Жүкті әйелдер қауіпсіздік белдігін тағуы тиіс пе?

Қазіргі таңда көптеген әйелдер жүкті бола тұра, көлік құралын бас­қару­ды жалғастыра беретін болды. Бұл ретте жүкті келіншектер іштегі «сә­билеріне зиянын тигізуі мүмкін» деген оймен қауіпсіздік белдіктерін та­ғынбайды. Дегенмен жол апаттары салдарын зерттеген көптеген ха­лық­ара­лық сарапшылар жүкті әйелдердің бәрі қауіпсіздік белдігін тағынған жағ­дайда нәрестелердің жартысына жуығын қатерден аман алып қалуға бо­лар еді деген тоқтамға келген.
ҚР ІІМ Жол полициясы комитеті халық­ара­лық сарапшылармен кеңесе отырып, жүк­ті әйелдерге арналған қауіпсіздік бел­дігін тағыну ережелерін таратты. Сонымен қа­уіпсіздік белдігі оның төменгі жағы іштің тө­мен тұсынан (жамбасты ұстап тұра­тын­дай), ал жоғарғы жағы сол жақ иықтан кеу­денің ортасынан өтуі тиіс екен. Сондай-ақ белдіктің жоғарғы жағы кеуденің үс­ті­нен, ал төменгісі кеуденің төменгі жағынан (іш­тің жоғарғы жағынан) да өтуі мүмкін. Бел­діктің тым қатты немесе тым бос тар­тыл­мағаны дұрыс. Онымен қоса, жүкті әйел­дерге арналған арнайы қауіпсіздік бел­діктері де бар. Мұндай құрылғыларға орын­дыққа арналған жастықша да қоса бе­ріледі. Ол отырған әйелді жоғары кө­теріп тұрады, сол арқылы құрсақтың жа­ра­қат­тануын барынша азайтады. Бұл құ­рылғылар тежегішті шұғыл басқанда, тіпті ірі апат болған жағдайда жүкті әйелді соқ­қылардан сақтап қалады. Жүкті әйелдерге ар­налған қауіпсіздік белдіктерінің тағы бір түрі бар. Олар «Maternity seat belt» деп ата­лады. Олар кәдімгі қауіпсіздік белдікте­рі­нен икем­ділігімен ерекшеленеді және оның үш емес, төрт бекіткіші бар. Жүкті әйел онымен қысымды сезбейді және бо­луы мүмкін жарақаттардан анағұрлым сақ­талады.
Бақыткелді АЙҚЫНБЕКОВ, Астана қалалық ІІД Жол полициясы басқармасының бастығы:
– Қандай адам болмасын, мейлі, ол жүкті болса да, егер көлік жүргізетін бол­са, міндетті түрде қауіпсіздік бел­беуін тағуы тиіс. Тіпті қауіпті сәттер бол­ма­ған күннің өзінде, жолда басқа да оқыс оқиғалар кездесуі мүмкін. Те­же­гіштің оқыс басылуының өзі жүкті әйел өмі­ріне үлкен қауіп туғызады. Бұл ретте не­гізі жүкті әйелдер дәрігерлермен са­насуы тиіс. Жүктіліктің неше айлығына де­йін көлік жүргізуге болады, мүмкін, іштегі балаға 8-9 ай толғанда көлік жүр­гізуге болмайтын шығар. Егер көлік жүр­гізіп келе жатып аяқ астынан толғақ қы­сып қалса, не істемек? Сондықтан дә­рігер мамандар бұл ретте арнайы бір қо­рытынды жасап, қыз-келіншектерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізулері ке­рек. Дегенмен қалай десек те, жүкті әйелдерге қауіпсіздік белбеуі зиянын тигізбейді, керісінше, пайдасы зор. Өйт­кені қауіпсіздік белдігін тақпаса, жыл­дамдықты өзгертем деп тежегішті басқан кезде, оның іші бәрібір рөлге соғылады. Сол үшін жүкті келіншектер ең бірінші өз денсаулығын ойлауы тиіс. Егер өз қауіпсіздігіне немқұрайды қа­ра­са, онда ол өзімен қоса, іштегі бала­ның да денсаулығына қауіп төндіреді.

Айта кетейік, ҚР ІІМ Жол полициясы ко­ми­тетінің мәліметінше, өткен жылы елі­міз­де 14 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тір­келген. Осының салдарынан 3 мыңнан аса адам қайтыс болып, 17 500-ге тарта азамат түрлі дене жарақаттарын алған. 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы жол-көлік апаттары елімізде 18%-ға арт­қан. Сондай-ақ тіркелген 14 мыңнан астам жол-көлік оқиғаларының 400-ге жуығы кө­лікті мас күйінде жүргізудің кесірінен болған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста