Жетісу облысында толассыз жауған жаңбырдан кейін ауылдарды су басты - видео
Жетісу облысында толассыз жауған жаңбырдан кейін ауылдарды су басты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгін, 12 тамызда Жетісу облысының Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылында қатты жауған жауын-шашын салдарынан елді мекеннің төрт көшесінің аула аумағын су басып, еңіс ағын пайда болды", - делінген ТЖМ хабарламасында.
Оқиға орнында облыстық ТЖД күштері жұмылдырылғаны айтылды.
"Су басқан аумақтардың тұрғындарын ішінара эвакуациялау жүргізіліп жатыр. Бұл жерге Талдықорған қаласынан қосымша күштер жіберілді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.
Желіде тұрғындар түсіріп алған сурет, видеолар тарады. Кадрлардан көліктердің суға батып жатқаны көрінеді.
Мына видеодан көшені толықтай су алып кеткені көрінеді. Үштөбеге баратын тасжолды да жаңбыр суы жайып жатқаны айтылған.
Тағы бір кадрларда видео авторы Ескелді ауданы Абай ауылындағы жағдайды көрсеткен. Онда да көшені толықтай су басып жатқаны байқалады.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/88698/