Жетімдер қалай жетіліп жатыр?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Жер басып жүрген жұмыр басты пендеге деген өмірдің сынағы жетіп-артылады. Тағдырыңнан қашып құтылу мүмкін емес те. Сондықтан әркім өзінше әрекет етіп, қиындықтан шығатын жол іздеп жатады. Өмір болған соң, күндерінің ылғи қуанышты сәттерден тұрмайтыны рас. Жаратушысы маңдайына жетімдікті жазған тағдыр иелерінің көлеңкелі күндерді бұғанасы бекімесе де, қабырғасы қайыспай көтеріп жүргеніне жаның ашиды. Ата-анасынан түрлі себептермен ажырап қалған бейкүнә бүлдіршіндер балалықтың бал дәмін сәби кезінен сезініп өспесе де, өмір сүруге талпынуға тырысады.
Қолымызға қалам алуымызға түрткі болған аты-жөнін көрсетпеуді өтінген пат­ронат ата-ананың әңгімесі еді. Отбасына бейім­демек болып, «Алға» балалар үйінен алған баласымен үш жылдан бері тіл табы­са алмай келеді екен олар. Айтуларынша, бұ­ған дейін интернаттық режимде тәр­биеленген баланың мінезі өте ауыр, аяу­шы­лық сезімі жоқ, тез ренжігіш көрінеді. Тамақ пісіру, үй жинау секілді шаруаларды тапсырса, «мен сендерге құл емеспін, маған ата-ана боламын деп алдыңдар ма, енді өз міндеттеріңді атқарыңдар» деп дүр­сілдейді екен. Тек үйде ғана емес, жоғар­ғы сыныпта оқитын бұл оқушының үсті­нен балалар түгіл, мектеп директоры­ның өзі де бірнеше рет ата-анасына ша­ғым­даныпты. Ал бірге оқитын сыныптас­тары өз аттарына айтылған қарғысты есті­ген­нен кейін бойларын аулақ ұстауды жөн көрген. Бір өкініштісі, бойында жек көрушілік, кек қайтару сияқты жаман әдет­тері басым бойжеткенді қазіргі ата-анасы бо­лашақта қандай отбасын құрып, өмірі қа­лай өрілер екен деп уайымдайды. Себе­бі оң-солын танып қалған жоғарғы сынып оқу­шысының тым болмағанда ақшаны ажыра­та білмегенінің өзі оларды алаңда­тып отыр. «Бірде қолына 500 теңге беріп, дү­кенге жұмсадым. Қажетті бұйымы 200 тең­ге тұрады екен. Ол болса сауда жасап отырған адамға 500 теңгені беріпті де, қалған ақшасын алмастан үйге қайтып келіпті. Мәселе менің 300 теңгеге желініп қалғанымда емес, баланың соны есептей алмағанында ғой», – деп шыр-пыр болды патронат ана.
Айтса, айтқандай, балалар үйінде тәр­биеленушілерге ақша ұстайтындай қажет­тілік жоқ. Тамақ дайын, киім жуулы. Бөлме жинаулы. Бұл істердің бәрімен жауапты адам­дар айналысады. Сондықтан да тәр­биеленушілердің көбі ақшаның суретін те­ле­дидардан ғана көргендер деуге болады.
Жанна ДҮЙСЕНБИНА, Ақтөбе облыстық жасөспірімдер директоры:
– Біздің балаларымызды мүлдем артта қалған дей алмаймын. Олар балалар үйін­де тұрғанда ақша ұстап көрмеді екен деп, бә­рін бірдей өмірге қабілетсіз деуге бол­май­ды. Бір үйдің балаларында кездеспей­тін бауырмалдық, қамқорлық осы бала­лар­дан табылады. Бірін-бірі кішкентайынан біліп, қиын күндерді бірге өткізген тағдыр­лас болғандықтан да болар, олар ешқашан бірін-бірі далада қалдырмайды. Осы жер­дегі тәрбиеленушілердің біреуі бір ком­панияға бүгін жұмысқа орналассыншы, бір айдан кейін сол жерде осылардың бесеуі жұ­мыс істеп жүреді.

Текте де бір сыр бар-ау...
Балалардың тағдыры әртүрлі. Ата-анасыз қалу себептері де бір-біріне ұқса­май­ды. Араларында өмірге өкпелілері де, ба­қытсыздығын біреуден көретіндері де бар. Бірақ оны балалар үйінде алған тәр­бие­нің салдарымен байланыстыруға бол­май­ды. «Алманың алма ағашынан алысқа түспейтіні» заңдылық болса, баланың тегі­не, жатырына тартпауы мүмкін емес.  Ба­ланың тұлғалық ерекшелігінің 80 пайызға жуы­ғы ата-анасының гені арқылы қалып­та­сатынын ұмытпауымыз керек.
Мәдина ИСЛАМҒАЛИЕВА, болашақ психолог:
– Балалар үйінде болғанда бәріміздің жағдайымыз бір болғаннан кейін көп нәрсеге мән бермейді екенсің. Оқуға түс­кен жылдары ата-анасы бар балалармен бір топ­та оқу мен үшін қатты қиын болды. Қан­дай жағдай болсын, олар үйлеріне қоңы­рау ша­лып, әкесімен не шешесімен ақыл­дасып жата­ды. Сондай кезде өзің тура­лы ойлауға, се­нің ешкімің жоқ екенін есі­ңе алуға мәж­бүр боласың. Мен ол бала­лар­ды кінәламай­мын. Олардың ойында бұл туралы басқа ой жоқ екенін білемін. Бір­ақ әркімнің ауыратын же­рі өзінің ғана жа­нына батады ғой.

Ата-ананың бала үшін жалғыз жақын адам екені бесенеден белгілі. Мұндай ба­қыт маңдайына бұйырмаған балалар­дың өз күшіне сенгеннен өзге таңдаулары жоқ. Әдет­те олар үйде өскен балаларға қара­ған­да үй шаруасына икемсіздеу болса да, өмір сүруге пысық, қиындыққа төзімді келе­ді. Әсіресе бүгінгідей техниканың да­мы­ған заманында осы жағынан сауаттырақ екен­дері көрініп-ақ тұр. Қазір 77 жеткіншек тұ­рып жатқан облыстық жасөспірімдер үйінің әр бөлмесі балаларды тұрмысқа бейімдеуге бағытталып, жасақталыпты. Тамақ пісіріп жеуге, түр-тұлғаларын қа­лып­қа келтіруге, ем қабылдауға арналған бірнеше кабинет пен кітапхана, компьютер және мерекелік шара өткізетін залдары тап-тұйнақтай жинаулы тұр. Аталмыш ме­кемеде жұмыс істейтін 30-ға жуық маман өз тәрбиеленушілеріне бар білгендерін үй­ретіп, олармен туысындай жақын қарым-қатынас орнатқан дейді ди­ректордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Елена Бровко. Тіпті өткен жылы осы жерден қанат­тарын қағып, отбасын құрған ұл-қыз­да­рын қонаққа шақырып, немерелері­мен таны­су кешін ұйымдастырған көрінеді. Тұ­лым­дары желбіреген бүлдіршіндеріне өз­дері сезіне алмаған ата-ана мейірімін төгіп отыр­ған тәрбиеленушілерін көз алдына елес­тетіп, бір толқып алды басшы.
Мекеменің өз психологы, заңгері, адво­кат­тары бар. Керек кезінде бұл мамандар­дың бәрі де тегін көмек көрсетеді дейді жас­тар үйінің директоры. Ата-анасынан қал­ған жылжымайтын мүлікке қатысты біраз даулы іс сотта қаралғанда балалардың пай­дасына шешіп беруге ол кісілер үлкен үлес қосқан көрінеді.
Біреу тойып, біреу тоңып секірген қым-қуыт қоғамда онсыз да тағдыры маңда­йы­нан сипай қоймаған жетім балаларды сотқа сүй­реп, жылатып жүргендер ақырет­тің аза­бы туралы ойламайтындар болар. Әйт­песе жетімнің ақысын жегеннен немесе оған тие­сілі баспанасына ортақтасып, реті кел­се, тартып алғаннан бұл өмірде қандай ба­қыт күтіп тұр дейсіз соларды?!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста