Жасөспірімдер бұл жалғанмен қоштасуға неге асығады?

Жасөспірімдер бұл жалғанмен қоштасуға неге асығады?

Әлемдегі бала атаулы­ның тағдырына бас ауыртатын ЮНИСЕФ-тің зерттеу­леріне үңілсеңіз, зәреңіз зәр түбіне жетеді. Сол ұйым бұдан біраз бұрын жанымызды майсыз табаға салып қуырғандай етіп, тағы бір ақиқатты бетімізге басты. Ол не дейсіз ғой. Орта Азия аймағында жасөспірімдердің суициді бойынша Қазақстанның көш бастап келе жатқан­дығы. Жыл сайын 15-19 жас аралығындағы қыз балалар арасында өткізетін зерттеулер нәтижесі осыны көрсетіпті. Болашағымызға балта шабылып жатқаны жиі айтылғанымен, оған қарсы әрекеттің аздығы тағы аңғарылып қалды. Шындығында, мамандар айтса айтқандай. Жұды­рықтай ұл мен қыздың өз өмірлерін қыршын қиюы аза бойыңызды қаза қыл­ғаны­мен, оның түп төркініне үңіліп жатқан жан сирек.
Мамандар елімізде бұл мәселені түбе­гейлі зерттеп, зердесінен өткізіп отырған жүйе жоқтығынан дейді. Олардың айтуын­ша, балалардың өзіне-өзі қол жұмсауы – ұлттық қауіпсіздік деңгейіне көтеріліп, дабыл қағатын мәселе. Өйткені жасөспірім­дер суициді бойынша тіркелген сан нақты емес. Ол одан 40 пайызға артық екеніне де сенімді екен. Бұл – Орта Азия елдерімен са­лыс­тырғандағы жағдайымыз. Ал дүние­жүзі елдерінің арасында да «қалыс» қалып отыр­ғанымыз шамалы. Деректерге жүгі­нейік...
Шведтердің өзін-өзі өлтіру ісін зерттеу орталығы 15 пен 19 жас аралығында өз-өз­деріне қол жұмсап өлуден дүниежүзі бо­йынша бірінші орында Ресей тұрғанды­ғын хабарлапты. Ресейде жыл сайын шамамен 2500 кәмелетке толмаған бала өз-өзіне қол жұмсайды екен. Бұл жөнінен АҚШ екінші орында – жылына 1800 бала. Ал жан басына шаққандағы көрсеткіш бойынша бірінші орынды Шри-Ланка (100 мың жасөспірімге – 46,55), екінші орынды Қазақстан иеленген (100 мың жас­өспірімге – 24,02). Дүниежүзілік ден­саулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, 2020 жылға қарай жыл сайынғы әлемдегі өзін-өзі өлтіру көрсеткіші қазіргі 1 миллионнан 1,5 миллионға артатын көрінеді.
Жасөспірімдерді жалмап жатқан бұл жайтты саралаудың бірыңғай жүйесінің қалыптаспағандығынан ел ішіндегі әртүрлі құзырлы орынның дерегі әр алуан. Біреу кем, біреу артық айтады. Не де болса бұл – жақсылықтың нышаны емес. Қарағанды облысының балалар құқын қорғау депар­таментінің мәліметтері жыл сайын бота тірсек бозбала мен он екіде бір гүлі ашылмаған бойжеткендердің өзін-өзі жазым етуі кемімей тұрғанын жасырмайды. Айталық, облыс аймағында кейінгі төрт жыл ішінде 70-ке жуық бала өз өміріне бал­та шауыпты. 2009 жылы суицид жа­сау­ға ұм­тылған 51 баланың 18-ін құтқа­ра алмасақ, 2010 жылы 53-тің 28-і қыр­шын кеткен. 2011 жылы – 19, оның 12-сінен айырылып қа­лыппыз. Ал был­тыр­ғы жылғы 14 жағ­дайда 12 мен 18 жас ара­лығындағы жас­өспірімдер болса, оның 10 өрімдей қыз-жігіттері өмірмен қош айтысқан.
Әлемде жылына 1 миллионға жуық тағ­дыр тәрк етілсе, 20 миллионға жуық жұ­мыр басты пенде өзіне-өзі қол салады екен.
Республика бойынша сараптама жа­саған қоғамдық ұйымдар суицидтің басым көпшілігі Шығыс Қазақстан мен Сол­түстік Қазақстан аймағында деген болжам жасапты. Оңтүстік аймақтар бұдан мүлде ада болмағанымен, басқалармен салыс­тырмалы түрде қарағанда әлдеқайда аз.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы балалардың суицид жасауына түрткі болатын 800 себепті анықтапты. Оның ішінде жеке өмірдегі кикілжіңдер, үмітсіздік, жауапсыз махаббат, айналасындағылар­мен түсініспеушілік, жұмыстағы келеңсіз­дік­тер, түртпекке тап болу, қорлық-зом­бы­лық, кемсітушілікке ұшырау, кедейлік, қаражат тапшылығы, жазылмайтын ауру не мүге­дектік, секталарда кездесетін фанатизм, психикалық аурулар, рухани аз­ғын­дық, өзін ешкімге керексіз сезіну, өмір­ден түңі­лу, жақын адамынан айырылу, оқшаулану, жалғыздық, жазадан қор­қу, жақындары­мен сыйыса алмау, торығу, өмірге деген қызығушылықтың жоғалуы, үнемі жолы болмаушылық секілді өмірдің қалтарыс-бұлтарысында жиі кездесетін жағдаяттар. Солай дегенмен де өзіне-өзі қол жұмсау­дың 40 пайызының себебі жұмбақ күйінде қалатынын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да айтып отыр. Алайда психологтер өзіне-өзі қол жұмсайтын адамдардың ақыл-есі кем емес, керісінше, ақылы арнасынан асып жығылатындығына шүбә келтірмейді. Ал Кеңес Одағы кезінде оларды психикасында ақауы бар ретінде қарас­тырып, тағ­дырын психотерапевтерге тап­сыр­ғаны белгілі. Ол болса – қарапайым ғана пси­хологтың шаруасы. Дәл осы арада мектептегі психологті іздейсіз. Әйткенмен, бала түгіл, өзіміз өмірімізде психологке ба­рып көрмеген басымыз бұл мамандық­тың қадір-қасиетін де ұғына алмай-ақ қой­дық. Психолог мамандығын алып шық­қандар аз емес. Бірақ соларға жұрт­тың жұмыла жүгінгенін көрсек, көзіміз шықсын. «Бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде» дейтін «ұстанымымыз» баяғы. Оның үстіне, «келе қойшы, не болып жүр саған?» деп құшағын ашқан психологті де көрмеппіз...
Сондықтан ғалым-психологтер бала­лар­дың мінез-құлқына, тәрбиесіне аса ден қоюға үндейді. Әсіресе ақпарат алмасу жедел дамыған, мәліметтер лек-легімен ағылған қазіргі кезеңде балалар­дың бос уақытын ұтымды ұйымдастырудан ұтылып келеміз. «Үйірме, аулалық клубтар, спорт­тық секциялар толассыз жұмыс істесе, бала­ның басына қайдағы-жайдағы жа­ғым­сыз ойлардың енуіне де уақыт болмас еді» дегенге келіспеске амал жоқ. Шынтуайтында, төрт құбыласын түгел танып бол­маған баланың тәрбиесін үйдегі теледидар мен көшеге тапсырып қойдық. Ақыры – асылып өлу, я улану, көпқабатты үйден құлап өлу...
Бибігүл НҰРМАҒАМБЕТОВА, психолог:
– Психолог ғалымдар өзіне-өзі қол жұмсаған жасөспірімдердің 10 пайызы ғана шынайы өлгісі келетіндер, қалған 90 пайызының әрекеті өзіне көмекке шақырған жан дауысы деп біледі. Яғни отбасы, маңайы балаға дер кезінде көңіл аударса, қайғылы оқиғадан аман құтылуға болады. Өзіне-өзі қол жұмсау – түсінбеушіліктен, жалғызсыраудан белең алатын жағдай. Психологке бар­ғанның ешбір сөкеттігі жоқ. Шетелде әр­бір отбасының өзінің жанұялық психологі болатынын теледидардан көріп жүрміз емес пе? Өмірдің күрделі кезең­дерінде күйзеліске тап болған адамға білікті психологтің көмегі ауадай қа­жет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста