Жер сілкінісі: Алматы зілзала үрейінен арыла ала ма?

©Алаш айнасы иллюстрациясы

Тамыздың 16-сы күні таңғы сағат 3:43-те Алматыда жер сілкінді. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметіне сүйенсек (EMSC), жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан 40 шақырым шығысқа қарай, Талғар қаласынан 25 шақырым қашықтықта тіркеліпті. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Бірақ та, осыған дейін бірнеше жойқын жер сілкінісін басынан өткерген алып шаһар үрей құшағына енгендей болды. Ол үрей алматылықтардың, қала берді Алматыны руханияттың астанасы деп білетін күллі қазақтың жүрегіне қорқыныш ұялатып кетті. Неге? «Алаш айнасы» осы сұраққа жауап іздеп көрген еді.
ТАРИХ НЕ ДЕЙДІ?
Белгілі сәулетші Андрей Зенков: «Мен болашаққа сенемін, біздің қаламызда (Алматыны айтып отыр) әдемі, көркем, бірнеше қабатты, тастан, бетоннан және басқа да мықты құрылыс заттарнан ғимараттар салынады... Тіпті, арнайы құрылғылар арқылы үш-төрт қабатты ғимараттар салуға болады», - депті. «Андрей Зенков неліктен 30-40 қабатты емес, 3-4 қабатты ғимаратты армандап отыр?» деп ойлайсыз?. Өйткені, ол 1910 жылы Алматыны үйінді астына қалдырған жер сілкінісін көзімен көрді. Ол кезде алматылықтар (атауы Верный)1887 жылғы алып жер дүмпуін ұмта қойған жоқ еді. Алматыда жер қозғалған сайын тарихтағы осы бір екі табиғи апат еске түсіп, кез-келген адам Алматының болашағына күмәнмен қарайтыны рас.
1887 жыл – 332 адам көз жұмды
1887 жылдың 9 маусымы, түнгі сағат 4-тен 35 минут кеткен кез. Алматыда магнитудасы 7,3 балл болатын жер сілкінісі тіркелген. Эпицентрдегі максималды күші – 9,10 баллды құраған. Кіндік тереңдігі 20 шақырым. 1887 жылы Алматыда шамамен 30 мыңға жуық адам тұрған. Зілзаладан 332 адам көз жұмды.
Газет қиындысынан
«1887 жылғы 28 маусымдағы жер сілкінісіне куә болмаған адам, сол күннің қорқынышын көз алдына елестете де алмайды. Бірінші серпіліс таңғы 4 сағат 44 мин. болды, сол кезде барлық түтін құбырлары мен бұғаттар құлап түсті. Алдыңғы қабырғадағы жарықтар одан да қатты ұлғая түсті. Қала тұрғындары енді өздеріне келгенде 4 сағат 54 мин. жаңа сілкіністер орын алды, мұнысы алдыңғыдан қарағанда күшті болды және 3 минут бойы жалғасты. Осыдан кейін Верный жоқ болып кетті».
(«Наш мир» газеті)
1911 жыл – 616 үй 390 адам көз жұмды
1911 жылдың 4 қаңтары соққы күші 9-10 балл, ал магнитудасы 8,2 болатын жер сілкінісі тіркелді. Ошақ тереңдігі – 25 шақырым. Осы бір жер қабатының тербелуін Екатеринбург, Бомбей, және Калькутта сияқты көптеген қалалардың сейсмостанциялары тіркеген. Бұл апат «Кемин жер сілкінісі» деген атқа ие болды. 616 үй қирап, 390 адам қаза тапты.
БҮГІНГЕ ОРАЛАЙЫҚ...
Жалпы, Алматыны сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқанын, сондықтан да әрдайым зілзала үрейінен айрылмауымыз заңдылық. Ғалымдардың өзі 1995 жылдан бастап жершары ғаламдық сейсмикалық белсенділіктің кезекті жаңа деңгейіне енгенін айтады. Мысалы:
1995 және 2011 жылдары - Жапонияда,
1999 жыл – Түркияда,
2002 жылы – Ауғанстанда,
2003 жылы – Иранда
2003-2008 жылдары – Қытайда,
2004-2009 жылдары – Индонезияда және тағы басқа жерлерде орын алған жер сілкіністері дәлел. Ғалымдар осы деректерді алдыға тарта отырып, сейсмикалық құбылыстардың жандану үдерісі шамамен 2025 жылға дейін жалғасатынын болжайды. Мамандардың көпшілігі «бұл жандану үдерісінің Қазақстанға да ықпалы зор» деген пікірде. Сейсмолог Таңатқан Абақанов бір сұхбатында: «Орталық Азия аумағында сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақ Алматы қаласы орналасқан Іле Алатауы аумағы болып табылады. Осыған байланысты ұзақмерзімді болжам картасында Алматы облысы шеңберінде «таяудағы 5-7 жылда қатты жер сілкінісі болу мүмкіндігі жоғары» үш учаске бөлінді. «Олардың бірі – Алматы қаласының оңтүстік-батысында 1911 жылы белгілі Кемин сілкінісі болған жерде орналасқан. Екінші аймақ – Іле Алатауының оңтүстік-шығыс бөлігінде. Ол Шелек жер сілкінісі (1889 жыл) ошағының аймағына жақындайды. Үшінші аймақ – Жоңғария аймағына жақын», - деген еді. Сондай-ақ, Абақанов: «Алматы қаласына Мойнақ пен Қапшағай су қоймалары ерекше қатер төндіреді. 2011 жылдың 1 мамырында болған жер сілкінісінің ошағы Қапшағай су қоймасында болғаны бекер емес, 2012 жылдың 31 мамырындағы зілзала ошағы Мойнақ ГЭС-і мен Бартоғай су қоймасына жақын маңда болуы да кездейсоқтық емес», - деген болатын.
«Алаш айнасының» түйіні
Соңғы кездері Төтенше жағдайлар министрлігі (қазір Ішкі істер министрлігіне қосылды) табиғи апаттың алдын алу үшін ескертпе СМС жіберу жүйесін қолға алғаны белгілі. Бірақ, 16 тамыздағы Алматыдағы жер сілкінісі СМС арқылы ескертілген жоқ. Неге? Ішкі істер министрлігінің қанатының астына енген Төтенше жағдайлары қызметі Алматыда 3-4 қабатты былай қойып, 30-40 қабатты үйлердің бой көтеріп үлгергенін ұмытып кеткен бе? Қазір бұ қалада 30 мың емес, 1,5 млн. адам күнелтеді. Құдай сақтасын! 1887 немесе 1911 жылдағы жағдай қайталана қалса, қазақ Алматысынан айрылып қалуы мүмкін. Сондықтан да, әрқашан сақтық керек...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста