«ЖолПолға» көлік тоқтатуға құқық беретін 8 себеп

ҚР ІІМ Әкішілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха қазақстандық жүргізушілерге ішкi iстер органдары қызметкерiне көлiкті тоқтатуға құқық беретін талаптарды қағазға басып шығарып, өздерімен бірге алып жүруге кеңес берді.

Iшкi iстер органдары қызметкерiнiң талабы бойынша көлiк құралын тоқтатуға мыналар негiздер болып табылады:

1) көлiк құралы жүргiзушiсiнiң осы Заңның талаптарын және (немесе) жол жүрiсi қағидаларын бұзуы, оның iшiнде техникалық тiркеу құралы тiркеген жол жүрiсi қағидаларын бұзуы;
2) айдап әкетiлген, ұрланған көлiк құралдарын, сондай-ақ жүргiзушiлерi жол-көлiк оқиғалары, көлiк құралдарын пайдаланумен байланысты өзге де қылмыстар болған жерден қашып кеткен көлiк құралдарын iздестiру жөнiндегi жұмыс;
3) осы Заңның 54-бабы 3-тармағының 7) тармақшасында (көлiк құралын:
шығындарды өтеттiре отырып, медициналық көмек көрсету үшiн жол-жөнекей бағытта кетiп бара жатқан медицина қызметкерлерiне, сондай-ақ жедел медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелерiне жеткiзу үшiн, сондай-ақ терроризмге қарсы операциялар жүргiзу кезiнде жүру бағытына қарамастан, медицина қызметкерлерiне, iшкi iстер органдарының және ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерiне;
жол-көлiк оқиғалары кезiнде бүлiнген көлiк құралдарын тасымалдау, дүлей зiлзала болған жерге бару үшiн iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк күзет қызметi мен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерiне беруге;) көзделген жағдайларда көлiк құралын беру қажеттiгi;
4) стационарлық полиция бекеттерiнде, сондай-ақ жедел-профилактикалық iс-шараларды жүргiзу кезiнде жүргiзушiнiң осы Заңның 54-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында (көлiк құралын басқару құқығын беретiн жүргiзушi куәлiгiн не жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген уақытша куәлiктi жүргiзушiнiң жеке басын куәландыратын құжатпен бiрге;
      көлiк құралын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi не көлiк құралына меншiк құқығын куәландыратын құжатты;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисiн және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисiн;
      көлiк құралын оның иесi болмай басқарған жағдайда – уақытша иеленуге және пайдалануға берiлген көлiк құралын басқаратын жеке тұлғаның уәкiлеттi органда мiндеттi тiркелуiмен бiрге осы көлiк құралын иелену немесе пайдалану немесе билiк ету құқығын растайтын құжатты;
      жол парағын, алып жүретiн жүкке арналған құжатты (тауар-көлiктiк жүкқұжатты) және көлiк құралына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге де құжаттарды өзiмен бiрге алып жүруге және iшкi iстер органдарының, көлiктiк бақылау органдарының уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамдарының талабы бойынша оларға тексеру үшiн беруге; ) көзделген құжаттарын тексеру;
5) полиция бекеттерiнде және бақылау-өткiзу пункттерiнде тасымалданатын жүк құжаттарын тексеру. Арнайы iс-шараларды жүргiзу кезеңiнде тасымалданатын жүк құжаттарын тексеру мақсатымен көлiк құралдарын полиция бекеттерiнен тыс жерде тоқтатуға жол берiледi;
6) уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың қозғалысты шектеу немесе оған тыйым салу туралы шешiмдерiн орындау;
7) жүргiзушiге және (немесе) жолаушыға (жолаушыларға) өздерi куә болып табылатын жол-көлiк оқиғаларының, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың, қылмыстың жасалу мән-жайлары туралы сауал қою қажеттiгi;
8) жол жүрiсiн реттеу.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста