Жыныстық қарым-қатынас қандай ауруларға ем?

Келісетін шығарсыздар, сырқаттанып қалсаң, емделудің машақаты көп. Дәмі жағымсыз дәрілер ішу, қан тамырларыңды тесіп, ине егу т.т. Бұлар өз алдына бір әңгіме болса, дәрі-дәрмек сатып алудың өзі үлкен проблемаға айналып отыр. Әсіресе дәрісі қымбат мына заманда. Оның үстіне олар көмектессе бір жақсы ғой... Кейде қанша ақша шығарып емделсең де, оның нәтижесі анау айтқандай болып шыпайды. Әлемдік ғалымдар қазір ең тиімді ем-дом ретінде жыныстық қарым-қатынасты насихаттап жүр. «Жыныстық қарым-қатынас – тәнге де, жанға да шипа» дейді олар. Жалпы, секстің адам денсаулығына аса пайдалы екендігі осыдан 2000 жыл бұрын дәлелденген-ді. Ғалымдардың жыныстық қарым-қатынасты жиі айтып жүргендерінің бір себебі – соңғы жылдары адамдардың секстегі белсенділігі төмендеп барады деп санайды. Оған «кінәлі» экология, мына алмағайып замандағы қиындықтар, яғни стресс. Ал секстің емдік қасиетін айтпағанда, оның адам өмірін ұзартудағы ролі де орасан. Сонымен жыныстық қарым-қатынас қандай ауруларға шипа?

1. Суық тигенде
Адам белсендірек қимылдаса бойындағы арам тер шығып, ыстығы басылады. Пенсильвания штатының Уилкса университетінің мамандары анықтағандай, секспен жиі айналысатын адамның ағзасындағы иммунитетті күшейтетін «иммуноглобулин А», керісінше, жыныстық қарым-қатынасқа енжар адамдардікінен 30 пайызға көп екен.

2. Сыздап ауырғанда
Мәселен басың не тісің ауырғанда секс күшті көмектесетін көрінеді. «Анальгинге жүгіргенше төсекке асық» дейді мамандар. Секс кезінде пайда болатын гормондар мидың ауру-сырқауға қарсы тұратын бөлігін оятады екен. Оның үстіне, мысалы айталық, тісің қатты ауырып тұрғанда секспен айналыссаң, ол жүйке тамырларының сезімталдығын әлсіретіп тастайды. Ал Швеция ғалымдары еркек пен әйел арасындағы төсек «ойыны» жарақатқа күшті ем дейді.

3.Инфарктің алдын алуға

Осы бір жаман аурудың алдын алу үшін секспен жиі айналысу керек екен. Сонда жүректің жұмысы жақсарып, адам түрлі жүрек ауруларынан сақтана алса керек.

4. Күйзелісті болдырмайды
Кез-келген адам кез-келген сәтте күйзеліске ұшырауы мүмкін. Міне, осы жағдайда секс таптырмайтын көмек. Адам ләззат алғанда бойындағы күйзеліске қарсы гормондар көбейеді екен.

5. Сексуалдық проблема кезінде
Былайша айтқанда, сексуалдық проблеманы секс шешеді. Мысалы, дәрігерлер сексуалдық ауытқушылыққа ұшырғандарға бірінші кезекте жыныстық қарым-қатынасты көбейтуге кеңес береді. Тағы бір айта кетерлігі, әйелдің жыныс органдарына суық тигенде де оларға бірінші кезекте секспен жиі айналысу тиімді екен.

6. Артритті асқындырмас үшін
Жасың ұлғайған сайын буындар босаңсып, адам артритке шалдығуы әбден мүмкін. Ал секс кезінде бүйрек безі жұмысы реттеліп отырады да, ол өзінен артритке ем саналатын кортизон бөліп шығарады.

7. Семіздікті болдырмайды
«Фитнес залына барып, диета ұстап өзіңді әуреге салғанша, секспен көп айналыс. Дене бітіміңнің бұзылмауына секс таптырмайтын көмек» дейді дәрігерлер.

8. Секс - косметология
Мамандардың зерттеулеріне сенсек, секс әйелдің ағзасындағы, яғни қандағы эстрогенді көбейтеді. Ал эстроген шашты қатайтып, адамның терісін жақсартады.

9. Етеккір циклын тұрақтандырады
Иә, секс – етеккір циклын бір қалыпта ұстап тұруға әсер етеді. Мұндай қорытындыны мамандар мыңдаған респонденттер арасындағы сауалнама негізінде жасаған.

10. Несеп жолдарын емдейді
Әсіресе әйел адамдардың жасы ұлғайған сайын несеп жолдары жұмыстары бұзыла бастайды. Оның ең жағымсыз жағы – кіші дәрет жиілеп, бір кесе шәйдің өзі дәретханаға неше мәрте жүгіртеді. Міне, осындай дерті болдырмас үшін секпен жиірек айналысқан дұрыс екен. Сонда несеп жолдарындағы бұлшық еттері қозғалысқа түскен сайын, ол қатая бермек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста