Жылан саудасы қызып тұр

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Түсі суық жыланның бір шаққаннан-ақ сеспей қатыратын қауіптілігімен қатар, адамға пайдасы да бар. Еуропада жылан уының кептірілген 1 грамм ұнтағы 300 АҚШ доллары тұрады. Одан аса қымбат дәрі-дәрмек жасайтыны белгілі. Зоологтерге жыланның 2 700-ден астам түрі белгілі. Оның әрбір бесіншісі өте улы болып келеді екен. Елімізде жыланның уын кәдеге жарататын фармаколо­гиялық зауыт жоқ. Ал шетелдерде оны асырап бағып, уын алып, ұнтаққа айналдырып, бірнеше есе қымбат бағаға сатып, байып отырғандар жетерлік. Өкініштісі, дәл осы бизнес түрі бізде дұрыс жолға қойылмаған.
Еліміздегі дәрі жасайтын кәсіпорындар, негізінен, шөптен жасалған дәрі-дәрмектер мен ресейлік өндірушілер үшін қажетті құрамалар әзірлеумен келеді. Қазіргі таңда елімізде дәрі-дәрмектің 700-ден астам атауын шығаратын 90-нан астам кәсіпорын бар. Ресми емес дереккөздерінің мәлі­ме­тіне сүйенсек, жыл сайын елімізде өнді­рілетін дәрі-дәрмектің 20 пайызын отан­дық өндірушілер ТМД елдеріне және шетелдерге экспорттайтын көрінеді. Бірақ оның ішінде жылан уынан жасалғандары жоқ. Әйтпесе елімізде жылан жоғалып кеткен жоқ. Тек оны кәдеге асыратын тетік табылмай отырғаны болмаса.
Күн жылынған сәттен оңтүстікте жа­байы жылан саудасының көрігі қызады. Сарыағашта сары жыландарды 2-3 мың теңгеге саудалайды. Бүгінде ел арасында сары жыланның сорпасын қайнатып ішіп, ауруынан айықтым дейтіндер көп. Сол себептен болар, сары жыланның сорпасына деген сұраныс артқан. Алайда көбіне жыланның қай түрі ем екенін, қалай дайындау тәсілін білмей, дертіне дерт жамап алып жатқандары да жоқ емес.
Амалбек СЕРҚҰЛОВ, халық емшісі:
– Бірнеше жылдан бері науқастарды арамен шақтырып және жылан сорпа­сымен емдеп келемін. Ауруынан айы­ғып кеткендер баршылық. Жылан­ның етінен жасалған сорпа ағзаны шлактар­дан түгел тазалайды. Жаңадан басталып келе жатқан бірінші сатыдағы қатерлі ісік ауруын емдеуге де болады. Оны көбіне жылан аулап-сататындардан аламыз.

Иә, мал бордақылап сататындар сияқты жылан аулауды да кәсіп қылғандар бар­шылық. Жазда бағасы арзан, қыста жер бетінен жоғалып кеткенде қым­батырақ болатын көрінеді. Емшілер көбіне май­жыланды пайдаланады. Сондай-ақ әртүрлі ауруға шұбар жылан мен қара шұбар жы­ланды да пайдалануға болады. Негізінен, жыландардың ішіндегі ең шипалысы майжылан деседі. Қыс бойы ол жылан жер астында тек қана дәрілік шөптердің тамы­рын сорады екен. Оның сорпасы барлық ауруға ем көрінеді. Халық емшілері «жы­лан­­мен емделгенде емшілер­мен не дә­рігер­лермен кеңескен жөн» дейді. Тек ен даланы жайлаған жылан атаулы ау­лау­шылардың кесірінен жойылып кетпесе дейсің.
Шымкенттегі Santo сауда маркасымен жұмыс істейтін «Химфарм» АҚ бүгінде поляк компаниясының қолына өткені белгілі. Ондағы мамандардан «Жылан уы қолданыла ма?» деген сауалымызға «жоқ» деген жауап алдық. Еліміздегі ең ірі ICO стандартымен жұмыс істейтін компания осындай ірі жобалармен жұмыс істемейтін болған соң, басқаларынан қайран жоғы белгілі.
Отандық фармөнімдердің 60 пайызын шығаратын кәсіпорын әлемдік нарықта аса сұранысқа ие басым бағытқа бет бұрса деген тілек қой біздікі. Есесіне, қарапайым жұртшылық арасында, сондай-ақ халық емшілері ішінде жылан уын емге пайдала­нып жүргендер жетерлік.
Ресейлік «Вокруг света» журналының жазуынша, Бразилияның Сан-Паулу қала­сындағы Бутантан биомедициналық зерт­теу институтында арнайы вакцина, уға қарсы дәрілер жасап шығарады. Ондағы зерттеу лабораториясында 12 мыңнан аса жылан ұстап, бағады. Одан жылына 5-6 литрге дейін жыланның сұйық уын алады. Ал одан 1-1,5 келідей құрғақ ұнтақ алуға болады екен. Мұндай көлемді жинау үшін олар жыланды әр екі-үш аптада «сауып» тұрады. Кішкене жыландардан бір «сауған­да» 20-40 миллиграмм, ал үлкендерінен 500-900 миллиграмм у алады. Ал оны құр­ғатқанда одан азғана масса қалады.
Жыланды қалай «сауады?»
Жылан «сауғанда» көбіне дәстүрлі түрін қолданады. У жиналатын ағзасына массаж жасау арқылы уын алады. Ал бүгінгідей технология мықтап дамыған шақта электр қуатымен «сауады», яғни жыланның сіле­кейлі қабығына 5-8 вольттық қуатты элек­тродпен соғады. Сонда ол бұлшық еттердің жиырылуына әкеп соғады да, у там­шылайды. Еуропадағы жылан бағатын серпентарияларда жарты жылда гадю­каларды асырап, бағып, одан бір ампула ғана дәрі алады. Ал оларды жиі сауу олардың тез өлуіне әкеп соғады. Зоо­логтердің айтуынша, гадюкалар 15 жылға дейін өмір сүреді. Бірақ қамауда тұрғанда екі жылдан аспайды. Бүгінде жыланның уына деген сұраныстың тым жоғары­лы­ғынан және сол сұранысты қанағаттан­дыра алмай отырғандықтан, оның уын жасанды жолмен алу қолға алынуда. Мәскеудегі теориялық және экспери­ментал­ды биофизика институтында у клеткаларын табиғи жағдайда алатын ауқымды жоба әзірленген болатын. Бірақ қаржыландыру жағынан кемдік болған соң, жабылып тынды. Оның тағы бір жолы – химиялық синтездеу арқылы алу. Осы­лай­ша шетелдіктер жылан уының пайда­сын көріп отыр.
Ғасырлар бойы емшілер түрлі ауру­ларды жылан уымен емдеп келді. Удан жасалған сықпамайлардың да пайдасы зор. Ол қыздырып қана қоймай, тал­шық­тардың жұмысын жақсартады. Инфаркт алған, жүрек-қан тамырлары ауру­ларынан зардап шегетіндерге жылан токсиндері бар дәрі пайдалы. Қан тоқтату мақсатында қолданылатын стоматология саласындағы дәрі гюрзаның уынан алын­ған дәріден жасалған. Бұлшық ет және буын аура­ларында, невралгия, радикулит, поли­артрит, плеврит, брон­хиалды астмада қолданылады. Онколо­гиялық аурулар да жылан уының алдында дәрменсіз. Оңтүстік Калифорниядағы онкологиялық аурулар­ды зерттеу институтының био­химия және молеку­лярлы биология факультетінің медиктері қауіпті ісіктерді мокасиндік жыланның уы арқылы тоқтатуға болатынын анықтады. Тіпті бұл жаңалық Нобель сый­лығын алған болатын. Жылан уы альбумин, глобулин, фермент, су, тұздан тұрады. Оны құрғақ күйінде бір ғасырдай сақтауға болады.
Жылан бейнесі қайдан жүр?
Жылан уының емдік қасиеті ХVII ға­сырда белгілі болды. Ең алғаш Фран­ческо Реди атты ғалым ашқан деген мәлімет бар. Қазіргі таңда медицинаның басты белгісі болған символ – тілін сумаңдатқан жіңішке жылан XVI ғасырдан бастап қолданысқа енген. Бұл белгіні Кеңес Одағы 1924 жылы бекіткен.

Жылан-ақпарат
Жыландар Жер шарында кең тараған. Тек Антарктидада ғана кездеспейді. 12 тұқымдасқа бөлінеді. Ең көбі – сарыбас жыландар, олардың 1 500 түрі бар. Қазақстанда бес тұқымдасы бар. Соқыр жыландар, айдаһар, сарыбас жылан, сұр жыландар, бозша жыландарға жататын 18 түрі бар. 16 түрі «Қызыл кітапқа» енгізілген.

Жылан-жаңалық 
Жапондықтар жылан уынан әжімге қарсы крем ойлап тапты. Оны бір-екі рет жаққаннан-ақ бетті үтіктегендей теп-тегіс етеді. Ал новосібірлік дәрігер ғалымдар араққа жыланның уын қосып, жаңа ішімдік түрін ойлап тапты. Оны ішкеннен кейін адам ағзасына қауіп төндіретін қасиетінен айырылады. Жылан-арақты ішкеннен адреналинді қоздыратын қуатқа еш залал келмейтін көрінеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста