Жасанды интеллект адам өміріне қауіпті ме?

Адам құқығы сақталатынына толық кепілдік берілмейінше, жасанды интеллекті саудалауға тосқауыл қою керек, деп хабарлайды Хабар 24.

БҰҰ адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Мишель Бачелет жариялаған баяндамасында осылай делінген. Өйткені жасанды интеллекттің көмегімен адамның жеке тұлғасына қатысты жиналған мәліметтер теріс мақсатта қолданылуы мүмкін. Қыркүйек айында Женевада өткен жиында комиссардың өкілі бұл жөнінде тарқатып айтып берген еді.

Пегги Хикс, БҰҰ адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының тақырыптық мәселелері жөніндегі директоры: – Жасанды интеллект адам құқықтарына үлкен қатер төндіреді. Өйткені ол адам құқықтарының сақталуын бақылау қиынға соғатын жүйелерде кеңінен қолданылады. Бұл жердегі әңгіме болашақ сын-қатерлер жөнінде емес, бүгінгі қарқынды даму заманында туындап жатқан киберқауіп турасында болып отыр. Өкініштісі сол, жасанды интеллекті қолданудан төнген қауіптің өлшеміне қатысты нақты баға берудің өзі қазіргі жағдайда мүмкін емес. Сондықтан адам құқығының сақталуына келсек, бұл жерде ешқандай кепілдіктің жоғы алаңдатады.

Осылайша БҰҰ дабыл қағып, жасанды интеллектің көмегімен түрлі технологиялық өнім шығаратын компаниялардың қызметіне назар аудару керегін жеткізді. Жалпы жасанды зейіннің қолданылу аясын қадағалау және реттеу этика тұрғысынан да аса маңызды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста