Жастай жесір қалған келіншек 12 жылдан бері ата-енесімен тұрып келеді

Қызылорда қаласының Жанат есімді тұрғынын көпшілік "Күйеусіз келін" деп атап кеткен. Жас келіншек осыдан 12 жыл бұрын жұбайынан айырылып қалған екен. Ол араға қанша жыл өтсе де, ата-енесінен бөлек кетіп қалмаған. Ұлымен бірге қара шаңыраққа ие болып, келіндік міндетін абыроймен атқарып жүр. Жұрттың жүрегін ауыртатын оқиғасын кейіпкеріміз KAZ.NUR.KZ сайтының редакциясына айтып берген еді.

"Мен тұрмысқа 19 жасымда шыққан едім. Күйеуім өте сабырлы әрі ақжарқын азамат болатын. Соның арқасында оқуымды еш алаңсыз бітіріп, мамандығыммен жұмысқа да орналастым. Маған үнемі қолдау білдіріп, қорған болып жүретін. Дүниеге ұлымыз келді. Біл ол кезде өте бақытты едік. Бірақ көпшіліктің көзі тиді ме, әйтеуір бір сәтте қара жамылып қалдық", - дейді қызылордалық келіншек.

Жанаттың күйеуі Айдос вахталық әдіспен қызмет істеген. Аяқ асты жұмысында оқыс оқиға орын алып, азамат үлкен биіктіктен құлап кеткен екен. Сәтсіз жағдай салдарынан жас жігіт оқиға орнында көз жұмған. Бұл жайт отбасы мүшелерін есеңгіретіп, қабырғасын қайыстырып кеткен.

"Айдос қайтыс болғанда, мен де соңынан кетіп қала жаздадым. Тек үш жасар ұлым үшін есімді жинадым. Бірнеше ай жұмысқа шыға алмай, ауырып жүрдім. Бұл қайғылы жағдай әлі күнге дейін жүрегімді ауыртады. Мен күйеуімді қатты жақсы көрген едім. Ата-енем де қатты қиналды. Айдостың анасын тіпті ауруханаға жатуға мәжбүр болды. Қазірдің өзінде денсаулығы сыр беріп жүр", - дейді Жанат.

Айдостың жылын бергеннен кейін ата-енесі жас келінге тұсау салмайтындарын айтқан екен. Үлкен кісілер жаңа отбасын құруға да қарсы емес екендерін айтып, батасын беріпті. Алайда Жанат ата –енесін тастағысы келмей, өзінің туған үйіне көшуден бас тартқан.

"Айдос екі ағайынды болатын. Өзінен кейін жалғыз қарындасы бар. Күйеуім көз жұмғанына екі жыл болғанда, қайың сіңлімді ұзаттық. Салтанат өте берекелі, жақсы отбасына келін болды. Аллаға шүкір, бүгінде екі баланың анасы. Егер мен де анамның үйіне кетіп қалғанымда, үлкен кісілер жалғыз қалатын еді. Мен ата-енемді қимадым. Ол кісілерге деген ризашылығым зор. Мені туған қыздарындай көрді, жақсы тәрбие берді. Оның үстіне ұлым да әжесінің қасында ұйықтап үйреніп қалған. Шынымды айтсам, Айдостың да әруағын аттап кеткендей болатын едім", - дейді біздің кейіпкеріміз.

Қазір Жанат жеке кәсіппен айналысады. Тапқан табысы отбасын қаржыландыруға толықтай жетеді. Өткен жылы отбасы пәтерін сатып, кең үйге көшкен. Бұл жағдайға әсіресе, ата-енесі қуанып отыр. Дегенмен, өзінің туған әке-шеші әлі де жас келіншектің басқа ер азаматты кездестіріп, отбасын құрғанын қалайды екен.

"Қазір күйеусіз келін деген атқа үйреніп кеттім. Күнделікті бұрыНғыдай өз міндетімді атқарып жүре беремін. Аллаға шүкір, үйіміз қонақтан арылмайды. Келген меймандарға иіліп сәлем беремін. Жұмыстан үйге асығып қайтамын. Енеме ризамын. Баламның сабағын оқытып, кешкі асты дайындап қояды. Кейде үйге әке-шешем қонаққа келіп тұрады.
Менің отбасын құруым туралы әңгіме сөз болғанда, Айдостың ата-анасы жәутеңдеп қалады. Ол кісілер де менің бақытты болғанымды қалайды. Алайда, маған Айдостан басқа ешкім керек емес. Сүйікті жарыма адал болып қалғым келеді. Тағдырым осы болған шығар. Мен ешкімді кінәламаймын, ешкімге өкпем де жоқ. Сөз салып, қырыңдаған кісілерді жаныма жолатқым келмейді. Оның үстіне ұлыма өгейлік танытатын азаматтың қажеті жоқ", - дейді қызылордалық келіншек. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста