Жезөкшелік 13-14 жасар қыздарға да жетіпті

Жезөкшелік 13-14 жасар қыздарға да жетіпті

Өткенімізге тас атып, қанша күстаналасақ та кешегі Кеңес өкіметі ұятты қоғам орната білді. Мұғалімдер мораль оқудан шаршамайтын, оның пайдасы да баршылық-тын. Ұят болмасынның ауылынан алыстамаған апа-әжелеріміз қыздарын қырық үйден тиып ұстап келді. Кеңес одағы кезінде қылаң берген келеңсіз құбылыс қайта құрудан кейін белең алды. Бастағы жүген сыпырылды. Аяқтағы тұсау алынды. Ұзын етек қырқылды. Сонымен бірге ұяттың көбесі де сөгілді. Жариялылығымыз тым жалаңаштап тастады. Беттің арын белге түйген, ар-намыстан жұрдай, батыстың бейәдеп кинолары көгілдір экранымызды жаулап алып, «тәтті умен» санамызды сусындатты. Осы жайында «Алаш айнасы» ой толғайды.

Бұған дейін мұндай сұмдықты көрмегендер көзімен жер шұқитындай халге жетіп еді. Шошындық. Ойбайладық. Бетімізді шымшып теріс айналсақ та, бетпақ қоғам «бет бақтырмады». Ақыры жеңіп тынды. «Көре,көре көсем болған» көпшіліктің мұндай бейәдетке бойы үйреніп, еті өліп кетті. Тіпті, шетелден келетін жылтыраған журнал біткенді жалаңаш әйелсіз елестете алмайтын күйге жеттік. Кейбірін парақтай қалғанда бетті басып, қатты сасып, қашып кетуге тура келетін-ді. Бірақ, өйтпедік. Осы «америкалық ауру» тұттай жалаңаш кинолардың «жемісін» көп өтпей-ақ көре бастадық. Жұмыссыздықты, заманның қиындығын желеу еткен шөпжелкелер көшені жаулап алды. Ар, Абыройды аяққа таптап. Намыс нан бола ма деуді арланбай айтатындар да солар. Қоғамның жазылмас жарасына айналған бұл дерт жыл өткен сайын жайлап барады. Шошытатыны осы. Дабыл қағамыз. Даурығамыз. Бірақ, нәтиже жоқ. Қазір Қазақстанда тәнін сатып «күн көріп» жүрген төменетектілердің саны қанша, олардың арасындағы қаракөздердің үлесі қандай? Бұл сауалға жауап беретін жан жоқ. Белгілісі, әйтеуір олар көп. Ресми емес дерек көздерінің мәліметінше бүкіл еліміз бойынша осы кәсіптің көрігін қыздырып, нәпақасын айырудың құралына айналдырғандардың ең аз дегенде 70 пайыздан астамы қазақ қыздары. Бір ғана Саин көшесінің бойында бір түнде 2 мыңнан астам қыздар «түнгі ауысымға» жұмысқа түсетін көрінеді. Жасырып, жауып қайтеміз, бәрібір басына тартсаң, аяғы ашылып қала беретін ақиқат, жезөкшелік жасарып барады. Тым жасарып. Ендігісі көшеге 13-14 жасар қыздар да шыға бастады...
Кешегі қыздар мектеп бітіргенге дейін сүйісудің не екенін білмей бойжетсе, бүгінгі қатыгез қоғамның қағынған қыздары баланы капустаның арасынан тауып алмайтындығын, баланың қалай пайда болатынын бесіктен белі шықпай жатып-ақ біледі. Бұл төріңізде тұрған көксандықтан тапқаныңыз. Ал зиянына келсек... шаш етектен. Қоғамдық қасіретке айналған бұл мәселе «қайтпек керек» деп әр ойдың құйрығынан ұстай алмай жүргенде қалыпты жағдайға айналып бара жатқандай. Жұлынқұрттай тамырымыздан суалтып жатыр.
Қайсыбір жылдары демократия және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің бесінші отырысында осы бейәдеп фильмдер жөнінде сөз болды. Сонда сөз алған белгілі телеарнаның басшысы «Телеарна да, баспасөз де өз оқырмандары мен көрермендерінің сұранысына ден қойып, көңілінен шығуға тырысады. Біреулерге детектив, біреулерге атыс-шабыс, ал, енді біреулерге эротика ұнайды. БАҚ қожайындары аудитория ауқымын кеңейту үшін тұтынушының қалағанын көрсетуге мәжбүр» деген болатын. Демек, көксандықтан көрсетілер кереметтерге әл-әзір құрық салынбайды деген сөз. Болашақта да көгілдір экранымызды ұятты ету неғайбыл...
Ал, Америкада қалай? «Нью-Йорк Таймс мэгэзин» басылымының деректеріне сүйенсек, ең өтімді тауарлардың көшін бастап тұрған порнофильмдер екен. Апта түгілі сағат сайын бір кино шығаратын осы порноөндіріс жылына 11 мың бейнефильмдердің тұсауын кесіп үлгереді екен. Мұның бәрі американдықтар үшін десеңіз қатты қателесесіз. Соңғы сортты бұл фильмдер ТМД аумағындағы елдерге арналып шығарылған. Әлгі басылымның жүргізген сауалнамасынан белгілі болғанындай америкалықтардың басым бөлігі әдепсіз фильмдерді көруді қаламайды екен. Одан қалса күнделікті телеарналарда ашық сценалар мүлдем көрсетілмейді. Оны тек кабельді телеарналар арқылы ғана тамашалай алады. Ал, ол үшін қымбатқа түсетін «ләззатқа» ақша төлейді. Ата-аналар балаларының ерте «көзі ашылмауы» үшін кабельді телеарналарын кодтап тастайды. Американың заңы бойынша моральдық жағынан азғындаған, әйелімен ажырасқан адам ешуақытта да президент болып сайлана алмайды. Бұл үлгі боларлық жағы. Ал, өздері ішпейтін жуындыны олар біздің елге әкеліп төгіп тастады. Біз сол сарқытқа мәзбіз.

Шетелдерде қалай?
Жезөкшелік жайлап кеткен елдің бірі – Голландия. Жеті басты айдаһардай жалмаңдаған осы жиіркенішті кәсіптің түрін заңдастырып алған. Жезөкшелер табыс салығын төлеп тұрады. Қордаларға құмартушы клиенттер денсаулығын ойлап бас қатырмайды. Мұндағы «жұмыс күші» әр уақыт дәрігердің бақылауында. Егер клиентін абайсызда ауыртып алса, айыппұл төлеп, күнкөріс көзінен айырылады. Ұлыбританияда да жезөкшелікке жол ашық. Бірақ, заң жеңгетайлардың маңдайынан сипамайды. Францияда жаман жолға түскендердің ісі заңдастырылған. Әрі патент беріп қойған. Аяғын аңдап баспаса айыппұлы дайын. Ал, алпауыт ел АҚШ-та жезөкшелер заң бойынша жұмыс істейді. Олардың екі штатында жезөкшелер үйі ашылған. Америкада 50 штат бар екендігін ескерсек екеу «аз» әрине...
Араб елдерінде мұндай сұмдыққа тіптен жол жоқ. Заң қатал. Соның арқасында елінің де дені сау. Ал, осы елден кейін дінге берік дейтін Түркияда жағдай мүлдем басқаша. Түрік ағайындардың батыстық бағытты ұстанатындығы байқалады. Түркияда түнгі көбелектер қазынаға қомақты қаржы аударып отырады. Елдегі ең жоғарғы салықты да солар төлейді. Мұнда көше жезөкшелігінен гөрі шақыртумен жұмыс істейтіндер көбірек. Себебі, қаржысы қомақтылау. Алайда заң шеңберінен шығып кеткендерді 1 жылға дейін бас бостандығынан айырады...
«Жезөкшелер үйін ашуға қалай қарайсыз?» деген сауалға жауап табу мақсатымен Шымкенттегі Республика даңғылының бойына барып «басты кейіпкерлермен» сөйлесудің сәті түсті. Өзін Айна деп таныстырған қыз «Жезөкшелер үйін дейсіз бе? Ашса жақсы болар еді? Қолдаймын. Бұл жолға еріккеннен түсті дейсіз бе? Ақшаға мәжбүрлік қой баяғы. Бір түсіп алған соң иіріміне тарта береді екен. Егер көмектесетін адам болса, бәрін тастап, жұмысқа тұрып өткенімнің бәрін ұмытар едім... Баға дейсіз бе? Фигурасы мықтылар мен әрі таймағандар көп табады. Тіпті етегін елу теңгеге көтеріп жүргендер де бар». Ұяттың ауылынан алыстап кеткен, тым дөрекі замандасымыздың айтып берген баға жөніндегі ақпараты мынау болды:

Баға қандай, баға?
Тәнін теңге табуға пайдаланатындардың «ставкасы» әртүрлі. Ең жоғары төлем алатындар интербикештер. Олардың сағаттары санаулы. Әрі доллармен, евромен есептеседі. Ең азы 100 доллардың о жақ, бұ жағы. Шақыртумен жұмыс істейтіндердің де бағасы қымбаттау. Көше бойлап тұрғандардың да тілегені тиын емес. Қалта қомпайтар болмаса да, көңіл жұбатарлық. «Қолынан ештеңе келмейтіндіктен» осы жолға түскендердің біразы шәй суына жетерлік тапса да қуанады. Айналып келгенде олардың бәрі де жеңгетайлармен 50х 50-ге жұмыс істейді екен. Сондай-ақ қаладағы ең таралымы көп жарнама газеттерін әр түрлі мәтіндегі хабарландырулар жаулап алған. Жау шақыратын жалаудай болған олардың мәтіндері сыпайы-ақ. Бірақ басты мақсаты – сексуальдық қызмет. Солардың бірімен хабарласқанымызда жәй жақауратып «массаж» деп жазғаны әлгіндей екен. Қызметі мен массажын қоса есептегенде 4 мың мен 7 мыңның аралығында болып шықты. Одан бөлек саунада, жабайы моншада, қызмет көрсететіндер де көп. Сондай-ақ демалыс кешендерінде стриптиз шоулар да қара көбейткен. Қошқар ата өзенінің бойындағы моншаларда 200 теңгені місе тұтатындар да бар болып шықты. Әрі моншаға түсесіз, әрі «демаласыз».

Жезөкшелер үйі керек пе?
Жезөкшелікті заңдастыру туралы әңгіменің шыққанына да біраз уақыт болды. Оны қолдайтындар да, қажеті жоқ деп тастабандап даттаушылар да жетерлік. Демограф Мақаш Тәтімовты жезөкшелікті заңдастыру туралы идеяның «авторы» деуге де болар. Ол өз көзқарасын барынша дәлелдеп бақты кезінде. Кім білген, «жезөкшеліктің тамырына балта шаппаса да, оны осы жолмен азайтуға болады» деп жүрген Тәтімовтың тәтті сөзіне ұйитындар да табылар. Қалай болғанда да мұсылмандықтың бұл масқараға қарсылығы әмбеге аян. Әрі ұлттық менталитетімізге де мүлдем жат. Ұлттық тәлім тәрбиені жан жақты жандандыру ауадай қажет болып тұр қазір. Ұлттық рух жоқ жерде санаға ештеңе сіңбейді. Осыны ескерсек әлі де кеш емес сияқты...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста