Жасөспірімдер қылмысы азаймай тұр

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Соңғы уақытта республиканың барлық аймақтарында жасөспірімдер қылмысы қатты белең алып келеді. Мәселен, Алматыда кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыс 13,4 пайызға өссе, батыс өңірде 25 пайызға бір-ақ шыққан. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында да жасөспірімдер арасындағы қылмыс алаңдатарлық жағдайда. Сонымен қатар жасөспірімдердің топтасып қылмыс жасау әрекеті де 25 пайызға артқанын айтқанымыз жөн шығар.

Бір дәптер үшін сыныптасын атып тастаған, бір ауыз сөзді көтере алмай, досын пышақтаған ауыр қылмыс жастар арасында жиі орын алатындығын БАҚ құралдары үнемі жазып келеді. Өткен 2008 жылдың ішінде жасөспірімдердің қатысуымен үш мыңнан астам қылмыстық оқиға тіркелген. Еліміздегі орын алған әрбір бесінші қылмыс сол балалардың үлесіне тиеді екен. Сондай-ақ жасөспірімдер арасында есірткіге әуестенушілер соңғы төрт-бес жыл деңгейінде үш есеге артқандығы да – ойландыратын мәселе.
Осы ретте таяуда Қостанайда жасөспірімдер арасында құлақ естімеген ірі қылмыс жасалды. 15 жасар жоғарғы сынып оқушысы 18 жастағы достарымен бірге сыныптасының пәтеріне ұрлыққа түсіп, 1 млн теңге, 1 мың АҚШ доллары, 1 мың евроны, ноутбук пен ұялы телефонды жымқырып кеткен. Онымен қоймай, өз сыныптасын пышақтап өлтірген. Енді осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, балалар жергілікті құқық қорғау органдарына жауап беру үстінде.
Сонымен қатар Астанада да үш ер адамды бауыздап, бір әйелді зорлаған жасөспірімдер қолға түсті. Астана қалалық ІІД Қылмыстық полиция басқармасының бастығы Марат Төлебаевтың айтуынша, бұл оқиға елорда маңындағы Автоматика ауылында орын алған.
– Сол түні спирттік ішімдікке тойып алған үш жасөспірім күштері бойларына сыймай, «қызықты оқиға» іздеп көшеге шыққан. Ауылда ішімдікке салынған азаматтардың арнайы бас қосатын үйі (притон) барын білетін олар тіке солай қарай бет алады. Үйге кіре салысымен үшеуі ондағы адамдарға әй-шәй жоқ, бас салады. Сөйтіп, үйдегі үш адамды әбден тепкілеп, пышақтайды, тіпті онымен қоймай, балтамен бөлшектеп тастайды. Ал жалғыз әйелді зорлап, өлімші етіп сабап кеткен, – дейді басқарма бастығы.
Оның мәліметінше, оқиға болған үй маскүнемдердің бас қосатын жері ретінде ішкі істер органының есебінде тұрған. Зардап шеккен азаматтардың біреуі бұрын бірнеше рет істі болған адам да, екіншісі – сол үйдің иесі. Оларды шауып тастағандардың біреуі – 16 жастағы, ал екеуі 18 жастағы жасөспірімдер болып шықты. Қазіргі таңда олар уақытша оқшаулау абақтысында жатыр. Енді олар ҚР Заңдары бойынша үш адамды ұйымдасқан түрде қасақана мерт қылғандары үшін 25 жылға немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жалпы, жасөспірімдер арасындағы адам айтқысыз ауыр қылмыстар неге көбейіп кетті? Шындығына келсек, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуі тек шырқы бұзылған отбасылардың көбеюімен ғана емес, балалардың соңғы кездері шекара дегенді білмейтін, жан-жақтан ағылып келіп жатқан, бала жүрегіне қатыгездік дәнін себу жағынан бірінен-бірі асып түсетін компьютерлік ойындарға, одан қалса, атыс-шабысқа толы, адамды қинау мен азаптап өлтірудің эпизодтарын қамтитын сорақы жанрдағы фильмдерге деген ықыласымен байланыстыруға болады. Осы тұста Батыстың бірқатар ұйымдары психологиялық-әлеуметтік зерттеу жүргізіп, онда кез келген елде орын алатын зорлық-зомбылықтың басты себебі теледидардан келетіндігін анықтаған. Әр адам күніне орта есеппен бес-алты сағат теледидар алдында отырады. Осылайша, «қара жәшіктен» басын алмайтын кез келген азамат бала жастан 18 жасқа дейін 14 мыңға жуық адам өлтіру эпизодтарымен теледидар алдында танысады екен. Ендеше, жасөспірімдер қылмысының алдын алуды осындай қатыгез фильмдерді көрсетуден бас тарту арқылы шешу керек шығар. Себебі көптеген елдер зорлық-зомбылықтың теледидар арқылы индексін жасап, басым жағдайда қиянатшылыққа тосқауыл қойып отыр. Бізде неге осылай істемеске?..

Әбдуәли МӘМЕДІЛ, психолог:
– Бүгінгі жастардың арасында терең жан күйзеліс дертіне шалдыққандардың барына талас жоқ. Мұны немен түсіндіруге болады? Себебі неде? Өтпелі жасөспірім кезеңі – қиын кезеңнің бірі. Ағзада болатын өзгерістерге байланысты өтпелі кезеңде жасөспірімдер өміріне жаңа сезімдер мен мазасыздықтар нөсердей жауады. Күнде олардан құрдастары мен мұғалімі, одан қалса, үйде ата-анасы, алғашқы махаббаты бір нәрсені талап етеді. Теледидар, фильмдер музыка мен интернет оларға өз стереотиптерін байлайды. Нақтылап айтсақ, жасөспрімдердің бұл кезеңін стресс пен мазасыздық ілескен өтпелі кезең десек те болады. Сонымен қоса, көбінесе жас адамдардың  тәжірибесі жоқ және өмірдің алғашқы соққыларына қарсы тұра алмайды. Жақсы адамның қолдауынсыз олар жаман жолға түсулері мүмкін.

Айып Иманғазиев, Алматы облысы ІІД-нің қызметкері:
– 2009 жылдың соңғы алты айында Алматы облысында кәмелетке толмағандар арасында 142 қылмыстық оқиға орын алған. Оның ішінде белгісіз көлікті айдап әкету – 4, ұрлық – 38, ұйымдасқан қылмыс – 43, бұзақылық – 8, бұрын сотталып, қайта құқық бұзғандар – 3 тағы басқалар. Облыстық ішкі істер департаментінің жүргізген рейдерлік жұмысы кезінде Талдықорған қаласы сауналарының бірінде 9-сынып оқитын Ақбота Тұрғанбекова есімді қыздың жезөкшелікпен айналысқандығы анықталды. Оның анасы Қализа Тұрғанбекова – ІІ топтағы мүгедек. Алайда бүгінде ол аналық құқынан айырылды. Міне, осындай қылмыс жастар арасында көп. Сондықтан қазіргі теледидар мен интернеттегі кейбір аяусыз қылмыстарды жасөспірімдерге көрсететін фильмдерді шектегендігіміз дұрыс шығар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста