіп, бағы жанды. Барлық қарсыластарынан мықты екендігін көрсете білді. Бізде олқылық танытып тұрған салмақ – 84 келі. Мүмкін, осы ел кубогынан кейін жастардың арасынан талантты біреу бой көрсетіп қалар.
– Енді биылғы сынға тоқтала кет­сеңіз. Танымал балуандардан кімдер белдеседі?
– Енді әлем чемпионатында жүлдеге ілінген Алмат Кебіспаев пен Нұрмахан Тінәлиевті және жарақатынан айықпаған Әсет Мәмбетовті бапкерлер алқасы бұл сыннан босатты. Тіпті лицензия алған Асхат Ділмұхамедовтің өзі боз кілемге шығады деп күтілуде. Қалған беткеұстар балуанда­рымыздың барлығының белдесу­лерін жиналған жұртшылық көреді. Сонымен қатар тартысты белдесу­лердің репортажын «Қазақстан» ұлттық арнасы көрсетеді. Сол се­бептен де қазақ елі бұл сыннан шет қал­майды деген ойдамын. Алдағы Азия чем­пио­наты мен халықаралық турнирлерде ел намысын қорғайтын балуандар сапы осы сыннан кейін жасақталатын болады.
– Еліміздің балуандарын алдағы жы­лы қандай сын күтіп тұр?
– Бапкерлер алқасының арнайы жұмыс жоспары бойынша Олимпиадаға дайын­далады. Сонымен қатар Азия аймағына бұйырған Лондон Олимпиадасының жал­ғыз лицензиялық іріктеу турнирі наурыздың соңы мен сәуірдің басында Алматы қа­ла­сында өтеді. Сол сында жетпеген жолда­ма­ны толтыруымыз керек.
– Әңгімеңізге рақмет

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста