Жолыңыз болмай жүрсе, шежіреге үңіліңіз

Жолыңыз болмай жүрсе, шежіреге үңіліңіз

«Неге осы менің маңдай сорым бес елі?», «Не себепті бизнеске келген­де жолым болмай-ақ қойды?», «Неге сүрбойдақтығымнан арылмай келе­мін?», «Неге перзент сүйе алмай жүрмін...?» Адам болғасын, кез кел­ге­ні­міз­дің басымызда осындай жауабы жоқ сансыз сауалдардың бірі жүретіні жә­не оның түбіне бойласаң, тұңғиығына батыра жаздайтыны да жасырын емес. Дей тұрғанымен, амалын тапса, мұндай тұйықтан да жол табуға болатын көрінеді. Ол амал қазақтың ұрпақ тарқатар шежіресі екен. Тіршілікте кезіккен кейбір проблемаларды кәдімгі шежіреге, яғни ата-тегіңе үңілу арқылы шешуге болады. Мұны Ресейдің ғалымдары білдей бір ғылымға айналдырып отырған жайы бар. Шежіре ғылымының аты орыс тілінде «ро­дология» деп аталады. Қазақша «тектану» десе болатын шығар. Жаңа ғы­лымның негізін қалаушылар – отбасылы Валерий және Лариса Докучаевтар.
Бұқар Жырау «жақсыдан жаман туса да, жаманнан жақсы туса да, тартпай қоймас негізге» дейді. Адамның көп қасиеттері, негізінен, тегіне тартатынын білеміз. Бірақ ата-бабамыздың басынан өткен жағ­дай­лар бейсаналы түрде ұрпағының да басынан өтетінін байқай бермейді екен­біз. Мұны тек генетикалық кодтың заңды­лық­тарымен ғана түсіндіруге болады. Осы­ның бәрін зерттейтін ғылымды «родология» дейді.
Сенбі-жексенбі күндері осы ғылымның негізін қалаушы ресейлік ғалым, родолог Валерий Докучаев Қазақстанға келіп семинар өткізді. Мұндай семинар бізде екі айда бір рет өтіп тұрады екен. Семинарға бір жарым жыл бойы үзбей қатысқан адамға консультант-родолог деген сертификат беріледі. Біздегі Валерий және Лариса Докучаевтардан тәлім алған тұңғыш консультант-родолог – Әлия Сағымбаева.
Консультант-родологтердің қызметі – біз сөз басында тоқталғандағыдай, жеке проб­лемаларымен келген адамдардың ше­жі­ресіне қарап, тірлігінің мәнісін кетірген мә­селелерін табу және соның түйінін шешу. Ал оларға жүгінетін адам, ең бастысы, әкесі мен шешесі жағынан үш-төрт атасы­на дейінгі шежірені біліп, тегін таратып әкелсе болды. Оны өздерінің тілінде «генограмма» дейді.
Түсінікті болу үшін Әлия Сағымбаева­ның практикасындағы бір-екі оқиғаны келті­рейік. Мәселен, жолы болғыш бір жігіт 34 жасында өзі сәтті еңбек етіп жүрген шетел­дік компаниядан ешқандай себепсіз, аяқ­астынан жұмыстан кететіндігі жайында өті­ніш жазады. Оның осы түсініксіз ше­ші­мінің сыры шежіресінен анықталады. Сөйт­се, бұл жігіттің арғы атасы, яғни ата­сы­ның әкесі 34 жасында «халық жауы» ре­тінде атылған көрінеді. Ал атасы, былайша айтқанда, «халық жауының» баласы тегін өзгертіп, судья болады. Алайда бір сот про­цесінде мұны біреулер танып қойып, «халық жауының» баласы деп көрсетіп жібереді. Ақыры ол да 34 жасында судьялық қызметінен бір фабриканың қарапайым жұмыскері дәрежесіне дейін түсіп қалады. Енді, міне, осыған ұқсас жағдай немересінде де қайталанады. Осыдан кейін бұл жігітке родологиялық, психологиялық кон­сультация жүргізіліп, бейсаналы түрде қа­лыптасқан түйінді ағытады. Қазір жігіт өзі­нің бизнесін дөңгелетіп әкеткен.
Тағы бір мысал, 19 жыл бойы бала көтер­меген әйелге қатысты. Шежіре тарихын ақтара келгенде, әлгі әйелдің әжесі тоғыз бала дүниеге әкеліп, оның алтауы шетінеп кеткен екен. Тура солай нағашы әже­сі де көпбалалы болған. Яғни 12 бала тауып, оның да алты баласы түрлі ауру­дан өлген. Осыдан кейін әйелдің санасында, генетикалық кодында: «туған бала­ла­рыңның бәрі өле берсе, бала туып не керек?» деген ақпарат жазылып қалған. Оның үстіне, балгер де «сен бедеусің!» деп бал ашып берген. Ақырында әйел амал­сыз кон­сультант-родологтің көмегіне жү­гін­ген. Бірігіп жұмыс істей келе, әйелдің са­на­сын­дағы ақпаратты өшіріп, жадын қай­та «бағдарламалайды». Әлия Сағым­бае­ва­ның айтуынша, нәтижесінде әлгі әйел қазір бір қыз, бір ұл сүйіп отыр. Міне, бұл ғы­лымның ерекшелігі – осында.
Валерий және Лариса Докучаевтар ғы­лымның осы бағыты бойынша Якутияда біраз жұмыс істеген. Себебі орыстардың іш­інде ата-тегін, шежіресін білетіндер не­кен­саяқ. Ал якуттар біздің «жеті атаны» біле­тініміз секілді өздерінің тоғыз атасын білуі керек екен. Бізге келіп, семинар өткізуінің себебі де сол көрінеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста