Жоғалған телефонды іздеймін десеңіз...

 Астанада бір күнде жоғалған 30 телефонның біреуі ғана табылады екен. Қалғаны қайда кетеді? Полиция неге іздемейді? Олар құлықсыз ба, әлде өзіміз құнтсызбыз ба?

Бүгінде ұялы телефон байланыс құралы ғана емес. Суреттер, жеке деректер, логин мен құпия сөз сақтайтын әмбебап құрылғы.

Технология дамыған сайын, жаңартылып, қызықтыра түсетін смартфондардың бағасы шарықтайды. Қымбатына қарамай заман ағымынан қалмаймын дейтіндердің көбі жылдар бойы төлейтін несиеге смартфон сатып алып, банк қақпанына түсіп жатады. Қолы жетпегендердің ішінде смартфонды болу үшін ұрлыққа баратындары бар. Жалпы жеке мүлік ұрлығының ішіндегі ең жиі кездесетіні қазір смартфон ұрлығы болып тұр.

Тек Астанада ғана жылына орта есеппен он мыңнан астам ұялы телефон ұрланады екен. Ал күніне орта есеппен 20-28 ұялы телефон қолды болатын көрінеді.

Телефон тез табылсын десеңіз...
Шындығында жоғалған смартфонды қазір екінің бірі өз күшімен іздей алады. Және қазіргі смартфондарды иесі үш-төрт құпия сөзбен, ал қымбаттарын саусақтың ізімен де бұғаттап қоятын мүмкіндігі бар.

Ол аз десеңіз, әрбір смартфонның интертен арқылы бақылауға мүмкіндік беретін функциясы бар, ол үшін иесі өзін Google жүйесінде тіркеп қоюы керек.

Компьютердің тілін білсеңіз, Google жүйесіне тіркелген электронды поштаңыз арқылы телефоныңыз қайда екенін көріп отырасыз.

Өкініштісі мұның бәрі де пайдасыз болуы мүмкін. Мысалы Астанада бір айда ұрланған сегіз жүз телефонның тек отызы ғана табылады екен.

Полиция іздемейді ме? Әлде ұрылар телефонды табылмайтындай қылып сатудың әдісіне көшкен бе? Түсініксіз.

Полиция ұрының түрін көрсе ғана тез тауып алады
– Іздеу жұмыстарының түрі көп, оның ішінде ең жиі қолданылатыны IMEI код арқылы іздестіру, – дейді Астана қаласының ІІД криминалдық полиция басқармасының жедел іздестіру бөлімінің бастығы, полиция майоры Нұриман Валеев.

Айтуынша, ұрланған немесе жоғалған смарфондарды жедел іздестіру кезінде күдікті тұлға жайлы анық ақпарат болса, немесе бейнебақылау камерасына түсіп қалған жағдайда ізін суытпай сол күні табуға болады.

Телефоныңыздың IMEI кодын қалай табуға болады?
Телефонның IMEI коды – ол сериялық нөмір, 15 саннан тұрады және ол телефонда, кепілдік талонда, телефон қорабында көрсетіледі.

Телефоныңыздан * # 06 # командасын теру арқылы IMEI кодын білуге болады. IMEI – сіздің ұялы телефоныңыздың қорабында және батарейкасының астында жазылған 15 таңбалы сан. Алайда, телефоныңызды жөндеттіңіз бе, не болмаса корпусын ауыстырдыңыз ба, ескеру керек. Себебі, қораптағы IMEI кодпен сәйкес келмей қалуы мүмкін.

Смартфонды іздеу үшін...
Полиция смартфонды іздей бастауы үшін ең бірінші сериялық нөмірі, IMEI коды керек және арызданушыдан болған мән-жәй бойынша толық мәлімет керек.

Телефонынан айырылған адамның жеке куәлігі және жоғалған смартфонның құжаттары болуы тиіс.

– Арызданушы толық түсініктеме беріп, арыз қалдырады. Барлық процедуралар шамамен 30-40 минут уақыт алады, ақылы процедура жоқ, –дейді Нұриман Валеев. – Арыз тіркелгеннен кейін ІІМ базасына енгізіледі.

Ал смартфоныңызды ешкім пайдаланбасын десеңіз, сіздің рұқсатыңыз бойынша телефоныңыз бұғатталады.

Іздеу жұмыстары күдікті анықталып, қылмыс ашылғанға дейін жүргізіледі.

Жоғалғаннан гөрі ұрланды десең, тауып берді
Біздің кейіпкеріміз Амангүл Әлібай екі жылдың ішінде екі телефон жоғалтқан.

– Бірінші телефонымды 85 мың теңгеге сатып алғанмын. Таксидің ішінде ұмытып кетіппін. Есіме түскен бойда дереу өз номеріме қоңырау шалып едім, бірінші сигнал барысымен өшіріп тастады.

Арыз жаздым, табылмады. Прокуратураға қоңырау шалып сұрағанымда, іс бір баппен тоқтатылған деді. Қандай бапты айтқаны есімде жоқ. Ең қызығы, істі тоқтатқандары туралы маған хабарлап,ескертпеді, – дейді Амангүл. – Екінші телефонымды 140 мың теңгеге несиеге алдым. Keruencity ойын-сауық орталығында сөмкемнен алып кетті. Ішкі істер бөліміне арыз жаздым.

"Жоғалттым" деп емес, "ұрланды" деп жазсаң тауып береді деп таныстарым кеңес берді. Біріншісі табылмағаны содан болар деп, "ұрланды" деп жаздым. Расымен, бір айдан соң телефонымды тауып берді.

Полиция міндетіне адал болсын деп тілеңіз
– Бір-екі сағат сенер-сенбесімді білмей жүрдім. Барып көрейін деп ішкі істер бөліміне барсам, Мақсат есімді жігіт, "Сізге міндетін адал орындайтын қызметкер кездесті, жолыңыз болды" деп, телефонымды қайтарып берді.

Телефоным Артем базары маңындағы алып-сатарлардың қолында болған екен. 10 адамнан өтіпті. Экраны сынғаны болмаса, сол қалпы. Полицейлерге сене бастадым, – дейді Амангүл.

"Таныс полицей ұры деп өзімді тауып алды"
Амангүл бірінші телефоны табылмаған соң, екінші рет іске таныстарын қосқан.

– Таба алмады. Танысымның көмек сұраған таныс полицейі менің соңғы номерім арқылы іздеген. Сол кезде өзімнің номерім арқылы мені ұры орнына іздеп тауып, күлкіге қарық болдым, – дейді Амангүл.

– Маған қоңырау шалып, "Сіз ұстап жүрген телефон ұрланған" дегенде талып қала жаздадым, байланыс үшін қарапайым телефон ұстап жүргенмін, – дейді Амангүл.

Телефон табылмау үшін...
Нұриман Валеевтің айтуынша, ұрылар телефонды бөлшектеп сатып жібереді. Сондықтан, ұрланған телефондарды табу қиынға соғып отыр екен.

Қымбат телефонды ұрылардан 15-20 мыңға сатып алып, бір бөлшегінің өзін аз дегенде осы бағаға сататын пысықтармен біз де сөйлесіп көрдік.

Жетінші айфонды 20 мың теңгеге

Біз сатып алушыларға Айфон 7 телефонын ұсынып көрдік. Оны тауып алғанымызды және оның саусақ іздерімен бұғатталғанын айтқанымызда:

– Егер сатамын десеңіз, жеке куәлігіңіздің көшірмесін алып қаламыз. Полиция іздеп келсе, сізге жөнелтеміз, – деді ол.

Бірақ... бұл телефон үшін ол 15-20 мың теңге бере алады. Айтуынша, егер бөлшектеп сататын болса, оны ешкім іздеп таба алмайды екен.

неге іздемейді? Олар құлықсыз ба, әлде өзіміз құнтсызбыз ба?

Қораптың сыртында көрсетілген IMEI-код
Қораптың сыртында көрсетілген IMEI коды / Фото blogspot.com сайтынан алынды

Бөлшектеген телефонды іздеп табу мүмкін емес
Бөлшектелген телефонды іздеп табу мүмкін емес / Фото imagefreehd.com сайтынан алынды
Қымбат телефонды ұрылардан 15-20 мыңға сатып алып, бір бөлшегінің өзін аз дегенде осы бағаға сататын пысықтармен біз де сөйлесіп көрдік.

Жетінші айфонды 20 мың теңгеге
Бағасы ең кем дегенде 275 мың теңге тұратын Айфон 7 телефонын 20 мың теңгеге сатып алады
Бағасы ең кем дегенде 275 мың теңге тұратын Айфон 7 телефонын 20 мың теңгеге сатып алады / Фото Apple-iPhone.ru сайтынан алынды
Біз сатып алушыларға Айфон 7 телефонын ұсынып көрдік. Оны тауып алғанымызды және оның саусақ іздерімен бұғатталғанын айтқанымызда:

– Егер сатамын десеңіз, жеке куәлігіңіздің көшірмесін алып қаламыз. Полиция іздеп келсе, сізге жөнелтеміз, – деді ол.

Бірақ... бұл телефон үшін ол 15-20 мың теңге бере алады. Айтуынша, егер бөлшектеп сататын болса, оны ешкім іздеп таба алмайды екен.

Қолдан телефон алсаңыз, тексеріп алыңыз...
Өйткені ұрланған телефонға ұрынуыңыз мүмкін.

Егер бұл қадамға бел бусаңыз, Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі сайтының криминалды телефон қызметі арқылы телефон іздеуде ме, жоқ па, тексеріп алуыңызға болады.

Ол үшін сайтқа тіркеліп, телефонның IMEI кодын енгізу арқылы іздейсіз. Телефон ұрланған болса, осы сайттағы тізімде болады.

Жоғалған телефоныңызды өзіңіз-ақ таба аласыз
Негізі қазіргі смартфондар екі түрлі операциялық жүйе негізінде жұмыс істейді.

Бірі – бағасы қымбат, тістелген алма белгісі бар американың Apple компаниясының телефоны мен планшеттеріне ғана тән iOS жүйесі.

Екіншісі де осал емес. Нарықтағы өзге смартфондарды істетіп тұрған Android операциялық жүйесі.

Android платформасындағы телефонды іздеу үшін:
Google жүйесінің мына парақшасына тіркеліп, "Жеке кабинет" ашыңыз. Логин мен құпия сөз ретінде өзіңіздің электронды адресіңіз бен поштаңызды жазасыз.

Жеке кабинетіңізден сізге "Android" папкасы керек. Әдетте ол төменде болады, сондықтан төменірек түсіп қараңыз.

Егер "Android" деген сөзді бассаңыз, осы аккаунтқа тіркелген барлық құрылғылардың тізімі шыға келеді. Өндірушінің атауы, құрылғының моделі, байланыс операторы, гаджеттің аккаунтқа қосылған күні мен интернетке соңғы рет қай күні кіргеніңізге дейін – барлығын көре аласыз.

Тізімнің оң жағында "Белсенді құрылғыларды басқару" деген сілтеме тұрады, соны басасыз.

Сілтеме картаны ашады. Егер жоғалтқан құрылғыңыз қосулы болса, Google оның тұрған жерін 20-30 метр дәлдікпен анықтай алады және картада іздеу болатын аумақты белгілеп береді.

Ал ашылған беттің сол жағында аккаунтқа тіркелген құрылғыларды ауыстыруға болатын терезе және үш батырма бар. Сол арқылы телефоныңызды басқара аласыз.

Осылайша, сіз телефоныңыздан қашықтықта отырып іздеуге кірісесіз
Сайттағы "Қоңырау шалу" тетігін бассаңыз, телефоныңыздан бес минут сайын дыбысы ең шарықтау шегіне дейін қатты қоңырау әуенін ойнатады. Сол маңайда іздеп жүрсеңіз, ол да бір белгі болады.

"Бұғаттау" басты экранға құпия сөз енгізуге мүмкіндік береді. Осылайша, телефон және оның ішіндегі жүктелген қосымшалар қолжетімсіз болады.

Сонымен қатар, бұғатталып тұрса да басты экраннан көрінетін хабарламалар жіберуге болады. Әдетте телефонның иесімен қалай байланысуға болатынын жазып қалдырып жатады.

Androidты қашықтықтан басқару арқылы құлыптағыңыз келсе, ұмытып қалмайтын құпия сөз енгізіңіз. Немесе жазған комбинацияңызды қағазға жазып алыңыз. Әйтпесе, оны кейін ауыстыру не өшіру қиын болады.

Ал телефоныңыз қолыңызға тисе, мына жолмен: "Баптаулар" → "Қауіпсіздік" → "Экранды бұғаттау" командалары арқылы құпия сөзді өзгерте аласыз.

"Қалпына келтіру" телефонның өндірушіден шыққан барлық баптауларын қалпына келтіреді. Яғни, фото, әуендер және өзге де деректер жоқ болады. Ал қашықтықтан басқару функциясы жұмыс істемей қалады.

Айфоныңыздан айырылып қалсаңыз...
Телефоныңыз Apple маркалы болса, геолокация арқылы табу оңай. Алайда бұл әдіс те тек қосулы телефондарға қатысты.

Ал телефоныңызды өшіріп үлгерген болса, полицияға арыз жазып қойып, қол қусырып отыра бермеңіз. Мүмкін полиция сіздің арызыңызды тіркегенше, сіз өзіңіздің қымбат затыңыздың жатқан жерін анықтап аларсыз.

Телефоныңыз өшірулі болса...
iCloud сервисі арқылы табуға болады. Бұл опция Apple компаниясының ресми бұлтты қоймасы. Онда Apple өнімін қолданушылар кез келген құрылғысының файлдарын сақтап отырады. Пайдаланушыларға да қалаған уақытында онлайн режимде барлық файлдары қолжетімді.

Сонымен қатар, иесіне жоғалған затын тауып беруге де септігін тигізіп жатады.

Мәселен, "жоғалту режимін"-де iCloud қосылды. Сол кезде гаджетіңіз құлыпта болса да, экраннан хабарлама көрсетіліп, сол номерге қоңырау шалу мүмкін болады.

Сонымен қатар, бұл режимде тұрған айфоннан қоңырау қабылдап, SMS жазуға болады.

Айфоныңызды iCloud сервисі арқылы да алыстан басқара аласыз. Android жүйесіндегі мүмкіндіктердің барлығы қарастырылған.

Айфондарға ғана тән тағы бір ерекшелік, Find My iPhone қосымшасы. Сервис гаджеттің орналасқан жерін анықтай алады, оны құпия сөзбен бұғаттап, ішіндегілерді өшіре алады. Алайда, сервис істеу үшін баптау мәзіріндегі "iPhone табу" функциясы қосулы болуы тиіс.

informburo.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста