Жас келіндер дәстүрден неге жерініп жатыр?...

Қазекем еліктегіш. Біреудің қаңсығын таңсық көріп, аузын ашып көзін жұматындар да өзіміздің қаракөздер. Елдің есін алып, таңдай қақтырар небір кереметтері болса да көзге ілмеуге бар. Ауылдағының аузы жұпар аңқымайтындығының кері. Қынжыларлығы ғасырлар қойнауынан көмбеге көміліп қалмай, қанға сіңген керемет қасиеттерінен айырылып тынды.
Дұрысы социализмнің жолына құрбан етіп жіберді. Басынан бақайшағына дейін қып-қызыл коммунист көкелеріміз өзін тым «қазақбайский» етіп көрсеткісі келмей, көп өнегені өз ұрпағына өсиет етіп, үйретпей-ақ кетті. Мұны өздерінше ескіліктің қалдығы деп мұрын шүйіре қарады. Сөйтіп кәмөнөс көкелердің арқасында ұлттық құндылықтың көзін жойдық. Соның салдары ғой, ұят, әдеп, инабаттылық дегендерден жұрдай болмасақ та соған жете қабылмыз. Көне замандардан бері қалыптасқан, тасқа басылмаса да қанға сіңген әдеп ережелерін, ұлттық моральдық кодексімізді қолдан құрттық. Мұны мақтаныш көретіндер де баршылық. Бірақ не еуропаланып кетпей, не азиялыққа келмей әрі-сәрі күйде тұрған жәйіміз бар. Қазақылықты айтпағанның өзінде. Ұлттық салт-дәстүрлеріміздің көбі сыннан өткен, сындарлы үрдіс болатын. Табиғатпен тілдесе білген, үндесе білген ата-бабаларымыз тамаша үрдістерді ой сарабынан өткізіп, өзінен кейінгілерге өсиет етіп қалдыра білген. Бойға біткен қасиет тегіне тартып тұратын болса керек. Текті ұрпақ барда тереңге тамыр жайған қасиет жойылмақ емес. Болашаққа баспалдақ болар... Бүгінгі келіндердің құлағына алтын сырға...
Шарана бойға бітісімен-ақ ата-баба жолымен түрлі салт-дәстүрлерге мойынсұнған ақ жаулықты аналарымыздың айтар өсиеті мол. Бүгін біз соның бір парасын әңгіме өзегіне айналдырмақпыз. Келінді үйдің күтер үміті бар емес пе? Оның көжеге тойған күнін байқаған соң-ақ қызу дайындық басталады. Көпті көрген көнекөздердің жолымен ең алдымен «Құрсақ шашу» тойы жасалады. Бұл ертеңгі күні дүниеге келер нәрестенің алғашқы тойы болса, екінші жағынан аяғы ауыр ананың да қамын ойлап, соған жағдай жасаудың амалы. Бойына бала бітісімен-ақ кейбір ананың асқа тәбеті шаппай, жерік болады. Тіпті, кейбіреулері ішкен суына дейін құса беретін болса, оны итжерік деcеді. Тәбеті шабатын тамағын тауып беру де ененің мойнында. Өйткені ертеңгі күні жерігі қанбаса баланың толыққанды болып жетілуі екіталай. Анасы жерігі қанбай дүниеге әкелген баланың аузынан сілекейі аға беретін болады. Жеріктікке байланысты көне аңыз еске түсіп отыр.
Ерте замандарда төрт түлігі сай, байлығы асып төгілген бір патшаның баласы ұрлық істеп қолға түсіпті. Ханзадаға лайықсыз тірлікке барған ұрыны уәзірлер ұстап алып әкесінің алдына әкеледі. Патша баласы үшін жерге кірердей болып ұялып, ойға шомады. «Ештеңеден таршылық көрмей отырса да, мұнысы қай қылығы?» деп әйеліне айтады. Сонда патшаның әйелі: «Хан ием, осы балаға жерік кезімде ештеңеге зауқым соқпай, көршінің бағындағы алмаға аңсарым ауды да тұрды. Өзіміздің алманы қанша жесем, құмарым қанбайтын. Сұрап жеуге ұялдым. Содан амалымның жоқтығынан көршімнің алмасын ұрлап жеп, жерігімді қандырып едім» дейді.
Жерік кезде жеген аста да көп мән бар екені, баланың болашақта кім болатындығын соған қарап болжауға болатындығы ғылыми түрде дәлелденіп те отыр. Мысалы анасы көкөніске жерік болса, бала ширақ, елгезек, өмірге құштар болады екен. Кесек, көмірге жерік болса бала болбыр, өмірге икемсіз, болмақ. Ал, тек біреудің үйінің тамағын жегісі келіп тұрса, бала келешекте үйде тұрмайтын, үнемі түздің тірлігін тындыратын болып өседі екен...
«Құрсақ шашу» тойына жиылған көргенді абысындар құр қол келмей, өз үйлерінен бір-бір дәм дайындап әкеліп, келіннің жерік асын тауып беруге көмектескен. Бұл не жерін білмей әрдеңеге аңсары ауған болашақ анаға көп көмек болған. Көнекөздердің айтуынша жерік ананың қалауын тауып тойдырған адам сауапқа қалады деген де ырым бар. Бойына бала біткен ананың көңіл күйінің көтеріңкі болуы да назардан тыс қалмаған. Ол үшін «келін көңілі» деп аталатын жастардың бас қосуын ұйымдастырып, әзіл әңгімелер айтқызып, ән күй тыңдататын болған. Келіннің іші біліне бастағаннан-ақ кіндік шеше таңдалған. Баланың кіндігін кім кессе, соған тартады деген жоралғы бар. Ол үшін көпке сыйлы, өнегелі аналарға таңдау түскен. Бала шыр етіп дүние есігін ашқанда оның таза тәнін ұстап, кіндігін бірінші ұстаған адамның бойындағы биоөріс, оның қасиеттері, энергиясы балаға беріледі. Сол себепті де, кейде баланың әке шешесінен гөрі кіндік шешеге тартып кететіні бар. Баланың анасынан кейін ардақтайтын адамы кіндік шеше болған. Шаранаға осыншама мән берген апа әжелер баланың дүниеге келер күнінде де ата-баба жолына иек артқан. Толғақ басталғанда ене дереу жылы жұмсағын салып, «жарыс қазанын» асады. Бұл жарыс қазанмен жарыса толғағы пісіп, тез босансын деген тілектен туған. Толғағы тым ауыр болмасын деп әшекей заттарды бір-біріне қосақтамай, бос шашып тастаған. Алдын ала таңдау түскен кіндік шеше нәрестенің кіндігін кескен. Дәстүр бойынша ер баланың кіндігін ырымдап үйкүшік болмасын деп үйден алыс, адам аяғы баспайтындай жерге көмген. Ал, қыз болса үйдің берекесі болсын деп от басы ошақ қасына көмген. Сондай-ақ төрге шығатын төре болсын деп баланың кіндігін кептіріп, төрге ілсе, оқымысты болсын деп кітап арасына салған, атқұлағында ойнайтын шабандоз болсын деп аттың жалына байлайтын ырымдар да бар. Іште жатқанда ана мен баланы байланыстырып тұратын кіндікке үлкен мән берген...
Баланы бесікке бөлеу өзінше атап өтер бір рәсім есепті. Жын шайтан жоламасын деп бесікті аластайды. Ең бірінші күні атасының шапанын жауып, өрілген қамшы іліп қояды. Көз тимесін деп үкі, көзмоншақ тағады. Бесікке бөленген баланың беломыртқасы, қол аяғы түзу болып жетіледі. Асты да құрғақ болып, жылы жатады. Баланы қырқынан шығаруға да үлкен мән берген. Шілдеханадан кейін қырық күнге дейін аластап, баланы аяқасты етпейді. Қырық күн толғанша баланы бұ дүниенікі деп санамаған. Өйткені оған дейін баланың көзі бұлыңғыр болып, тіктеп қарай алмайды. Қалай қырқынан шығарады солай көзі жылтырап, көз тоқтатып қарайтын болады. Қырқынан шығарарда қырық қасық су құяды. Су құйып тұрып тілек айтады. Әр адамның айтқан тілегі су құйған сайын сіңеді. Ұл баланы 30 күн асқан соң шығара берсе, қыз баласын толық қырық күнін толтырып барып шығарады. Енді қалжа жөнінде бір екі ауыз сөз. Жас босанған ана шамамен жиырма сағаттай мерзімде өмірден бөлек жағдайға түседі. Әл қуаты кеміп, жүйкесі қатты шаршайды. Мұның бәрі де тамақпен орнына келуі керек. Ең алдымен ақ уызы мол тағамдар сіңімді болады. Негізі ет пен сорпаның алар орны бөлек. Оны қазақтар ешбір ғылымның дәлелдеуінсіз-ақ сан ғасырлық тәжірибеге сүйеніп білген. Қатты қалжыраған адам ет жеп, сорпа ішсе қуат алады, жәйлап қалпына келеді. Жас босанған ананың әл қуаты артып, белі бекіп кетуі үшін оған арнап арнайы мал сойылып қалжа беріледі. Әу баста қалжа жемеген ана көпке дейін әлсіреп, күш қуатын жинай алмай әлекке түседі. Қалжаға жарымаған әйелдің сүті шықпай қалы да мүмкін. Ондай жағдайда бала уыз сүтке жарымайды. Уыз сүтке тоймаған бала нәзік, аурушаң болып жетіледі. Бала бар витаминді анасының сүті арқылы қабылдайды. Сол себепті де баланы емшек сүтімен екі үш жасқа жеткенше қоректендіру қажет. Шілдеханаға арнап сойылған малдың мойын омыртқасын былбыратып пісіріп босанған әйелге береді. Оны сүйекке тісін тигізбей, яғни етін қолмен алып жеуі тиіс. Омыртқаны боршаламай тұтас пісіреді. Мүжілген соң оны сол күйі тұтастай төрге іліп қояды. Бұл нәрестенің басын ұстап, мойнының тез қатаюы үшін жасалынатын үрдіс. Жас анаға не нәрсе болса да үйір келеді деген пайыммен оған аса көңіл бөлініп, дұрыс күтім жасайды. «Шілде қағып кетпесін» деп суықтап қалудан сақтандырған. Бүкіл организмі босап, сүйегіне дейін «еріп» тұрған анаға салқын тимесін деп тісіне күтім жасап аузы басына орамал байлайды. Бала таза болып өссін деп анасының дәретпен жүріп тұруын қадағалаған. Дәреті жоқ анаға бала емізбеуді ескерткен.
Мұндай ұлттық салт-дәстүрлеріміз озық болып болашаққа жете ме, әлде заманның тозығы болып шаң қауып қала ма ол өзімізге байланысты. Ұлттық дәстүрлерімізді ұлықтасақ ұтылмасымыз хақ. Оны өмірдің өзі дәлелдеп отыр...
Қалыкүл Есімова, зейнеткер:
- Жасырары жоқ бүгінде жастарымыз үлкендердің уәжіне құлақ аса бермейтін болды ғой. Бұрыннан келе жатқан ұлттық дәстүрлерді масұқтайтындары да жоқ емес. Бірде бір тойда асаба «адамның ең алғашқы тойы қалай аталады» деп ортаға сауал тастады. Біреу «Бесік той» деп, енді бірі «Сүндет той» деп жауап беріп жатты. Бәрі де дұрыс емес болып шықты. Сонда ортаға шыққан көнекөз қария «Құрсақ шашу» дегенде естімеген елдің көбісі таң қалып жатты. Сөйтсек оны көбісі біле бермейді екен ғой. Астанаға бесік саларға барғанбыз. Сонда құдалар жағы «қалжаға келдік, қалжаға» дейді. Біз оларға қалжа деген ана босанғанда сойылатын малды осылай атайтынын айтып түсіндіре алмадық қой. Сөйтсек олар бесік саларды өздерінше осылай атайды екен. Дәстүрді білмесе кейінгі жастарды адастырмаса екен дейсің. Ертең қариялар арғы жаққа аттанып кетсе ұлттық салт-дәстүрлерімізді үйрететін де адам қалмайтын түрі бар. Көңілге медеу болатыны дәстүрлеріміз туралы жазылған кітаптар бар әйтеуір.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста