Жезөкшелік жасап, оқу ақысын төлеген студент бар сырын айтты
Әкесі қайтыс болып кеткен Зара (Зарина Талғатқызы) Астанада білім алады. Ол өзінің оқу ақысын жезөкшелік жасап төлеп жүргенін жасырмай айтып берді.
19 жасар Зара бар болғаны 2-курстың студенті. Астанадағы көңілді бір кеште 40-тар шамасындағы ер кісінің көзі түсіп, әлеуметтік жағдайын жақсартамын деп уәде береді. Сондай-ақ ол әр кездесу сайын 50 000 теңгеден аса қаражат беріп отырған.
Дәл қазіргі уақытта Зараның бес бірдей "көңілдесі" бар көрінеді. Ол ер азаматтардың әрқайсысымен бір-біріне білдірмей кездесіп отырады. Ең сорақысы, бұл өмірі Зараға ұнайды екен. Өйткені осындай "сүйіктілердің" арқасында бауырлары мен анасына көмектесіп, оқу ақысын өзі төлеп отыр.
37 жастағы жігіт Зараны бір көргеннен ғашық болып, үйленуге ұсыныс жасапты. Әйел, бала-шағасынан ажыратқысы келмеген қыз оған жасырын кездесуге ұсыныс білдірген. Қуана келіскен жігіт әр кездесу сайын 50 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін қаражат беріп тұрады. Дубаиға қыдырып қайт деген көңілдесінің қаражатын Зара сүйікті анасына жіберіпті. Тіпті қазір оның жеке көлігі де бар. Мұндай толағай табыстың қайдан келгенін сұраған анасына "даяшы болып таптым" депті студент қыз.
Ләйла Сұлтанқызына бар сырын айтқан Зара отбасын құрып, бірнеше қыздың анасы болғысы келеді. Лайым, Зара секілді қыздарға сана берсін деп тілейміз.