Жемқорлық үшін бірінші басшы жазаланады – мәжіліс заң жобасын мақұлдады

Заң жобасына сәйкес қол астындағы қызметкер жемқорлық жасаса, бірінші басшы да жауапқа тартылады. Парламент мәжілісінің депутаттары жемқорлық үшін бірінші басшының жауапкершілігі туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұл норма "Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында қарастырылған. Соның аясында қол астындағы қызметкері жемқорлық жасап ұсталса, бірінші басшының жауапқа тартылатыны да қаралады.

"Бұл өзгерістер қызметкерлерінің жемқорлық әрекеті үшін бірінші басшылардың жеке жауапкершілігін арттыруды көздейді", - дейді депутат Михаил Чирков.

Заң жобасы бойынша мемлекеттік қызметтен теріс әрекетіне байланысты кетпеген адамдар бір айдың ішінде конкурсқа қатыса алады. Ондайда тест тапсырудың қажеті жоқ. Бұдан бөлек, ауыс-түйіс институтына саяси мемлекеттік қызметшілерді де қосу жоспарланып отыр. Ал қызметтік куәліктер идентификация картасымен алмастырылады.

Айта кетейік, екінші оқылымнан кейін заң жобасы парламенттің жоғары палатасы – сенатқа жіберіледі. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста