Жыл басы тышқан емес доңыз деген тұжырым бар

Бізде қазір 12 жылдың басы тышқан деп есептелінеді. Алайда, нақты ғылыми тұжырым бойынша, 22 наурыздағы күн мен түннің теңеліс кезінде Күн қандай мүшел жұлдыз тобының басында болса, сол мүшел жыл басы болады.

Алайда жыл басының өзгеруі – өте баяу құбылыс. Шамамен, жыл басы 2150 жылда бір жылдан екінші жылға, басқаша айтқанда, Күн бір жұлдыздан екінші жұлдызға ауысады екен. Астрономия ғылымының бүгінгі таңдағы жетістігіне сүйене отырып, ғалымдар қазіргі біздің заманымызда күн Балық (арабша Худ) жұлдыздар тобының ұясында (тұсында), Балық жұлдыздар тобы доңыз жылына дөп келеді. Өйтсе қазір ғылыми негіз бойынша 12 жылдың ішінде жыл басы – доңыз.

Жоғарыда айтқанымыздай, күн мен түннің теңеліс ноқаты өте баяу түрде ілгері жылжып, ығысып отырады. Теңеліс ноқаты сол баяу жылжумен Құс жолы шеңберін 25725 жылда бір айналып шығатыны толық дәлелденген. Осы уақытты 12 мүшел жылға бөлсеңіз, жыл басының ауысу уақыты шығады.

(25725:12 =2143,75 шамамен 2 144.)

Мұны алғаш біліп, өмірге қолданған халық – тек біздің заманымызда табылған тас кітаптары арқылы белгілі болған Қос өзен өлкесінде осыдан 5000-7000 жылдың алдында өмір сүрген Шумерлер. Шумерлер теңеліс ноқаты әрбір мүшел жұлдыз тобында (ұясында) 2000 жыл шамасында болады деп тас кітапқа жазып кеткен. Жоғарда Күннің қазіргі орны Балық дедік. Ол – 12 мүшел жыл. Енді Барыс жылы қашан жыл басы болғанын есептеп көрелік. Доңызбен Барыстың арасы үш жыл. (ортасында Тышқан мен Сиыр тұр). Сондықтан Күннің бір жұлдыз тобында тұрақтайтын уақыты 2144 жылды үшке көбейтсек, 6432 жыл болады. (2144х3=6432 жыл.) Демек, осыдан, шамаман, 6500-7000 жылдың алдында жыл басы Барыс жылы болған (Егіз жұлдыздар тобы). Ал осы есеппен Барыстан кейінгі жыл басы Сиыр жылы 4500-5000 жылдың алдында (Өгіз (Торпақ) жұлдызы), Тышқан жылы 3500 жылдың алды шамасында. Ол Қошқар (тоқты) жұлдызына дөп келеді

Шумерлердің тас кітабында «Қазір жыл басы – Сиыр, өткен заманда жыл басы Барыс болған деп жазылған. Өйтсе Шумерлердің жыл басының бір жұлдыздан екінші жұлдызға ауысуы 2000 жылда бір болады деген есебі теңеліс ноқаты Құс жолы шеңберін 25725 жылда бір айналып шығады деген бүгінгі ғылыми есепке дөп келуі, сол сияқты «қазір жыл басы – Сиыр, өткен заманда жыл басы – Барыс болған» деуі (олардың есебі бойынша да 6000 жыл шамасы), Шумерлердің тарихы бұдан 6000 жылдың алдынан басталатынын бүгінгі археология ғылымы айқындаған шындықпен сәйкесуі Шумерлердің ақыл-парасатын, күнтізбесінің дәлдігін көрсетеді.

Бір-біріне тоқайласқан бүгінгі ғылыми дәлдік пен Шумерлерді есебінің қайсысы бойынша есептесек те, қазақ ұғымындағы тұрақты жыл басы Тышқан (жұлдыз бойынша Хамал-Тоқты (Қошқар деп те айтады, орысша овен) осыдан 3500 жылдай бұрын болған. Сол заманда туған Александр Македонскийдің қошқар мүйізді тәж киюі де жыл басы Қошқар болуына байланысты деген болжам бар. Міне, ғылыми есеп бойынша да, шумерлік күнтізбе бойынша да біз өмір сүріп отырған бүгінгі дәуірде жыл басы Тышқан емес, Балық болып шығады.

Бұл – менің жаңалығым емес, әл-Фараби бабамызды қазақ топырағына оралтқан ұлтымыздың мақтанышы, біртуар азаматымыз, академик, атақты ғалым Ақжан Машанидың зерттеу қорытындысы арқылы дәлелденген ғылыми шындық.

Бодаухан Тоқанұлы, журналист

kaz.altaynews.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста