«Жасыл» экономиканы жайқалтатын мамандар қажет

«Жасыл» экономиканы жайқалтатын мамандар қажет

Қазақстан мұнай мен газға, уран мен көмірге бай ел болса да, әлемнің дамыған елдерімен бір қатарда «жасыл» экономикаға өтуге деген ынтасы зор. Бұл қадамның дұрыс екеніне уақыт өткен сайын көзіміз жете түсуде. «Жасыл» экономикаға деген ұмтылыс тек еліміздегі қазба байлықтарының аз немесе көптігіне, көмірсутегі қорларының тапшылығына ғана байланысты емес. Бұл &ndash адамзат дамуының жаңа кезеңі, мұны осы саладағы жаңалықтар дәлелдей түседі.
«Жасыл» экономика қоршаған ортаны, табиғатты қорғап қана қоймай, адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Алайда қазіргіт таңда біздің елімізде «жасыл» экономиканы жетік білетін кәсіби мамандар тапшы.
ХХІ ғасыр &ndash жаңа мамандықтар ғасыры. 50 елдің еңбек нарығын зерттеген Оксфорд университетінің ғалымдары Карл Фрей мен Майкл Осборнның айтуынша, 2030 жылға қарай кәсіптердің шамамен 5 пайызында адамдарды алгоритмдер (роботтар) алмастырады. Алайда біз «жасыл» экономиканы дамытуға ниетті болсақ, дәл қазір біздің елімізге осы саланы жетік білетін мамандар аса қажет.
Бүгінде күннен күнге жаңарып жатқан тың технологияларды қолдану өмір салтына айналып барады. Технология дамыған сайын осы технологиялардың тілін білетін жаңа заманға сай мамандар дайындау қажеттілігі туады. Айталық, қазіргі кезде елімізге жасыл экономика саласына қатысты мамандар даярлау жағы әлсіздеу болып тұр. Мысалы, Қазақстанда былтыр Жоғары оқу орындарын бітірген 130 мыңнан астам студенттің тек бес жүзден астамы ғана экологиямен байланысты мамандық алып шыққан. Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы Президиумының төрағасы Әлия Назарбаева экология туралы түсінікті адамға мектеп кезінен бастап сіңіру керек деп санайды. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Тоқаев биылғы жылдың шілдесінде Қазақстандағы мектептерде балаларға экологиялық білім беру тақырыбын енгізуде тапсырған болатын. Әзірге орта мектептерге экология тақырыбы жеке пән ретінде енгізіе қоймаса да, биылғы жаңа оқу жылында 1 қыркүйектен бастап Қазақстандағы мектептерде экологиялық білім беру тақырыбында эко-элективтер мен сынып сағаттарын көбейту жоспарланып отыр.
Әлемдік зерттеулерге сүйенсек, жаңа мамандықтар атласында металлургия мен медицинадан бастап, медиа-сауықтыру және fashion-индустрияға дейінгі 27 сала бойынша 300-ден астам жаңа мамандық бар екен. Нейронет, тамақ және ауыр өнеркәсіп салаларымен қатар экология саласында көптеген жаңа мамандықтар пайда болған. 342 мамандықтың үштен бірі экологияға қатысты.

Мысалы, олардың қатарына экокеңесші кіреді. Бұл &ndash бүгінде сұраныс артып келе жатқан болашақтың сұранысқа ие мамандықтарының бірі.
Экокеңесші деген кім? Ол өндірістік және әкімшілік процестерге экологиялық технологияларды енгізетін, бизнесті экологияландыру саласындағы маман. Ол қандай экотехнологиялар мен жүйелерді енгізеді: қалдықтарды басқару жүйесі, жауапты сатып алу жүйесі, шараларды экологияландыру, тауардың қаптамасын экологияландыру, су үнемдеу технологиялары және басқа да жүйелерді реттейді.
Экокеңесші болу үшін табиғатқа қамқорлық жасаудан басқа не қажет? Бұл мамандықты игеру үшін қандай білім, дағды қажет?
Экологиялық тұрғыдан ойлау &ndash қоршаған ортаға жауапкершілік пен қамқорлық принциптерін басшылыққа алу.
Экотехнологияларды меңгеру &ndash өндірістік және әкімшілік процестерге экотехнологияларды енгізу тәжірибесі мен білімі.
Жобаны басқару &ndash қызметті жоспарлау және жобаны көп тапсырма режимінде жүргізу мүмкіндігі.
Заңнаманы білу &ndash құқықтық реттеу негіздерін түсіну және бейінді заңнаманы білу.
Персоналды басқару &ndash жобалық топ құру және оның жұмысын одан әрі үйлестіру мүмкіндігі.
Тапсырыс берушімен жұмыс-ұсынысты қалыптастыру, келіссөздер жүргізу және келісім-шарт жасасу білімі мен тәжірибесі. Міне, біз экология саласының бір ғана мамандығының міндеттерін сипаттадық. Яғни, сала маманы болу адамнан жан-жақтылықты талап етеді.
Жалпы экологиялық білім беру климаттың өзгеруі, биоалуантүрлілікті сақтау, ұтымды тұтыну және өндіріс сияқты орнықты даму саласындағы жаһандық күн тәртібінің аса маңызды аспектілерін қамтитын болады.

Айнұр Нұрсабет 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста