"Жасыл" экономикаға әр адам үлес қосуы тиіс

Қазіргі таңда адамзаттың қоршаған ортаға әсері әр сәт сайын күшеюде. Табиғаттың қоғам дамуына тигізетін әсері адамның қоршаған ортаға әсер ету деңгейімен өлшенеді, яғни біз қаншалықты қоршаған ортаға кері әсер етеміз, соншалықты белсенді түрде табиғат бізге жауап қатады. Мысалы, жер бетінде экологиялық жағдай нашарлайды, табиғи апаттар жиілейді. Сондықтан адамзаттың тағдыры табиғаттың жағдайына байланысты екенін түсінгеніміз абзал.


Жер шары &ndash адамзаттың жалғыз үйі. Егер әр адам өз үйінің тазалығын қалай қадағалайды, дәл сол секілді Жер Ана мен қоршаған ортаның тазалығына мән берсе, табиғатқа пайдасын тигізбесе де, ең болмағанда зиян келтірмесе, әлемде бүгінгідей экологиялық проблемалар асқынбаған болар еді.
Адамзаттың табиғатқа зиянды әсеріне дәлел ретінде жүздеген, тіпті мыңдаған мысалдар келтіруге болады, ал соңғы уақытта планетаға қауіп төндіретін жаһандық ауқымдағы өзгерістер жиіледі. Бұлар: жылу орталықтары мен жылу электр станциялары, түсті және қара металлургия кәсіпорындары, химия өндірісі, көліктерден шывғаратын улы газдар, көмір мен мұнайды өндіру және өңдеу. Иә, мұның бәрі адамзаттың тұрмыс-тіршілігі үшін қажет, ал табиғатқа зиян. Сондықтан да қазіргі таңда әлемнің алдыңғы қатарлы елдері табиғатқа да, адамзатқа да пайдасы ұшан теңіз «жасыл» экономиканы дамытуды қолдап отыр. Бұл елдердің қатарында Қазақстан да бар.
Адам баласының тіршілігі дүниеге келген күнінен бастап-ақ қоршаған ортамен, табиғатпен тікелей қарым-қатынаста болады. Табиғаттың жағдайы әрбір адамға байланысты, біз табиғат үшін жауаптымыз және болашақ ұрпақ үшін табиғат байлығын сақтауға бар күшімізді жұмсауға тиістіміз. Қоршаған ортаны корғау мен адамның өмір сүруі үшін қолайлы жағдай туғызу &ndash демократиялық мемлекеттің басты мақсаты. Осыған байланысты мемлекет өз органдарын кешенді экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шараларды жүзеге асыруға міндеттейді. Әрбір адамның салауатты қоршаған ортаға құқығы бар, сонымен бірге әрбір адам табиғатты аялауы керек, қоршаған ортаны ластамауы қажет. 1992 жылы БҰҰ-ның Конференциясында Бразилияда қоршаған орта және оны дамыту жөнінде Рио-де-Жанейро Декларациясы қабылданды. Қазақстан да осы декларацияға қосылды. Елімізде қоршаған ортаны қорғауға байланысты бірнеше заң актілері қабылданды. Мұндағы мақсат &ndash еліміздің табиғат байлықтарын болашақ ұрпақ үшін сақтау.


Табиғатты аялау дегеніміз негізінен қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту. Қоршаған ортаны қорғау &ndash жерді сақтау, оның пайдалы қазбаларын, су ресурстарын тиімді пайдалану, өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық таныту, ауа мен судың тазалығын қамтамасыз ету. Қоғам мен табиғат бір-бірімен үйлесімде болғанда ғана өміріміз сәнді болмақ. Сондықтан әр адам  қарапайым қағидаларлы есте сақтағаны жөн. 

1. Үйдегі кез келген жабдықты тоқтан ажыратуды ұмытпаңыз! Мысалы, егер сіз бөлмеде болмасаңыз бөлмедегі жарықты сөндіріңіз, сондай-ақ егер тоқпен істейтін құралды сол сəтте пайдаланбасаңыз, құралдарды розеткада қосылған күйінде қалдырмаңыз.
2. Синтетикалық құралдардан бас тартыңыз! Біздің барлығымыз əр түрлі химикаттарды пайдаланамыз, жаңа тазалау құралдарын пайдалана отырып, ыдыс-аяқты жууға дағдыланғанбыз. Дəл осындай құралдар бірінші кезекте қоршаған ортаға, сондай-ақ адамның өзіне де зиян келтіреді.
3. Энергияны үнемдеңіз. Тіпті қазірден бастап үйге күн жылытқыштарын сатып алуға жəне орнатуға, сондай-ақ энергия үнемдегіш шамдарды пайдалануға болады.
4. Қоқысты сұрыптауды бастаңыз! «Жасыл» экономикаға ауысудың маңызды бағыттарының бірі қалдықтарды кəдеге жарату, сондай-ақ оларды қайталама өнім ретінде пайдалану болып табылады.
5. Электрондық тасымалдағыштарды пайдаланыңыз! Қағазды пайдалану ағаштардың көп кесілуіне әкеледі.
6. Экологиялық таза өнімдерді сатып алыңыз! Бұл біздің əрқайсымыздың денсаулық жағдайымызды айтарлықтай жақсартады, сондай-ақ экологиялық таза ауыл шаруашылығын құруға көмектеседі.
7. Жаяу көбірек жүріңіз. Көліктен шығатын пайдаланылған газдар табиғатты ластаудың маңызды көздерінің бірі болып табылады. Пайдаланылған газдың шығуының сəл де болса азаюына біздің əрқайсымыз жасай аламыз.
8. Браконьерлікке жол жоқ! Адамдардың заңсыз əрекеттерінен өсімдіктер мен адамдардың сирек түрлері қазіргі кезде мүлде жоғалып кетті. Табиғаттың бірегейлігін сақтау &ndash əрқайсымыздың міндетіміз.
9. Табиғатты қорғайық! Өзіңнен кейін қоқысты қалдырмау, ағаштардың бұтақтарын сындырмау немесе гүлдердің байламдарын үзбеу сияқты ережелерді қарапайым сақтау табиғат жағдайында маңызды көрініс табады.
10. Дүкенге барғанда пакет алмаңыз. Пластикалық пакет кемінде 20 жыл шіриді. Пакет суға түсіп кетсе, онымен аңдар мен құстар қоректеніп, деп жетпей өліп қалады.
11. Пластика бөтелкедегі суды алмаңыз. Егер пластикалық пакет 20 жылда шірісе, бөтелке 450 жыл бойы шірімейді.
12. Суды үнемдеуді үйреніңіз, тіс жуғанда, жуынғанда крандағы суды өшіріңіз!

Айнұр Нұрсабет

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста