Ақтөбе облысының дін істері басқармасы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу нәтижесінде қала тұрғыны Дәметкен Құлтаеваның діни уағыздарды кедергісіз жүргізу туралы тиісті құжатының жоқтығына қарамастан дін ұстанушылары арасында уағыз-насихат жүргізгенін анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 490-шы бабы бойынша, яғни "миссионерлік қызметті тіркеусіз жүзеге асырғаны" үшін 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар, «Вконтакте» әлеуметтік желісіне де мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүріп жатыр.
Өткен жылдың 4 тоқсанында 20-дан аса парақшаға діни сараптама жүргізіліп, 2 адамға әкімшілік хаттама толтырылып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 453-бабы 1 тармағы бойынша 50 500 теңге көлемінде айыппұл салынған.
Сондай-ақ, дін істері басқармасы теолог мамандармен бірге әкімшілік жазаға тартылған азаматтарға арнайы профилактика жұмыстарын жүргізумен айналысуда.