Жер сілкінісінің жиілеуінен қауіп бар ма?

Жер сілкінісінің жиілеуінен қауіп бар ма?

Дәл осыдан бір жыл бұрын, яғни 2013 жылдың 28 қайтарында Алматыда 4,5 баллдық жер сілкінісі болды. Бірақ өкінішке қарай, біз мұны ұмытып кеттік. Бізді қойшы, түрлі апаттардың алдын алуы тиіс төтеншеліктердің өзі бұл жағдайды естен шығарып алды десек артық айтқандық емес. Сол жылы халық жаппай дүрбелең туғызғанда төтеншеліктер әйтеуір бір күн жер сілкінгенде не істеу керектігін түсіндіру мақсатында тұрғындар арасында сеисможаттығу өткізген еді. Осыдан кейін алматылықтар мұндай қиындықтан қалай шығу керектігін жақсы меңгеріп кетті деп ойлады ма, төтеншеліктер арада бір жыл өтсе де жер сілкінісіне арналған жаттығу өткізген жоқ. Бірақ «зілзала болған аймақта түбі қайта дүмпу болады» деген қағида бар. Алайда тиісті органдар өкінішке орай мұны ескермей отыр. «Алаш айнасының» тілшісі осы мәселеге тереңірек үңіліп көрген еді.
Айта кетейік, сол кезде Сейсмология институты апат орын алатын уақыттан жеті-сегіз күн бұрын Алматы облысының сейсмикалық жағдайын тексергенде «жақын уақытта бұл аймақта жер сілкінісі болмайды» деп қорытынды шығарған еді. Бірақ ерегіскендей, арада көп уақыт өтпей, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы облысының Райымбек ауданында 6,6 балл деңгейінде жер асты дүмпуі байқалды. Бұл Сейсмология институтының нақты болжам жасай алмайтындығын көрсетті.
Бізде өзі қызық, жер сілкінгенге байланысты ақпараттық және оқу-жаттығу жұмыстары ұдайы өткізіліп тұрудың орнына, тиісті органдар «болары болып, бояуы сіңгеннен» кейін, яғни жер асты дүмпуі кәдімгідей сілкінгенде, халық жаппай үрейленіп дүрбелең туғызғанда, бір күн сеисможаттығу өткізеді де, кейін бәрі ұмыт қалады. Халықтың жағдайын ойлауы тиіс депутаттар да, нақ сол дүрбелең туындағанда «жер сілкінісіне қатысты заң шығару керек, тиісті органдар апаттың алдын алуға дайын емес, зілзалаға қатысты арнайы маманданған орталық құру керек» деп қызылкеңірдек болады да, артынан олар да жұмған ауыздарын ашпай, мұның барлығы сөз жүзінде қалады. Бұдан нені аңғаруға болады? Шыны керек, бізде әлі күнге дейін тиісті органдар халықтың жағдайын шынайы ойлап отырған жоқ. Апаттың алдын алуға деген ұмтылыс – нөл. Тек халық наразылық танытқанда ғана әйтеуір бірдеңе жасаған боламыз. Бәрі көзбояушылық. Әйтпесе, басқа-басқа емес, төтеншеліктердің бұған немқұрайдылықпен қарайтын жөні бар ма, ал халық қалаулылары неге үнсіз? Депутаттар биік мінберден, ал төтеншеліктер дауыс зорайтқыштары арқылы дабыл қағып, қарапайым халыққа жер сілкінісіне қатысты жаттығу жұмыстарын неге жүргізбейді? Әлде бір рет оқу-жаттығу жұмыстарын өткізіп, осыдан кейін бүкіл халық жер асты дүмпуіне қасқая қарсы тұратын жағдайға жетіп кетті ме? Сейсмолог мамандар апаттың алдын болжай алмаса, төтеншеліктер зілзала болғанда не істеу керектігін халыққа түсіндіре алмаса, халық қалаулылары бұл туралы мәселе көтермей үнсіз отыра берсе, ертеңгі күні жер шын дүрсілдегенде қайда барып тығыламыз? Әлде 1887, 1989, 1911 жылдарда Алматыда болған зілзалаларды ұмытып кеттік пе? 1886 жылы жер асты дүмпуінен 236 адам қайтыс болды. 1911 жылы 9 баллдық жер сілкінісінен 44 адам қаза тапты. Жапондық ғалымдар Алматының жер қыртысы мен ғимараттардың беріктігін тексергенде, 8-9 баллдық жер сілкінісі бола қалса, қалада 25 мың ғимарат құлап, 100 мыңнан аса адам құрбан болатынын айтып отыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері де Алматыда төтенше жағдай құрбандарына арнап, 300 мың адамға бауырластар зираты салынғанын жасырмады. Егер апат болып, халық жаппай қырылса, бауырластар зиратына көміледі.
Ақмырза РҮСТЕМБЕКОВ, ҚР Сәулетшілер одағының президенті:
–Алматы Верный болып тұрғанда әр тұрғын үйдің астында жер сінкінісі кезінде адам паналайтын сыйымдылығы кең жертөлелер болған. Бұл талап Кеңес үкіметі кезінде қатаң сақталды. Ол уақытта көпқабатты үйлермен қоса, жер үйлерде де төтенше жағдайға арналған арнайы жертөлелер болуы міндетті еді. Ал қазір жекеменшік үй иелері, тұрғын үй құрылысын жүргізетін компаниялар бұл талапқа мән бермей отыр. Оларға халықтың қауіпсіздігі емес, қалтасын қампайту маңызды болып кетті. Әйтпесе Алматыдағы тұрғын үйлердің көбі жер сілкінісіне дайын емес. Сондықтан мұны ретке келтіретін уақыт әлдеқашан жетті деп есептеймін.
Мэлс ЕЛЕУСІЗОВ, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы:
–Жер сілкінісі Алматыда жиі болады. Бірақ 5-6-7 баллдық ірі зілзалалар нақты қай уақытта болатынын ешкім дөп басып айта алмайды. Енді жер асты дүмпулері жылдан-жылға көбейе береді. Себебі климат жылынып, ауа-райы өзгеріп келеді. Қайта 4-5 баллдық жер сілкінісі болып тұрғаны дұрыс. Егер 11 баллға дейін болса, онда нағыз апат сонда болады, биік ғимараттардың бәрі құлап, 100 мыңдаған халық қырылып қалады. Сондықтан кез келген жағдайға дайын болуымыз керек. Өкінішке орай, қазір мұндай апаттардың алдын алуға төтеншеліктердің шамасы келмейді. Тек халық өз ынтасымен ғана жанын сақтап қала алады. Негізі жойқын зілзаладан бас сауғалау үшін әр үйде бункер салынуы керек. Ол мықты темірден жасалынып, егер жер сілкінсе, дереу сонда паналауы керек. Оның ішіне су, құжаттар, тағамдар секілді өзіне қажетті заттарды салуы тиіс. Әр адам өзіне сақтықпен қарамаса, төтеншеліктерге сенудің қажеті жоқ.

Шынында да еліміздің тиісті органдары төтенше жағдайдың алдын алуға дайын емес. Өкініштісі сол, бүгінгі немқұрайдылық салдары ертеңгі күні ірі шығындарға алып келмесіне кім кепіл? Сондықтан бұқара халықтың өзі де тосыннан келетін түрлі апаттарға сақадай сай болуы тиіс. Әйтпесе құзырлы органдар бауырластар зиратына еш қиналмастан көме салуы ғажап емес.
Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?
-Әрбір үйде батареямен жұмыс істейтін радиоқабылдағыш, калта шам (электрлік фонарь), от сөндіргіш баллон және дәрі-дәрмектер сауыты болуға тиіс.
-Жарақаттанған кісілерге алғашқы көмек беру ережелерін алдын ала үйреніп, қажетті жағдайда көмек бере білу керек;
-Жоғарғы полкаларда орналасқан ауыр заттар болса, оларды төмен түсіру керек.Осы тәрізді сақтану шараларын қызмет орындарында, мектептерде және т. б. мекемелерде де жүзеге асырған жөн.
-Үй ішінде болғанда есіктің қуысында немесе екі тіреу аралығында тұру керек, егер үлгерсеңіз стол астына тығылыңыз. Ал егер көшеде болсаңыз электр жүйесінен аулақ болып, мүмкіндігінше тар көшеде қалып қоймаңыз. Егер автомобиль рулінде болсаңыз ашық алаңда тоқтатып, автомобиль шықпаңыз.
-Егер сіз аласа үйде (бірінші-үшінші қабатта) болсаңыз сыртқа шығып кетіңіз, ал көп этажды биік үйлерде болсаңыз үйде қалған жөн. Сіріңке тұтату немесе май шам жағу өте қауіпті. Өйткені газ аралас ауа тез тұтанып, өрт шығуы немесе қопарылыс болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, үйден сыртқа қашып шығуға мәжбүр болсаңыз, лифт арқылы емес, кәдімгі баспалдақтарды пайдалану керек.
-Еске сақтаңыз, құлап жатқан үйге қайта кіруге болмайды. Өйткені, жер сілкінуден кейінгі алғашқы сағаттар өте қауіпті, себебі қайталай сілкіну әрекеттері (афтершоктар) көпке дейін (2—3 тәулік) сақталады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста