Екібастұзда ана мен бала саулығын арттыру мақсатында қолға алынған игі шаралар жалғасын тауып, биыл жүкті әйелдерге жәрдемақы төлеу мақсатына қалалық бюджеттен 5290,0 мың теңге бөлінген болатын.
Әр әйелге 5 мың теңгеден берілетін бір реттік жәрдемақыға жүктіліктің 12-аптасына дейін дәрігер тіркеуіне тұрып үлгергендер қол жеткізе алады.
Айта кетерлігі – жәрдемақы тек ауылдық аймақтарда тұратындарға, аз қамтамасыз етілгендерге, төрт және одан көп балалы отанасына және тұңғыш балаға жүкті әйелдерге беріледі. 2010 жылдың 1 шілдесіне дейін осындай санаттарға жататын 423 әйелге жалпы сомасы 2115,0 мың теңге берілді.
Дәрігерлердің айтуына қарағанда, ана мен нәресте өлімін төмендетуді көздейтін бұл шара айтарлықтай нәтижелер беруде. Сонымен қатар ақшалай ынталандырудың арқасында жүкті әйелдердің әйелдер кеңесіне бару көрсеткішін арттыруға септігін тигізуде.