«Жындыхана» жетпей жатыр

«Жындыхана» жетпей жатыр

Бүгінде қазақтың жүйкесі сыр беріп тұр. Онсыз да саны аз халқымыздың екі пайызына жуығы психоневрологиялық диспансерлерде тіркеуге алынған, бұл – 300 мыңның үстіндегі адам. Дертке шалдыққандарды дер кезінде оқшауламаса қоғам үшін қауіпті екені белгілі. Бірақ қазақтың жалпақ тілінде «жындыхана» аталып кеткен психоневрологиялық ауруларға арналған интернат-үйлер жетіспей жатыр бүгінде.
Психикасы бұзылған адамдардың нақты санын білу әлемнің қай елін алып қарасаңыз да мүмкін емес. Әркім әртүрлі жолмен есептейді. Бұрынғы кеңестік елдер құрамында болған мемлекеттер сырқаттардың санын пси­хо­нев­ро­ло­гия­лық диспансерлерде тіркеуде тұр­ған­дар­дың тізіміне қарап шығаратыны белгілі. Дегенмен емханаға ауруы асқынғандар ғана келетіні белгілі, ал психикалық сыр­қат­тың жеңіл түрімен ауыратындар назар­дан тыс қалып отыр. Дегенмен де 17 миллионға жетер-жетпес халқымыздың төрт пайызы жүйке ауруына шалдығып, тір­кеуге алынғанының өзі көпті ойлан­ды­руы қажет. Ал тіркелмегені қанша?
Аталмыш аурулардың саны ғана емес, дерт­тің қалай және неден пайда бола­ты­ны да нақты мәлім болмай тұр. Медицина қан­ша жерден дамып кетті дегенімізбен дәрі­герлерге әзірге ақыл-ес ауыт­қу­ла­ры­ның бірнеше себептері ғана белгілі. Ал нақты дерек жоқ.
Игорь ЛАНДА, Солтүстік Қазақстан об­лыс­тық психоневрологиялық диспан­се­рі­нің бас дәрігері:
– Дәрігерлер психикалық ау­ру­лар­дың нақты неден пайда болатынын білмейді. Тек бірнеше себептері ғана анық. Мысалы, генетикалық жолмен таралатыны анық, әке-шешесі осын­дай жүйке ауруына шалдыққан болса баласында да кездеседі. Сәби­дің дүниеге келу сәтінде алған жа­ра­қа­тынан немесе адамдардың басынан алған жарақаты да психикалық ауруға әкеліп соғатыны белгілі. Және эколо­гия­ның да жүйкеге тигізер әсері мол екені анықталып отыр. Оған жоқ­шы­лық­тың зардабын ұзақ уақыт тарт­қан­дарды қосыңыз. Бүгінде ел арасында көбейіп кеткен суицид те осы психика ауытқуының салдары дер едім.

Дәрігерлер әсіресе жүйке ауруының балалар арасында соңғы жылдары кең етек алып бара жатқанына алаңдаулы. Об­лыстық психоневрологиялық дис­пан­сер­дегі 225 орынның 25-і сәбилерге арнал­ған және ол орындардың бір күн де бос қалған кезі болған емес. Диспан­сер­ден бөлек Қызылжардағы балаларға арнал­­ған психоневрологиялық интер­нат­та да күн­дізгі стационар ашылып, күніне 35 балаға ем-дом көрсетілуде.
Жүйке ауруының артып бара жат­қа­нын осы интернат-үйлердің санына қарап та аңғаруға болатындай. Солтүстік Қазақ­стан сияқты шағын облыстың өзінде төрт бірдей психоневрологиялық интернат-үйі бар екен. Жүйкесі сыр берген жандар қоғам үшін қауіпті, ал оларды оқшау ұстау­ға интернаттар соңғы жылдары тар­лық ете бастады. Сондықтан Қызылжарда та­ғы бір осындай мекеме ашу қажеттілігі туын­дап отыр.
Асқар САҚЫПКЕРЕЕВ, Солтүстік Қазақ­стан облыстық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы:
– Біздің облыста барлығы сегіз интернат-үйі болса соның тең жар­ты­сын­да психоневрологиялық ауруларға шалдыққан жандар тұрады. Біреуі балаларға арналған, онда 85 бала жатыр, ал тағы 35 орын күндізгі ста­цио­нарда. Соңғы кезде аталмыш дертке шалдыққандардың саны арт­қа­ны аңғарылады, себебі біздің қара­ма­ғымыздағы мекемелерге кезекке тұру мәселесі күрделеніп барады. Тайын­ша ауданындағы 400 орындық интернатты кеңейтіп, 500 адамға дейін қабылдадық. Айыртау ауда­нын­дағыны 10 адамға кеңейттік, енді тағы 15 кісіге арттырмақпыз. Бірақ бұл да аздық етуде. Бұл да проблеманы ше­ше алар емес.. Сондықтан жүйке ауру­ларына арналған тағы бірнеше ин­тер­нат-үйін ашу жөнінде ұсыныс жасап жатырмыз. Тиісті ғимарат табылып, қаржыландыру мәселесі шешілсе ашылады да.

Қазаққа баспана жетпей жатса жас отаулардың көбейгені, сәбилеріміз балабақшаға бара алмай жүрсе дүниеге келген нәрестелердің артқаны. Бұған бір жағынан қуану керек. Ал «жындыханаға» деген қажеттіліктің пайда болғаны қазақ­тың басына түскен қасірет емей немене? Кеңес үкіметі тұсында «жын­ды­ханалар» құпия мекеме ретінде бола­тын. Империя саясатына қарсы пікір­дегілерді осында әкеліп тәрбие­лейтінін жұрт әлі ұмыта қой­ған жоқ. Қазақтың да талай ұлдарын «жынды» атандырған. Ал бүгінде саясат өзгерді, бірақ «жын­ды­лардың» саны азаю­дың орнына артып барады. Неге?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста