Жас маман жайын кім ойлар?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Осыдан бірнеше жыл бұрын Екібастұздың медициналық мекемелеріне 100-ден астам дәрігер жетіспейтін. Жас мамандарға көлемді көтермеақы беру, баспана ұсыну сияқты шаралардың арқасында ақ халатты мамандарға тапшылық едәуір азайды. Әйтсе де бүгінгі таңда Екібастұз қаласының денсаулық сақтау меке­мелері әлі де 30-ға тарта дәрігерге зәру болып отыр.
Адам баласы болған соң, дәрігерлердің де арасында басқа жаққа қоныс ауда­ра­тын­дар болмай тұрмайды. Енді біреулер зейнет жасына жетіп, құрметті демалысқа кетеді. Демек, мамандар қажеттілігі күн тәрті­бінен түспек емес. Ал бұл тап­шы­лық­тың орнын толтыру, әрине, қаламызға медициналық оқу орындарын тамамдаған түлектерді шақыру арқылы жүзеге асады.
Бүгінгі күнге дейін медицина меке­ме­лерінің басшыларына Семейдегі немесе Қарағандыдағы медициналық академия студенттерімен кездесіп, оларды Екі­бас­тұз­ға жұмысқа шақыру жеңілге тиетін. Өйт­ке­ні бұрнағы жылдары қала бюджетінен жас дәрігерлерге бөлініп келген 500 мың теңге, қанша айтқанмен, аз ақша емес еді. «Бір жылдың ішінде пәтермен қамтамасыз етеміз» деген уәде де жас маманды қызық­тырмай қоймайтын.
Осылайша, былтыр 50-ге тарта түлек көмірлі қаладағы емдеу мекемелерінің табалдырығын аттаса, соның 12-сі №3 емханаға жұмысқа орналасқан. Дәрі­гер­лерге зәруліктің жойылуы қала жұрт­шы­лы­ғы үшін жағымды жайт болғанымен, жас мамандардың өздері баспанаға зәрулік зардабын тартуда. №3 емханаға былтыр келген 12 дәрігердің 9-ы 500 мың теңге көтер­меақыға қол жеткізсе, үшеуі екі курс бойы қала әкімінің грантымен білім алған­дық­тан, көтермеақы алмаған. Осы маман­дардың төрт-бесеуінің отбасы бар көрі­не­ді. Рас, дәрігерлердің бәрі бірдей пәтер ала алмай отыр десек, әбестік болар еді. Осы емханаға келген жас маманның үшеуінің қызметтік баспанаға қол жеткізген жайы бар. Мәселен, екі баласы бар Моисеенко атты дәрігерге Пішенбаев көшесінен пәтер берілсе, Сәбит Кәрімов Горняктар көше­сі­нен үй алған. Емхананың кадрлер бөлімінің бастығы Зәмзәгүл Асқарқызының айтуын­ша, былтырғыны былай қойып, бұрынғы дәрігерлердің ішінде де үйсіз-күйсіз жүр­гендері қаншама!
Ақмарал Байырбекова, №3 емха­на­ның жалпы тәжірибе дәрігері:
– Мұнда жұмысқа 2009 жылы келген едім. Қазір ата-анаммен тұрып жатыр­мын. Алайда басшылардың «бір жыл­дың ішінде пәтер аласың» деген сөзі орын­далмағандықтан, бұл қалада қалудың қисынын көрмей отырмын. Емхана басшылығымен жасалған келі­сім­шартта аталған үш жыл мерзімімді өтедім, енді Қарағандыға кетпек ойым бар.

Айта кетерлігі, осыдан бірнеше жыл бұрын қала басшылары Привокзальный, 10 мекенжайындағы түрлі мекемелер орна­ласқан бес қабатты ғимараттың 5-қа­ба­тын жөндеп, дәрігерлер баспанасына айналдырған болатын. Жөндеу жұмысы ойдағыдай жүргізіліп, басшылар бар жағ­дайды жасауға тырысқанымен, асүйі, демалыс бөлмесі, басқа да пайдаланатын нысандары ортақ баспананы пәтер деуге келмес. Онсыз да 7-9 жыл жатақхана өмі­рі­нен қажыған дәрігер мұндай баспананы қайдан місе тұтсын?! Осында тұрып жатқан ревматолог Лаура Дәулетиярова:
– Бізге бұл жатақханада тұрғанымыз үшін төленетін ақы 3 мың теңге көлемінде болады деп айтылған еді. Алайда қазір ай сайын 10 мың теңгеге жуық коммуналдық төлем төлеп жүрміз. Мұнда 16 отбасы тұрады, басым бөлігі – №3 емхана маман­дары.
Сая Силыбаева, рентгенолог:
– Күні бойы жұмыста боламыз, су мен жарықты көп пайдаланбаймыз да. Кей­де дәліздегі жарық түнімен жанып тұ­ра­ды. Ортақ дүниеге кімнің жаны ашы­сын? Осындай немқұрайдылықтың ке­сі­рінен коммуналдық ақыны арты­ғы­мен төлеуге мәжбүрміз. Себебі ком­му­налдық ақы жатақхана тұрғын­да­рының бәріне бірдей бөлініп есеп­­телінеді. Қашан үйге қолымыз же­тетінін білгіміз келіп пәтер бюросының табал­дырығын тоздырып болдық. Бірақ көңілге жұ­ба­ныш боларлықтай мар­дымды жауап та ести алмай келе­міз.

Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бө­лі­мінің бастығы Татьяна Тарасованың айтуын­ша, биылдан бастап Екібастұзға келетін жас мамандарға көтермеақы мүл­дем берілмейтін болыпты. Көтермеақы тек «Дипломмен – ауылға!» жобасына ғана бөлінетін көрінеді. Осылайша, Екібастұз қаласында дәрігерлерді баспанамен қамту мәселесі жайына қалған түрі бар. Адам жанының арашашысы – ақ халатты жандар жалдамалы пәтерлер мен жатақханаларды жағалап жүргенде, өзіміз ауыз толтырып айтатын «Саламатты Қазақстан» бағдар­ла­масы қанат жаяды деу қиындау.
Марат Біләлов, №3 емхананың бас дәрігері:
– Бұрын жас мамандарға «500 мың теңге мен пәтер береміз» деп ұялмай айтатын едік. Енді академия түлектеріне айтар сөзіміз де жоқ. Биыл ешкім де келмейтін шығар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста