Жолы болғыштықтың тылсымын кім біледі?

Жолы болғыштықтың тылсымын кім біледі?

Өмір дегеніңіз қызық құбылыс қой. Оны ешкім түсініп болмайды. Жұмбақ жаратылысты түсіне алмаймыз. Олардың қатары сан алуан. Ғылым мен техника дамыған уақыттың өзінде мұндай құбылыстардың кілті табылар емес. Оны қашан таба аламыз? Біздің оған қашан өреміз жетеді? Осындай сансыз сауалдар жұмыр басты пенделерді ойландырады. Бірақ, ешкім де оның анық-қанығын біле бермейді. Білемін дегеннің өзі оған ешбір жауап бере алмайды. Көптеген тың жаңалықты дүниеге алып келіп жатқан Жапония мен Оңтүстік Кореяның өзі оларға әлі сұраулы жүзбен қарайды. Ендеше, адамзат баласы мұндай сұрақтарға жауап іздеуге қауқарсыз болып отырған жайы бар. Әрине, заман бір орнында тұрмайды, күні кеше бізге таңсық болған талай дүние қазір күнделікті өмірде кәдемізге жарап жатыр. Сондықтан келешек кемерінде біздің жауап күткен көптеген сауалдардың түйіні тарқатылып қалар деген үміттеміз.
Осындай тылсым сырлардың бірі – сәттілік. Мәселен, бір адамның жолы үнемі болып жатады. Қай істі бастаса да, оның орайы келіп, жұмысы ілгері жүріп жатады. Соның арқасында тасы өрге домалап, әрдаым еңсесі тік жүреді. Ендігі бір азаматтың ұдайы ұнжырғасы түсіп кететіні тағы бар. Өйткені, жасаған жұмысы ешбір өнбейді. Тіршілігі кері кетіп жатады. Бұл әрбір адамның жүйкесіне әсер ететіні тағы бар. Бұл қандай құбылыс екен? Бір адамның жолы үнемі оңғарылады, екіншісі оған кері болады. Осындай сансыз сауал ойын шырмап алған адамзат баласы қанша жерден ғылым мен техника күшін пайдаланамын дегенмен одан ешбір нәтиже көрінер емес.
Осыған орайлас оқиғаларды тілге тиек ете кетелік. Бір азамат жоқтан бар жасады. Қолында ешбір қаржысы жоқ болатын. Бірақ, оның қиялында кәсіппен айналысамын деген ой тұрды. Өкінішке орай, қолында ақшасы жоқ адам үшін ол дегеніңіз құр бос қиял сияқты көрінер еді. Жолының болғыштығын айтсаңызшы. Алғашқыда ол қалада кәдімгі оны-мұны сатудан бастаған. Содан кейін тасы өрге домалап жүре берді. Ақшаның үстіне ақша қосып, тіршілігін одан әрі дөңгелетті. Қазіргі таңда ол ел білетін танымал кәсіпкерге айналды. Әрине, өткен күнін ешқашан естен шығарған емес. Өткен күндеріне ризалықпен қарап, келешек көкжиегіне үлкен үмітпен қарайды. Осыдан кейін сәттілік демей көріңізші. Соның арқасында ел білетін мықты кәсіпкер болып отырғанына қызыға қарайтын жұрт аз емес.
Осыған кереғар көрініс. Бұл азамат та кәсібін жүргізгісі келген. Үш-төрт мәрте ісін ашты. Бірақ, түрлі жағдаймен жұмысы жүрмей қойды. Бірде дүкені өртеніп, біраз шығынға батты. Одан кейін саудасы онша жүрген жоқ. Табыс табудың орнына шығынға ұшырай бастады. Одан кейінгісінде де көптеген кедергілер орын алды. Әйтеуір, өзі үнемі әрі-сәрі күйге түсді де жүреді. “Қырсық бір айналдырса, шыр айналдырады” деген сөздің растығына көз жеткізуге болады.
Осы орайда кейіпкерлердің сөзіне зейін салып көрсек. Өзінің жолы болғыштығын айтқан бар танысымыз “Болашаққа үмітпен қараған жөн. Ол алға жол сілтейді. Бірақ, бастысы бүгінгі өмір екенін ұмытпаған жөн. Өзімді жолы болғыш деп те айтуыма болады. Көп қиындықтан оңай құтылып кететін секілдімін. Үлкен бауырларым, әке-шешемнің көрген қиындықтарын көрген жоқпын. Жолым болды. Өйткені әкем мен анамның еркесі болып, олардың жақсылығын көріп, мейіріміне бөленіп өстім Жолым болды. Өйткені, мектепте де, жоғарғы оқу орнында өзімнің жолымды тауып келемін. Айналамдағы адамдардың, достарымның барлығы тамаша жандар. Үнемі тілген тілектерім қабыл болады. Өмір деген бәрібір мәңгі емес қой. Сонда да барлық жақыныңды қасыңа байлап жүргің келеді. Өз өмірімде бәрі өз орнымен болып жатыр. Ешқашан жолым болмады деп айтқым келмейді. Менің жолым болды, болып жүр, бола бермек деп қояйын! Бірнәрсе болмай қалса, жолым болмады деп қапалануға болмайды ғой. Кейде көп адамның ішінде жүріп, жалғыз қалатын кездері кездеседі. Өзіңнің ішкі жан-дүниеңмен арпалысып, ешкім сені түсінбейтіндей, мына дүниеде бос жүргендей көрінетін. Ол сәтте жалғыз қалып, ендігі жолы олай қайталанбас үшін ертеңгі күні өзімді қалай ұстауым керек дегендей ойлаынып, біраз жоспар жасаймын. Менен үміт күтетін жандар бар екенін есіме түсіремін. Сосын сабырға келіп, бәрі жақсы болатынына өзімді сендіремін” дейді ол. Әрине, оны нақты тұжырым деп санай алмаймыз. Бұл, жеке адамның ойы. Әрбір құбылысты адамдар түрліше түсінеді. Әркімнің ойы қымбат. Өзіне бағалы. Оларға да назар аударуға болады. Мүмкін, солай да шығар. Бұл орайда дін мәселесін де естен шығармағанымыз абзал.
Дегенмен, осы тақырып бойынша белгілі адамдардың еңбектеріне үңіліп қарап көрдік. Қолға нақты деректер кездесе қойған жоқ. Әйтсе де, мына бір дерекке назар аудара кеткеннің артықтығы жоқ. Эссекс университетінің ғалымдары отбасында үлкен балалар кіші балаларға қарағанда өмірде жолы болғыш келетінін анықтаған. Зерттеу барысында алынған фактілер өмірде жеткен жетістіктер – отбасындағы балалардың үлкендерінің үлесінде болғанын көрсетеді. Оған мысал Хиллари Клинтон, Опра Уинфри, Джоан Роулинг, Бейонсе болып табылады. Олар отбасының тұңғыштары болған және керемет жетістіктерге қол жеткізген. Бұл ретте зерттеушілер қыз балалардың пысықтығы арқасында табысқа жету мүмкіндігі молболатынын нақтылған. Ал ер балаларда бұл баяу, бірақ ер бала, қыз бала болсын, өздерінен кіші іні-сіңлі, қарындастарынан бұрын ЖОО-ға түсіп, артынша мансап баспалдағында жылдамырақ биіктен көріне білген.
Қысқасы, жолы болғыштықтық қасиетті тереңірек түсіне алмай келеміз? Жауабы қашан табылады? Белгісіз...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста