Жемқорлықпен күрестің жаңа әдістері ұсынылды
Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күресудің жаңа әдістері ұсынылды. Осы орайда ұсынылған жобалар барлық саланы қамтиды. Бұл «Құпия сатып алушы» әдісімен қоғамдық аудит; конфликтіні мемлекет пайдасына қарай қарау, тауарлар мен қызметтің бағасына сай мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жасау; еңбекші халық арасында антикоррупцияны түсіндіру жұмыстары, сондай-ақ полиция қызметкерлері арасындағы жемқорлықпен күрес.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі былғы жылы қоғаммен бірлесе отырып, мемлекеттік секторлар мен қоғам арасындағы ең өткір мәселелерді шешу мақсатында бес жоба жасады.
Осы жобаларды жүзеге асыру ағымдағы жылға жоспарланған. Жұмыс барысы жайлы орталық және жергілікті органдар 6 айдың ішінде азаматтық конгресске есеп беруі тиіс. Жобаны жасаушылардың айтуынша, бұл соңғы нұсқа емес, Жобаға әлі де толықтырулар енгізіледі, тың ұсыныстар да қаралады.
«Нақты деректерге сүйенсек, өткен жылы жемқорлыққа байланысты 900 адам сотталған екен. Әсіресе, ішкі істер органдары қызметкерлерінің жемқорлыққа жақындығы алаңдатады. Статистика бойынша соталғандардың басым бөлігі осы ішкі істер саласының қызметкерлері. ОСы мәселе әлі де өзекті болып отыр», - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі директеорвы Салауат Муксимов.