Жекеменшік детектив қызметіне қатысты арнайы нормалар енгізілсе...

Жамбыл ОРЫНТАЕВ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Құқық және экономика институты, Азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, профессор:

– Жамбыл Қылуетұлы, Елбасымыз биылғы Жолдауында Сот және құқық қор­ғау жүйесін жаңғыртуға баса на­зар аударды. Сіздіңше, бұл бастама рес­публикамыздың сот және құқық қор­ғау жүйесіне қандай оң өзгеріс әке­леді?
– Сот және жеке құқық қорғау жүйелерін жаң­ғырту мәселесін Елбасымыз халыққа жолдауында алтыншы мәселе ретінде көтерді. Судьялар сот төрелігін жасағанда тек заңға бағынуы қажет. Президентіміздің бұл бастамасы сот төрелігінің әділетті, адал жасалуына, «Туғанды биде иман жоқ, Ту­ра биде туған жоқ» деген ұлы сөздің өмірде шынайы орындалуына алып келеді деп ойлаймын. Судьялардың біліктігін арттыруда істі мемлекеттік тілде жүргізуге де аса мән берілуі қажет деп есептеймін.
– Сот корпусын қалыптастыру тәр­ті­бін түбегейлі қарастыру қажеттігі туындауының негізгі себебі неде?
– Сот корпусын қалыптастыру біртұтас экономикалық кеңістікте трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күресті күшейту үшін Интерпол үлгісімен Еуразпол-Еуразия полициясын құру жөніндегі Президенттің бастамасында да айтылған. Меніңше, бұл – алдағы уақыт еншісіндегі мәселе.
– Сондай-ақ ағымдағы жылы жаңа Қыл­мыстық-процессуалдық кодексті, же­кеменшік детектив қызметі туралы заң жобасын әзірлеуді аяқтау қажеттігі де сөз болды. Бұл заң құқық қорғау қыз­метіне нендей жаңалық енгізеді?
– Егер ҚР Қылмыстық іс жүргізу ко­дексі жаңадан көптеген жаңалығымен қа­­былданса, мәселен, онда жекеменшік де­тектив қызметіне қатысты арнайы нор­ма­лар енгізілсе, әрі қарай осы норманы орындау, іс жүзінде жүзеге асыру мақ­сатында оған сәйкес нормативтік құ­қық­тық актілерді қабылдау қажеттігі туады. Же­кеменшік детектив қызметі туралы заң қа­былданар болса, оның құқық қорғау қыз­метіне оңды ықпалын тигізері сөзсіз. Бұл жерде қарапайым халықтың да же­кеменшік детективтің қызметіне қол жеткізе алу мүмкіндігін заңда қарастыру қажет деп есептеймін.
– Елбасымыз алға тартқан маңызды мә­селелердің бірі – құқық қорғау және арнайы органдарды сапалы кадрлық  жа­­ңарту. Бұл жолда ҚазҰПУ-дың құ­­­қық және экономика институты қан­­дай үлес қоспақ? Институттың, оның ішінде кафедраның кадр да­йын­дау жүйесіндегі ұтымды тәжірибелеріңізбен бөліссеңіз?
– Сұрағыңыз орынды. Әрине, кез кел­ген жоғары оқу орнының міндеті – ма­ман­дығына сай білімді, білікті, адами қа­сиеті жоғары сапалы кадрды даярлап шы­­ғару. Бұл жолда ҚазҰПУ-дың «Құқық жә­не  экономика» институты ең әуелі білім бе­ру стандарттарына сай маман даярлауға бас­ты назар аударуда. Теориялық білім мен практикалық істерді ұштастыра бі­лу үшін студенттерді тәжірибеден өтуге ар­найы график бойынша жіберіп оты­рамыз. Әсіресе, соттарда, нотариуста т.б мем­лекеттік органдарда студенттеріміз тә­жірибеден өтуде. Бітірген түлектеріміз тә­жірибеде тиісті заң органдарымен қатар білім беру саласында да қызмет етуде.
– Сөз жоқ, жоғары оқу орнын та­мам­­даған түлектер өз мамандығы бо­­йынша қызметке орналасуға ниет­тенеді. Жұ­мыс­пен қамту мәселесін ше­шу жолында Қаз­ҰПУ қандай жүйе қолдануда? Қандай мем­лекеттік және мемлекеттік емес ме­кемелермен бі­рігіп жұмыс істейсіздер?
– Жалпы республика деңгейінде халықты жұмыспен қамту ісінің жақсаруына Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен қа­был­данған  «Жұмыспен қамту – 2020» бағ­дар­ламасы ерекше әсер етуде. Осы құжатты жұмыспен қамтудың бір стратегиясы ретінде ҚазҰПУ ректоры С.Ж.Пірәлиевтің ұсынысымен кафедра болып біз де бас­шы­лыққа алудамыз. Осы стратегиялық құ­жатқа сәйкес оқыту мен жұмысқа ор­наластыруға өзара байланыстағы тиім­ді жүйе жасау, бізде оқытылған  ма­ман­дарды ауылдық жерлерге  тартуға үлес қо­су мақсатында  республикамыздың бар­лық дерлік ауылдарымен байланыс ор­н­атудамыз. Азаматтарды тұрғылықты же­рі бойынша  жұмыспен қамтуға мән бе­рілуде. Осы тұрғыда әрбір  жоғары оқу орнында өз түлектерін жұмыспен қам­туға мүмкіндік жасайтындай құзіреті бар бөлімшелер ашылып, жұмысқа нақты кі­рісу қажет. Ол үшін қаржыландыру да аса қажет деп ойлаймын.
– Естуімізше, соңғы жылдары Қаз­ҰПУ-дың қара шаңырағында оң өз­герістер болып жатқан көрінеді. Мә­селен, «Абайтануда» жоспарлы, жү­йелі жұмыстар атқарылып жатыр екен. Университеттің республикадағы өзге жоғары оқу орындарына үлгі бо­ла­тындай қандай жетістіктерін атай аласыз?
– Бізде «Абайтану» орталығымен қа­тар, «Ұлттық тәрбие», «Тұлғатану» деген ор­талықтар жүйелі жұмыс жасауда. Мә­селен, «Тұлғатану» орталығы біздің сту­денттерімізді мемлекетіміздің ірі заң­герлерімен таныстыру, олардан үлгі алуға үй­рету мәселесімен айналысуда. Мұндай қадамдар студенттердің  нағыз білікті маман болып қалыптасуына  өз септігін тигізеді деп есептеймін.
– Әңгімеңізге рақмет!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста