Жас ғалым Хантәңірі шыңында қаза тапты

Жас ғалым Хантәңірі шыңында қаза тапты

Физик ғалым әрі талантты альпинист Әділет Имамбеков өмірден озды. Спортшының мәйіті Хантәңірі шыңынан табылды.


Марқұмның туыстары мен достарының хабар­лауынша, қайғылы оқиға өткен сәр­сенбі күні таңертең белгілі болған. Хантә­ңірі шыңының 5300 метр биіктігінде Имам­бековтің мәйіті шатыр ішінде табыл­ды. Әзірше оның неден қайтыс болғаны белгісіз. «Әділеттің өліміне ауа райының қолайсыздығы себеп болды ма, басқа жағдайлар ма – бізге еш нәрсе белгісіз. Біз­дің білетініміз – ол бұл шыңға бір емес, бір­неше рет көтерілген еді. Басқа да биік­тіктерді талай бағындырған тәжірибелі аль­пинист болатын», – дейді оның досы Саят Сатыбалдиев. Әділет Имамбеков 1981 жылы дүниеге келген. Мәскеу фи­зи­ка-техникалық институтын үздік дип­лом­мен тамамдаған ол АҚШ-тағы Гарвард уни­верситетінің аспирантурасында білім алды. Осы университетте философиядан РhD докторы ғылыми дәрежесіне жетті. Ол – Гарвардта мұндай атақты қорғаған тұңғыш қазақ. Физика мен математика бойынша бірнеше ғылыми жұмыстың авторы, Йель және Райс универ­си­тет­терінің профессоры. Оның шыңға өрмелеу спортындағы жетістіктері де бір төбе. Айрықша дарын иесінің сүйегі кеше Алматыға жеткізілді. Ата-анасы мен туыстары, дос-жарандары оны бүгін ақтық сапарға аттандырмақ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста