Жезқазғандық азамат Қазақстанды толықтай Ресейге беруді ұсынды
Ұлытау облысының тұрғыны Қазақстанның жерін Ресейдің құрамына кіргізуді ұсынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 31 телеарнаға сілтеме жасап.
Чат-рулетка әлеуметтік желісінде өзін жезқазғандық "Александр Сергеевич" деп таныстырған азамат Қазақстанның солтүстігін Ресейдің территориясы деп санайтынын, реті келсе көрші мемлекетке Қазақстанның бүкіл аумағын қосу керектігін айтқан.
Бұл бейнежазба әлеуметтік желіде тараған соң, Қазақстанның жерін тұтастай Ресейге беруді ұсынған азамат, "сол күні мас болып әзілдеп айттым" деп ақталған.
Алайда, Жезқазғанның бір топ тұрғыны оны жауапқа тартуды талап етіп отыр. Мұндай сепаратисттік көзқарасты адамнан қоғамды қорғап, Қазақстан азаматтығынан айыру керектігін айтқан.
Ал Ұлытау облысының прокуратурасы қазір Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруге тіркеу үшін құжаттар жинақталып жатқанын жеткізді.